Білім беру бағдарламасы : Кредит саны (ects): 3 Семестр: 5-6 Пререквизиттер: Физика, математика, химия


Дәріс 13. Кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету



бет15/17
Дата31.01.2024
өлшемі108.52 Kb.
#490394
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ОТ Лек жинагы 2023

Дәріс 13. Кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау негіз қалаушы басқарушылық қағидат ретінде қарастырылады. Біздің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі жұмысының аса маңызды бағыты өндірісте жұмыскер денсаулығы мен өмірін сақтау басымдығын қамтамасыз ету болып табылады.


Адамдар өз өмірінің үштен бірін өндірісте өткізетін жағдайларда еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жұмыс беруші, мемлекет пен жұмыскерлер үшін сөзсіз басымдық болуы тиіс. Алайда өндірістік жарақаттанушылықтың жалпы деңгейінің төмендеу аясында республикадағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қанағаттанарлық деп есептеуге болмайды. Кәсіптік тәуекелдер деңгейі жоғары болып қалып отыр, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыс орындарының саны артуда. Тау-кен-металлургиялық секторда, құрылыс саласында, коммуналдық қызмет кәсіпорындарында жарақаттанушылықтың жоғары дәрежесі сақталып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі (21.07.2018 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, және Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы № 155 және «Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» № 187 Конвенцияларының нормалары есепке алына отырып, өндірістегі жарақаттанушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алу мен сақтандыру жөніндегі Жоспар (бұдан әрі – Жоспар) қосымша әзірленді. Жоспар еңбекті қорғау жүйесі мен өндірістік жарақаттанушылық көрсеткіштерін ХЕҰ стандарттарына сәйкестікке келтіруді көздейді. Және де өндірісте жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулар, жойылатын себептерден өлімге ұшыраушылық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жұмыс істейтін халықтың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығы, еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге арналған. Жоспар отандық және шетелдік тәжірибені есепке алумен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерді өз уақытында және біліктілікпен шешуге бағытталған нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік және әдістемелік іс-шаралар тізбесін қамтиды. Бұл жерде Астана қаласының тәжірибесін ескерте кету керек, мұнда әкімдік, кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалы 2017-2019 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеп, бекітті. Бағдарламаның басты мақсаты – халықаралық стандарттар негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін (бұдан әрі – ЕҚБЖ) жасау және ендіру жолымен Астана қаласы ұйымдарында еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Бағдарламаның басты міндеті – ЕҚБЖ мен тараптардың әрқайсысының ықпал ету дәрежесіне қарай кәсіптік тәуекелдерді басқаруда мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында ынтымақтастық жауапкершілікті қайта бөлісуде әлеуметтік әріптестік рөлін күшейту.
Жұмыс орындарында қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарды сақтау және бұзушылықтарды жою бойынша жедел іс-шаралар қабылдау үшін жұмыс беруші ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті, ол: ЕҚБЖ-н құру мен енгізуді; еңбек жағдайларын бақылауды; өндірістік бақылау мәліметтеріне жедел талдау жүргізуді; тәуекелдерді бағалауды; айқындалған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде іс-шаралар қабылдауды қамтиды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бақылаудың үш түрі бар: 1) Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 2) Ішкі бақылау – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар арқылы. 3) Қоғамдық бақылау – кәсіподақ ұйымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет