Акустикалық (физикалық) аспект. Табиғаттағы сан алуан дыбыстар заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады.
Дыбыстың ырғағы бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді. Бір секунт ішінде 16-20 000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана құлаққа естіледі.
Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқына (амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |