Әлем тілдерінің жіктелімі. Әлем тілдерінің әзірге беогілі үш туыс тобы бар.Олар - үнді еуропа ,тай-қытай және орал-алтай тілдері. Оларды топтастырудың жіктелім белгілері ретінде кейде сөз просидикасын, кейде морфологиялық құрылым желісін алып отырады. Сөз продикасын алатын болса, онда екпін , буын жіне сингармонизмге сүйенеді, морфологиялық құрылымына қарайтын болса, онда қопармалы (флектив), жадағай (изолятив) және жалғамалы (аглютинатив) сипатына сүйенеді. Бүгінде тілдерді туыстық жағынан топтастыру үшін осы жіктелім белгілер жеткілікті болып отыр. Алайда тіл туыстығы тәрізді күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыстың жіктелімі бірлі-жарым белгілердің көрінісімен ғана анықталмау керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |