Маскаларды жасау
Маскалар трафареттің аналогы болып табылады. Олар артқы планда орналасқан суреттің бір бөлігін бейнелеуге мүмкіндік береді. Маскіленуге жататын қабаттың үстінде орналасқан қабатта қарапайым контурды салып, оны қажетті жерге орналастырып, контексті менюден Mask командасын таңдау керек.
№3 Дәріс
FLASH-ТЕ РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Растрлық суреттерді импорттау
Векторлық программа болғанына қарамастан Flash жұмыс істеуде тек онда салынған суреттермен шектелмейді. Программаға басқа да форматтарды, сонымен қатар растрлық суреттерді импорттауға болады. Flash-ке көптеген форматтағы растрлық суреттерді импорттауға болады, ол тек жүйеде QuickTime программасының 4 не одан жоғары версиясының орнатылуына ғана байланысты. QuickTime плеері екі платформадағы (Macintosh, Windows) компьютерде файлдарды коллективтік қолдануға өте тиімді.
№
|
Формат
|
Кеңейтілуі
|
Платформа
|
1
|
Растрлық сурет
|
.bmp
|
Windows
|
2
|
Windows-тің кеңейтілген метафайлы
|
.emf
|
Windows
|
3
|
Future Splash
|
.spl
|
Екі платформада
|
4
|
GIF, анимацияланған GIF
|
.gif
|
Екі платформада
|
5
|
JPEG
|
.jpg
|
Екі платформада
|
6
|
PNG
|
.png
|
Екі платформада
|
7
|
Flash Player 6
|
.swf
|
Екі платформада
|
8
|
PICT
|
.pct, .pic
|
Macintosh
|
9
|
Windows метафайлы
|
.wmf
|
Windows
|
1-кесте. Flash MX-ке QuickTime-ның болуын талап етпей-ақ импортталатын растрлық бейне форматтары
№
|
Формат
|
Кеңейтілуі
|
Платформа
|
1
|
Photoshop
|
.psd
|
Екі платформада
|
2
|
PICT
|
.pct, .pic
|
Екі платформада
|
3
|
QuickTime Image
|
.ptif
|
Екі платформада
|
4
|
Silicon Graphics Image
|
.sgi
|
Екі платформада
|
5
|
TGA
|
.tga
|
Екі платформада
|
6
|
TIFF
|
.tif
|
Екі платформада
|
2-кесте. QuickTime бар болғанда ғана Flash MX-ке импортталатын растрлық бейне форматтары
Импортталған элементтер библиотекада сақталатын болғандықтан бірден библиотекаға импорттаған (Import to Library) дұрыс. Бір мезетте бірнеше элементтерді импорттап, кейін олардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеуге болады. Элементтерді тікелей жұмыс облысына импорттауға болады, бұл жағдайда импортталатын файл библиотекаға орналасады да, импортталған экземпляр жұмыс облысына орналасады.
Элементті жұмыс облысына импорттау үшін File→Import, ал библиотекаға импорттау үшін File→Import to Library орындау керек. Бұл екі команданың кез келгенінің бірін орындау Import сұқбаттық терезесін шығарады, онда импортталатын файлды таңдау керек. Type of File тізімі арқылы импортталатын файлдың типін анықтауға болады.
Растрлық суреттерді импорттауға дайындау
Flash-ке растрлық суреттерді импорттау оңай болғанымен, оларды векторлық графика секілді өңдеу мүмкін емес. Сондықтан импорттағанға дейін Flash жасай алмайтын барлық әрекеттер мен өңдеулер жасап растрлық сурет дайындалуы керек. Ең бастысы растрлық сурет Flash-те пайдаланылатын өлшемдерге дейін жеткізілген болуы керек.
Flash-ке растрлық бейнені импорттау мүмкіндігі болғанымен, пайдаланушыға векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған функциялар толық берілмейді, ал кейбір функцияның орындалуы файл көлемінің өсуіне әкеп соқтырады. Мысалы: растрлық бейненің өлшемін өзгерту, яғни жұмыс облысындағы растрлық бейненің өлшемін 50%-ға кеміту, ешқандай әсер етпейді. Алайда растрлық бейненің көлемі суреттің өлшеміне тікелей байланысты, яғни сурет үлкен болған сайын, бейнелену керек пиксельдердің саны да өседі де, файл көлемі өседі. Бірақ та Flash-ке импортталған файл үшін бұл ереже сақталмайды, себебі Flash-пен жұмыс істеу барысында векторлық графика үшін сақталатын ережелер, шектеулер күшіне енеді. Flash растрлық файлдың өлшемін кішірейту арқылы файл көлемін өзгерте алмайды, сонымен қатар растрлық бейнелердің өлшемін өзгерту, әсіресе, үлкейту файлдың сапасын кемітеді. Растрлық сурет пиксельдің шектік мәнін құрайды, сондықтан суретті үлкейту кезінде түстің жеткіліксіздігі туындайды. Бұл көршілес нүктелердің аралық оттеногын қолдануға әкеп соқтырады.
Сондықтан фильмге импорттамас бұрын растрлық бейнелерді Flash-те өзгертілмейтіндей етіп дайындап алу керек.
Импортталатын растрлық суреттің файлдың көлеміне әсерін азайту үшін каналдарды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |