1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;
2) физиологиялық әдіс (соматикалық әдіс) дыбыстар қандай дене мүшелердің қатысы арқылы жасалып тұрғанын, оның артикуляциялық ерекшеліктерін айқындайды.
Акустикалық әдіс 1)кимографтық әдіс; 2)осциллографтық әдіс; 3)спектрографиялық әдітерге іштей жіктеледі.
Соматикалық әдіс 1)палатографтық әдіс; 2)рентгенографиялық әдіс; 3)кинофотоға түсіру әдісі болып үшке бөлінеді.
Экспериментті фонетика қазіргі қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда. Адамның қарапайым мүмкіндіктері сезіне алмайтын нәзік элементтер эксперименттік фонетиканың нәтижелері арқылы мүмкін болып, фонетиканың ғылым ретінде одан әрі дамуына зор ықпалын тигізіп отыр.
Фонетика саласында жоғарыда аталған әдістерден басқа әбден қалыптасқан қарапайым әдістер де қолданылады. Қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары және т.б. ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы жете қалыптасқан. Мысалы: біздің артикуляциялық базамыз қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді деген заңдылықты сақтауға бейімделген. Осындай көптеген тұжырымдар жасау байқау мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.
Адамның дыбыстық тілі - өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде (лат. аspestus – көзқарас, түр, сипат) қарастыру керек. Олар: анатомия–физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық (функциональдық) аспект.
Достарыңызбен бөлісу: |