Растрлық суреттерді трассировкалау
Әдетте векторлық бейнемен салыстырғанда растрлық бейнелердің көлемдері үлкен болады. Бұл фильмнің көлеміне айтарлықтай әсер етеді. Растрлық бейне мен векторлық бейненің қолдану аялары бір-бірінен тым алшақ.
Flash растрлық бейнелерді векторлыққа түрлендіруге мүмкіндік береді, бұл процесс растрлық бейнені трассировкалау деп аталады.
Барлық растрлық бейнелер трассировкалауға жатпайды. Детальдандырылған фотографиялық бейнені трассировкалаудан пайда болған векторлық файлдың көлемі бастапқы растрлық файл көлемінен де үлкен болуы мүмкін. Векторлық формат бірнеше инструкциямен оңай сипаттауға болатын біртекті түстерден тұратын қарапайым графиканы бейнелеуде тиімді екенін ұмытпау керек. Визуализациялаудың күрделі инструкциясы растрлық бейнені трассировкалаудың негізгі мақсаты – файлдың көлемін кішірейтуді жоққа айналдырды. Сондықтан трассировкалау үшін түстік облыстары үлкен қарапайым суреттерді алу керек, ал түстік облыстары көп және көп түсті суреттерді растрлық күйінде қалдырған жөн. Растрлық бейнені трассировкалау үшін жұмыс облысынан оның экземплярын ерекшелеп, Modify→Trace Bitmap командасын орындау керек, сол кезде Trace Bitmap сұқбаттық терезесі ашылады, онда трассировкалау параметрлері берілген:
Color Threshold (Түс баспалдағы) – трассировкаланған суретте түстік детальдың қаншалықты жақсы сақталатынын анықтайды. Мәні кіші болған сайын ( ) көбірек оттеноктар сақталады да, трассировка соғұрлым күрделі болады.
Minimum Area (минималь облыс) – жекеленген пиксельдердің түсін беруде ескерілетін, қоршаған пиксельдердің санын анықтайды ( ).
Curve Fit (Қисықтың сәйкестігі) – трассировка кезінде қисықтар доғаларының сақталу деңгейін анықтайды. Оның мәні Pixels (ең кішісі) ең дәл және шын трассировкаға, ал Very Smooth (мейлінше тегістелген) неғұрлым аз детальді трассировкаға сай келеді.
Corner Threshold (бұрыш қадамы) – бұрыштарды трассировкалау дәлдігін анықтайды. Мәндері Many Corners (Бұрыштары көп), Normal (Қарапайым), Few Corners (Бұрыштары аз) бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |