Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс


Зерттеу жұмысы 3 (Е деңгейінің үлігісі)



бет6/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.54 Mb.
#186854
1   2   3   4   5   6   7

2.5 Зерттеу жұмысы 3 (Е деңгейінің үлігісі)



Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік



1. Кіріспе
«Жаһандық перспективалар» пәні бойынша сабақтар барысында біз көптеген түрлі тақырыптарды зерделедік. Олар қалаларда тұратын адамдар, миграция және ғаламтор туралы тақырыптарды қамтыды.

«Жаһандық перспективалардағы» тақырыптардың мен үшін ең қызықтыларының бірі табиғат әлемі мен биоалуантүрлілік мәселелері туралы тақырып болатын. Тіпті Қазақстанда да қоршаған ортаның өнеркәсіптен ластануы және жануарлар үшін тіршілік ету ортасының жоғалуымен байланысты көптеген проблемалар бар. Кей адамдар бұл мәселелердің тоқтатылуы үшін бірдеңе жасалу керектігін ойлайды. Мен осыған сенетін адаммын. Мен өз ғаламшарымның қазір ғана емес, болашақ ұрпақтар үшін де тіршілік ету үшін қауіпсіз орын болуын қалаймын. Барлығымыз да қоршаған орта мен өзіміз табылатын жер үшін жауаптымыз және қамын ойлауымыз керек.

Сондықтан менің биоалуан түрлілік пен оның проблемаларын зерттегім келді; сонымен бұл жобы биоалуан түрлілік және биологиялық түрлердің әртүрлі өкілдерін ендігі жоғалтпайтыныдығымызға сенімді болу үшін не істелуі мүмкін екендігі туралы.

Осы мәселелердің бейнесі түріндегі жуық арадағы теледидар бағдарламалары мен фильмдер мұның біз үшін бүгінгі таңда шынайы проблемалар екендігін көрсетті. Үкіметіміз де оны шешуге мүдделі.

Бұл биоалуан түрліліктің төмендеуінің дүниежүзі үшін проблема және зерттеу үшін тақырып болып табылатындығын көрсетеді.

2. Мәнмәтін
Күн сайын БАҚ-та қоршаған орта мен жаһандық жылыну секілді мәселелер жөнінде көптеген әңгімелер айтылады. Олар климаттың өзгергендігін және адамдардың оның себебі болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Мұның адамдар мен табиғат әлеміне көп әсері бар. Біз бұл мәселені шешпесек, адамдарға қауіп төнуі мүмкін.

Табиғат әлеміне тиетін басты әсерлердің бірі – бұл жануарлар, жәндіктер мен өсісдіктердің көптеген түрлеріне зиян тиеді және олар қырылады. Олар сирек түрлерге айналады. Мысалы: Қазақстанда Нұра өзенінің бойын мекендейтін қызыл қоқиқаз секілді құс түрі бұрынғыдай жиі кездесе бермейді. Бұл туралы жуық арада бір газетте айтылған болатын. Тілші жануарлар мен өсімдіктердің жойылу қаупінің бар екендігін және әлемнің басқа да жерлерінде проблемаға айналғандығын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы биоалуан түрлілікпен байланысты декада өткізді және дүниежүзі бойынша 22-мамырға жоспарланған, биологиялық алуан түрлілікке арналған арнайы халықаралық күн де бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзі бойынша жоғалып бара жатқан көптеген түрлердің Қызыл кітабы бар. Бұл мұның шынайы проблема екендігін көрсетеді.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және қарқынды ауыл шаруашылығының әсерлері биоалуан түрліліктің төмендеуінің басты себептері болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері – ластану және климаттың өзгеруі. Қарқынды ауыл шаруашылығының әсерлері – ормандарды шабу және тіршілік ету ортасын жоғалту. Олар бәріне белгілі және кейбір адамдар оларды шешу үшін бірдеңе жасауға тырысуда.


3. Мақсаттар
Бұл жұмыс биоалуан түрліліктің төмендеуін зерттейді, себебі, ол үлкен мәселе болып табылады. Мен өз балаларымның болашағы үшін осы мәселені шешкім келеді. Не жасау керектігін білу үшін мен адамдардан қоршаған ортада аз проблема болуы үшін не істейтіндігі және өмір салтын қалай өзгертетіндігі туралы сұрағым келді.

Басты зерттеу сұрақтары:


• Биоалуан түрліліктің төмендеуінің басты себептері мен салдарлары қандай?

• Биоалуан түрліліктің төмендеуі және оның проблема екендігі туралы адамдар қаншалықты біледі?

• Адамдар биоалуан түрліліктің төмендеуінің себептері туралы біле ме?

• Бұл мәселені тоқтату үшін олар не істеуге дайын?


Мен Қазақстанда тұрғандықтан, ел мәселелері, мәселенің маған және менің келешегіме қалай әсер ететіндігі туралы білгім келді. Сонымен қатар көмектесу үшін адамдардың не істеуге дайын екендіктері туралы. Мүмкін, мен адамдар тыңдайтын және өзгере бастайтындай бірдеңе істей алармын. Мүмкін, адамдардың орындауға дайын болатын қандай шаралар қолданатындығын сұрау үшін бұл идеяларды үкіметке жіберуге болар.


  1. Әдіс

Мен биоалуан туралы қоғамдық пікірді, менің қаламдағы адамдардың өзгеріп, өзгермейтіндігін, осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданатынын білгім келгендіктен, зерттеуді жүзеге асыру мақсатында бірнеше әдіс қолданам деп шештім.


Біріншіден, мен тақырып туралы анықтамалық ақпарат алу үшін ғаламторда бірқатар бастапқы зерттеу жүргіздім. Бұл менде адамдарды қандай әдістермен сұрастыруға идеялар тудырды. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының және еліміздің, оның ішінде Қазақстанда биоалуан түрлілікті қорғау қауымдастығының веб-сайттарын қарадым.
Екіншіден, адамдардың биоалуан түрліліктің төмендеуі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қаншалықты білетіндігін түсіну үшін сауалнама қолдандым. Сауалнамаға 23 адам қатысты. Сауалнама қаламдағы басты сауда орталығындағы адамдар арасында жүргізілді. Сауалнама жазбаша жүргізілді.
Мен адамдардың қоршаған ортаға көмектесу және проблеманы тоқтату үшін қандай шара қолданатындарын білу мақсатында бірнеше құрылымсыз сұхбат жүргіздім. Сұхбаттасушы адамдар негізінен менің мектебімнен болды, бұл үлгі алудың ең жеңіл тәсілі еді. Сұхбат биоалуан түрліліктің төмендеуі тақырыбы айналасында, жағдайды жақсартуға арналған әрекеттерді талқылауды назарға ала отырып, әңгіме түрінде жүргізілді. Мен сұхбаттарды жазып алдым да, нәтижелерді анықтау үшін оларды бірнеше рет тыңдадым.
Барлық нәтижелер алынған соң мен олардың жауаптарын талдадым да, зерттеу мәселелері бойынша жауаптар негізінде қорытынды жасадым.

5. Нәтижелер
Ғаламтор көмегімен зерттеулер өте қызықты болды және мен осы тақырып бойынша көптеген мағлұмат алдым. Біріккен Ұлттар Ұйымының вебсайтынан мен биоалуан түрлілік төмендеуінің негізгі себептерінің:

  • Жаһандық жылыну

  • Ормандарды шабу

  • Тұрғындар

  • Қарқынды жер өңдеу

  • Пестицидтер

  • Инваизвті түрлер екендігін білдім.

Мұны Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да бастамашыл топтар тарапынан дәлелденген болатын. Олардың барлығы да биоалуан түрліліктің төмендеуінің бірдей себептерін сипаттайды. Көптеген түрле елдердің ауыл шаруашылығы және ормандарды шабумен қарқынды айналысуы негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін.

Қазақстандағы негізгі себеп тұрғындар мен қарқынды жер өңдеудің артуы секілді. Біздің суқоймалардың балықтар мен құстар үшін салдарлары бәріне де белгілі.

Бірақ менің қаламда тұратын адамдар бұл туралы қаншалықты хабардар? Бұл сауалнама осы сұраққа жауап беру үшін жақсы көмектесті.

Бірінші кесте зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсетеді.
1-кесте – сауалнама нәтижелерінің қорытындысы


Сұрақ

Жауап

1.Әлемде жоғалу қаупі бар жануарлардың үш түрін тізімнен көрсетіңіз.

Ия

Жоқ

69%

31%


2. Әлемде жоғалу қаупі бар өсімдіктердің үш түрін тізімнен көрсетіңіз.

Ия

Жоқ

34%

66%


3. Қазақстанда жоғалу қаупі бар жануарлар не өсімдіктердің бес түрін жазыңыз.

Ия

Жоқ

51%


49%


5. Биоалуан түрліліктің азаюын проблема деп санайсыз ба?

Ия

Жоқ

38%

62%


6. Қоршаған ортаны қорғау үшін жеткілікті әрекет жасап жатырмыз деп ойлайсыз ба?

Ия

Жоқ

58%


42%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет