Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация


Объектілерге бағытталған тілдермен жұмыс



бет84/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Объектілерге бағытталған тілдермен жұмыс

ActionScript – объектіге бағытталған программалау тілі. Соңғы 40 жылда 0БПТ кодтарды жазуда пайдаланатын негізгі тіл деңгейіне жеткен. Объектіге бағытталған дегеніміз объектілерге негізделген дегенді білдіреді. Объект – программаларда күнделікті өмірде орындауға болатын әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін (күрделі құбылыстарды біріктіру) берілгендер құрылымы.

ActionScript-те объектілерді күрделі құрылымдарды жүйелеу, программа сипатын ұйымдастырып, олардың өзара оңай арақатынас жасауын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Объект ретінде өзіндік функциясы мен сипаттамалары бар, белгілі бір атаумен хабарлауға (обратится) болатын зат. Берілгендер қасиеті мен байланысқан функцияларды объект атауларына жинау арқылы, программаның жұмыс істеу процедураларын және оларды түсінуді жеңілдетуге болады.

Объектінің негізгі үш біріктіретін блоктары: элементар берілгендер, функциялар, берілгендер құрылымы.

Берілгендердің қарапайым формасы (эелементар берілгендер) символдар мен сандар қатарларымен сипатталады. Мысалы, 6 саны да, “Hello world” қатары да элементар берілгендер болып табылады. Сонымен қатар true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің бірін ғана қабылдай алатын бульдік берілгендер де осы типке жатады.

Функция деп процедурадан тұратын кодтың атаулы бөлігі айтылады. Элементар берілгендер мен функцияларды берілгендер құрылымына топтауға болады. Берілгендер құрылымының бір түрі 0-ден бастап нөмірленген тізімді сипаттайтын массив болып табылады.

Объектілер берілгендер мен функцияларды құрылымға топтау әдісі болып табылады. Массивте берілгендерге сандар арқылы қол жеткізілсе, объектілерде элементтерге (қасиеттер деп аталады) атауы бойынша қол жеткізіледі.

Видеоклиптердің кейбір қасиеттері:


  • CurrentFrame (Ағымдағы кадр). Уақыт шкаласындағы ағымдағы кадр нөмірін көрсететін сан.

  • Rotation (Айналдыру). Бастапқы орналастыру жағдайына қатысты видеоклипті бұру керек бұрыш градусы.

  • Visible (Көрінетін). Видеоклиптің бейнеленуін басқаратын бульдік мән.

  • Name (Атау). Видеоклип экземплярының атауы болатын қатар.

Массив-элементтер [ ] ішінде жазылса, объект қасиеттеріне қол жеткізу үшін «нүктелік синтаксис» пайдаланылады, яғни объект аты мен оның қасиеті атының арасына нүкте қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет