Қайта пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Кодты модульмен жіктеу.
Программалау белгілі бір есептің шешімдерін табу процедурасы болғандықтан, басқа да ұқсас есептерді шешуде осыған дейін шешілген есеп кодын пайдалану тиімділігі өте жоғары.
Кодты қайта пайдалану мүмкіндігі функциялар және объектілермен анықталады. Олар кодты функционалды модуляцияны біріктіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар функциалдық мүмкіндіктерді объектілер немесе функцияға біріктіру кодтың оңай оқылуын қамтамасыз етеді. Мысалы: төменде берілген код адам фигурасының сол аяғына байланыстырылған, бастапқы кадр оқиғасы өңдеушінің ішінде болсын:
Degrees ++;
If (degrees <30) {
_rotation ++;
}
Бастапқы кадр оқиғасы орын алғанда ActionScript кодта көрсетілген әрекетті орындау керек. Бірақ кодта не көрсетілгені белгісіз. Бұл мысалды Lift () функциясына 30 аргументін беріп, оны белсендіретін төменгі қатармен салыстырайық.
Lift(30);
Бұл жерде берілген функция сол аяқты көтеру және 30 мәні оның қаншалықты көтеру керек екендігіне байланысты. Бұл жерде интуитивті түсінікті атау арқылы кодтың оңай оқылуы қамтамасыз етілген.
Енді, сол аяқ guy (адам) атаулы және LeftLeg қасиетті объектінің бір бөлігі деп қарастырайық. LeftLeg Lift (); әдісті объект болып табылады.
Guy.leftleg.lift(30);
Бұл «Адам сол аяғын көтереді» сөйлемі секілді.
Guy атаулы объектінің бөлігі болатын аяқты қалай жасауға болады?
Бұл жерде видеоклиптің де объект болып табылатынын пайдаланамыз, guy – видеоклип, leftleg – оның фрагменті. Lift функциясы leftleg фрагментінің әдісі болады.
Lift () әдісі де, Guy.leftleg.lift() қатары да программаның басқа бөлігінде белгілі бір операция (ең бастапқы код операциясы) орындайтын Lift функциясы берілген деп қабылдайды. Функция анықталуына қарап, оның видеоклипті айналдыру процедурасы екенін көруге болады.
Function lift(degrees) {
If (_rotation>degrees) {
_rotation - - ;
}
}
Функцияның анықталуына комментарийлер қосу арқылы бірінші талапты толық қанағаттандыратын код алуға болады.
// аяқты көтеру, түсіру, қозғалысты тоқтату үшін пайдаланылады
Function lift(degrees) {
If (_rotation
_rotation + + ; // аяқты түсіру
}
If (_rotation>degrees) {
_rotation - - ; // аяқты көтеру
}
}
Төмендегі мысалда degrees айнымалысының мәнін өзгертетін үш функция анықталған:
Function raise() {degrees=20;}
Function cower() {degrees=68;}
Function halt() {degrees=_rotation;} // lift() ештеңе орындамайды.
Бұл функцияларды жүктеу жұмыс облысындағы үш батырманы инициализациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |