Тілдерді топтастырудың жолы. Олай болса, тілдерді топтастырудың кешенді белгілерін қарастыру керек сықылды. Өйткені бір не екі белгінің тілдер туыстығын көрсету үшін жеткіліксіз болатын кездері жоқ емес. Оның үстіне тілдер туыстығы көптеген себептердің жиынтығынан барып қалыптасады. Ендеше тілдердің туыстық топтарын анықтағанда сондай себептердің, мүмкін болғанша, мол түрін қамтыған жөн. Жіктелім белгілер ретінде туыс халықтардың орналасқан жері алдымен есепке алынады. Өйткені туыс халықтар, әдетте, жер жағдайына байланысты қашанда бірыңғай орналасады. Халықтардың өзара туыстығы ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Оның ішінде халықтар арасындағы тіл бірлігінің белгілері ерекше орын алады. Туыстықтың ежелгі белгісі (бастау көзі), көне белгісі (жалғас желісі) және жаңа белгісі (қазіргі қалпы) болады. Үнді-еуропалық туыстас тұтас халық іштей тағы тарамдала бастайды. Мысалы, сол көп халықтың ішінен өзара тіл ұқсастығы мол славян халықтары жіктеліп шығады. Олардың тілінде көне славяндық дыбыс пен лексика-грамматикалық ұқсастықтар сақталған. Туыстығы жақын славян тілдерінің ішінен, мысалы, өзгелерінен дара орыс тілі мен украин тілі бөлініп шығады. Орыс тілінің немесе украин тілінің жаңа дыбыс және лексика-грамматикалық үлгісі (нормасы) сол ұлт өкілдерінің бәріне бірдей тән, сондықтан да бәріне бірдей түсінікті. Қытай тілі морфологиясының жіктелім ерекшелігі оның морфологиялық бірліктерінің даралығында, яғни басы бірікпейтігінде (изолирующий), басқаша айтқанда морфологиялық өзгерістер морфологиялық бірліктердің өзара тәуелсіздігінен туындайды. Мұндай тілдік құбылыс қытай тіліне тән болғандықтан , оны қытай тілінің морфологиялық жіктелім белгісі деп қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |