Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс



бет7/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.54 Mb.
#186854
1   2   3   4   5   6   7

Бұл кесте адамдардың көпшілігінің әлемде жоғалу қаупі бар жануарлар туралы білетіндігін, алайда өсімдіктерге қатысты осындай жағдаймен және өз елдеріндегі – Қазақстандағы мәселелермен аз таныс екендігін көрсетеді. Мысалы: сауалнама адамдардың 69%-ының жануарлардың үш түрін атай алғанын көрсетті, алайда олардың 34%-ы ғана өсімдіктердің үш түрін атай алды. Адамдардың аз бөлігінің (38%) ғана биоалуан түрліліктің азаюының проблема екендігімен келісуі таңқалдырды, ал сұралғандардың көп бөлігі (58%) қоршаған ортаны қорғау үшін жеткіліксіз әрекет жасаймыз деп ойлайды. Сонымен біз біхдің халықтың толықтай емес, шамалы ғана хабардар екендігі туралы сөз қозғай аламыз.

Нәтижесінде дайындалмаған сұхбат сауалнама нәтижелерінен күткеніме қарағанда адамдардың шара қолдану қажеттігі туралы анағұрлым хабардар екендігін айқындады. Қаламыздағы көп адамдар қоршаған ортаны қорғау және жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудың өте маңызды екендігін айтты. «Жануарларды сақтау және браконьерлерден қорғау үшін арнайы аудандар мен қорықтар құруымыз керек» деген сияқты пікірлер жиі кездесті. Алайда адамдар жауапкершілікті өздеріне қарағанда үкіметке, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарға және браконьерлерге артады. Олардың өз әрекеттері туралы сұрақ қойылған кезде адамдар ештеңе дерлік істей алмайтындықтарын, кит секілді жануарлардан өндірілген етті не жоғалып бара жатқан жануарлардың терілерінен жасалған бұйымдарды сатып алуды тоқтатуға тиіс екендіктерін айтты. Алайда климаттың өзгеруі және ластану мәселелерімен шынайы нәтиже болуы үшін үкімет айналысуы қажет. Мынадай пікірлер де болды: «жеке адамадр бірдеңе істей алады және істеуі тиіс – қалдықтарды қайта өңдеу және қарапайым өмір сүру, бірақ көбі айналадағы жағдайды ойламайды не мәселенің барлық аспектілерін білмейді». Көп адамдар адамдардың осы мәселелермен айналысуы үшін үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты. Бірнеше адам ғана елімізде құруға болатын, басқа елдердегідей қалдықтарды өңдеу тәсімдері мен қорықтарды сипаттады.


Зерттеу көрсеткендей, жергілікті адамдар шара қолдануды өздері үшін маңызды деп санамайды. Бұл мені таңқалдырды.

6. Қорытынды
Ғаламтор зерттеуінен мен биоалуан түрліліктің азаюының шынымен де проблема екендігі және жағдайды жақсарту мақсатында ештеңе жасалмаған жағдайда адамзат пен дүниежүзі үшін неге соқтыратыны туралы қорытынды жасадым. Біріккен Ұлттар Ұйымы ормандардың шабылу және генетикалық алуан түрліліктің қысқаруы себебінен болашақта адамзат үшін азық-түлікпен қиындықтар болып, кейбір медициналық препараттардың бізге қол жетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлады. Бұл мәселенің басқа да себептері бар, менің ойымша, мәселені шешу үшін әр адам ретінде де, тұтастай ел ретінде де көп жұмыс атқарылуы керек.
Дегенмен де, адамдар арасында осы мәселе туралы хабардарлықтың жетіспеушілігі байқалады және нәтижесінде олар өз деңгейлерінде ешнәрсе істеп, шешкісі келмейді. Әдетте адамдар мәселені елемейді не мұның басқа біреудің жауапкершілігі екендігіне сенеді. Жүргізілген сұхбаттардың нәтижелерінде де осының дәлелі көп.
Осы зерттеу нәтижесінде мен ең алдымен биоалуан түрліліктің азаюы мәселесі туралы адамдардың хабардарлығындағы олқылықтарды жою керек деген қорытынды жасай аламын. Мұны мектептерде оқушыларды оқыту және масштабты кампаниялар өткізу арқылы орындауға болады. «Жаһандық перспективалар» секілді пәннің енгізілуі осы олқылықты жоюы мүмкін. Сонымен қатар мектептерде қоршаған ортаны қорғау клубын ашуға да болады, бұл осы мәселе туралы балалардың көбірек білуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мен бұлардың атқарылса да, жүргізілген сауалнама нәтижелеріне қарай жеткіліксіз болатынына сенімдімін. Зерттеу кезінде адамдар үкіметтің кез-келген әрекетті қолдауы не табиғатты сақтау үшін адамдарды «дұрыс әрекет жасауға» мәжбүрлеуі тиіс екендігін айтты. Мысалы: заңдар өзгертіліп, қалдықтарды қайта өңдеу жөнінде қажетті шаралар қолданылуы тиіс. Менің ойымша, үкімет халықты бақылау жөнгінде регламент ұсынып, үлкен биоалуан түрлілігі бар аудандарды қорғауы қажет.
7. Бағалау

Зерттеу жақсы өтті және мен сұрақтардың көпшілігіне жауап беріп, қорытынды жасай алдым. Мен өз жұмысымда ғаламтордан алынған кейбір кемшіліктер мен қателіктердің бар екендігін мойындаймын және осы тектес материалдарды пайдалану барысында мұқият болыңыздар.

Сауалнамалар пайдалы болды және олардың көпшілігі еш қиындықсыз толтырылды. Сұралғандардың тобы шағын болатын және оның ішінде үлкен жас топтары болған жоқ. Мен көбірек адам санын сұрастыруым керек еді. Кейде сұхбат әңгімеге айналып, шешімге қатты назар аудармадық, сұхбаттар жазу әрқашан жүргізілген емес, өйткені, батареялардың қуаты аз болды, сондықтан мен айтылғанның бәрін еске сақтап отырдым.
8. Әрі қарай зерттеу
Зерттеу өте қызық болды және мен осы проблеманың тарихы туралы көп нәрсе білдім. Адамдардың өз еліндегі мәселелерге қарағанда әлемдегі мәселелер туралы көбірек білетініне таңқалдым. Мүмкін, CNN, Al Jazzeera және BBC World секілді бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдегі қоршаған орта мәселелерінің тақырыбындағыа көптеген материалдары себептердің бірі шығар. Бұл адамдардың білімі және олардың перспективалық шешімдеріне жаһандық ықпалдың бір мысалы болуы мүмкін.

Зерттеу сәтті болды, себебі, мен қарым-қатынас арқылы адамдардың пікірлерін білдім, олар үкімет бұл мәселені шеше алады деп үміттенеді. Адамдарда неге осындай пікірдің бар екендігін және оларға өз бетімен әрекет жасауы үшін не істелу керектігін анықтау үшін көбірек зерттеу жүргізу керек. Мысалы: балалар үшін мектептерде не істелуі тиіс?

Бұл зерттеу мәселені шешудегі менің көзқарасысды өзгертпеді, мен биоалуан түрліліктің азаюының ел және жалпы әлем үшін өте маңызды проблема екендігіне сенемін.


  1. Библиография:

Келесі дерек көздері пайдаланылды:




  • United Nations Decade on Biodiversity – http://www.cbd.int/2011-2020

  • The Youth Gide To Biodiversity – UN

  • Word Bank Press Release – http://biodiversity-l.iisd.org/news/word-bank-project-improves-health-and-welfare-in-kazakhstan/

  • http://www.acbk.kz/en/


10. Қосымшалар

10.1 1-қосымшаӘлеуметтік пікіртерім үлгісі

Биоалуан түрліліктің төмендеуі туралы әлеуметтік пікіртерім

КІРІСПЕ
Бұл – қоғамның әлемдегі биоалуан түрлілік және оның түрлерінің төмендеуі мәселелерінен хабардарлығы туралы зерттеу. Ол мектеп жобасы үшін жүргізіледі. Сауалнама құпия және оны толтыру үшін бар-жоғы бірнеше минут қажет. Көмектеріңізге рахмет.

Келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз.




А. Жеке мағлұмат

4. Жасы ..............................................................

5. Іс-әрекет түрі .......................................................

6. Жынысы .....................................................................

7. Білімі ......................................................
B. Биоалуан түрліліктің азаюы туралы

11. Келесі тізімнен әлемде жоғалу қаупі бар үш жануарды анықтаңыз.

Жолбарыс Ешкі Мысықтар Иттер Сиырлар Армадилла Акула Поляр аюы

Қоңыр аю Жылан Түйе Бақа Құмырсқа Кит Қоқиқаз

Қарақұйрық Киік

12. Келесі тізімнен әлемде жоғалу қаупі бар үш өсімдікті көрсетіңіз.

Емен Агава Раффлезиялар Раушан гүл Розмари Техас Жабайы күріш

Шашақ Орхидея Бақбақ Айдаһар ағашы Бидай

13. Қазақстан Республикасында жоғалу қаупі бар бес жануар не өсімдікті атаңыз.

………………………………………………………………………………………………..

….……………………………………………


  1. Сіздің ойыңызша, биологиялық алуан түрліліктің төмендеуінің негізгі себептері неде?

……………………………………………………………………………………..…………

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..



  1. Биологиялық алуан түрліліктің төмендеуін проблема деп санайсыз ба?

Ия [ ]

Жоқ [ ]


Жауабыңызды түсіндіріңіз.

……………………………………………………………………………………..…………

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..


  1. Биологиялық алуан түрліліктің төмендеуінің негізіг салдарлары қандай?

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..

  1. Біз қоршаған ортаны қорғау үшін жеткілікті әрекет жасап жатырмыз ба?

Ия [ ]

Жоқ [ ]


Жауабыңызды түсіндіріңіз.

……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..……………………………………………………………………………………..

Көмегіңізге рахмет.

2.6. Зерттеу жұмысы 3 – Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар
Төмендегі пікірлерде есептің күшті жақтары қанатшамен (), толықтыруды қажет ететін осал тұстары (х) және дамытуға арналған ұсыныстар () арқылы белгіленген.

Тараулар

Пікірлер




Атауы

Атауы зерттеудің негізгі тұстары мен мақсаттарын қысқа және нақты сипаттауы қажет.
х Атауы тым қысқа.

х Атауы зерттеудің басты тұстарын нақты сипаттамайды.

х Атауы анағұрлым нақты болуы мүмкін, мысалы:
«Қазақстанда биологиялық алуан түрліліктің төмендеуі жөнінде шара қолдану туралы қоғамдық пікірді зерттеу».

х Мұқабада сөз саны көрсетілмеген.




Кіріспе

Бұл тарауда оқушылар тақырыпты таңдау себептерін түсіндіруі тиіс.
 Оқушы тақырыпты «Жаһандық перспективалар» курсының бағдарламасында оқытылатын мәселелермен байланыстыра отырып, биологиялық алуан түрлілік тақырыбын таңдауына дәйекті себептер келтіреді.

 Таңдау проблеманың Қазақстандағы көкейкестілігі, үкіметтің алаңдаушылығы арқылы, сонымен қатар жеке құндылықтар арқылы да түсіндіріледі.



х Келтірілген себептердің тізімі тым қысқа.

 Әр себепті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, жауапты айтарлықтай дамытуға болады.

 БАҚ материалдары мен жергілікті үкімет жарияланымдары не пресс-релиздерге сілтемелер осы тақырыптың таңдалуы үшін дәлелдермен қамтамасыз етер еді.

 Оқушы әдетте бірінші жақтан да, үшінші жақтан да жазады, есепте жеке көзқарасын не құндылықтарын білдіруді талап ететін жерлерден тыс көбінесе «Менді» қолданбай, үшінші жақты қолдану қажет.






Мәнмәтін

Бұл тарауда оқушылар таңдалған тақырыпқа арналған деректерді және зерттеу жобасының мақсаттарын болжайтын өз зерттеулерінің мәнмәтінін сипаттаулары қажет.
 Оқушы бұл тақырыптың БАҚ-тың маңызды назар аудару орталығы екендігін қысқаша білдіре отырып, өз тақырыбын климат өзгеруі туралы қоршаған ортаның алаңдаушылығының кеңірек мәнмәтініне сыйғызады.

 Кейбір дереккөздер мен жергілікті мысалдар қысқа сипатталған. Оқушы биоалуан түрліліктің төмендеуінің негізгі себептерін қысқаша түйіндейді және бұл жағдайдың көптеген адамдарды толғандырмайтынын және олардың жағдайды жақсарту үшін еш әрекет жасамайтындықтарын жеткізеді.

 Бұл тарауды пайдаланылған дереккөздерін анағұрлым егжей-тегжейлі сипаттап дамытуға және кеңейтілген дерекөздер тізімін ұсынуға болады.

 Материалды ұйымдастыру және дәйек келтіру желісі анықтау болғаны дұрыс еді. Адамдардың бұл мәселеге қатысты тоғанбайтындығы және еш әрекет жасамайтындығы туралы тұжырымдамасын негіздеу үшін дәлелдер келтіріліуі тиіс.

 Биоалуан түрліліктің төмендеуінің қосымша салдарларын келтіруге болар еді.

 Жаһандық мәнмәтін өте қысқаша айтылғандықтан, мұны анағұрлым егжей-тегжейлі талқылап, осы дәйекке тереңірек көзқарас білдіру керек еді.

 Барлық ресурстар мен дерекөздер бибилиографияда көрсетілуі тиіс.





Мақсаттар

Бұл тарауда оқушы өз зерттеуінің мақсаты мен негіздемесін сипаттауы қажет.
 Есепте зерттеу мақсаттары зерттеу мәселелері түрінде айқын белгіленген. Бұл – есептің күшті жағы.

х Алайда оқушының жеке ойы, құндылықтары мен әлеуетті әрекеттері жиі айтылады, бұл артық ақпарат береді және негізгі зерттеу мақсатын көлегейлейді.

х Қазақстандағы жергілікті мәселелерге жоспарланған назар аудару зерттеу мәселелерінде көрініс таппайды.

х Жалпы алғанда бұл тарауға назар аудару мен айқындық жетіспейді.

 Зерттеу мәселелерін қарапайым тізбектеу және елдегі жергілікті назарды сипаттау арқылы есепті дамытуға болады. Балама ретінде зерттеудің бір бөлігі анық айқындалған кейбір болжамдарды тестілеуге негізделуі мүмкін.






Әдіс

Бұл тарауда оқушы өз таңдауының себептері мен сұрақтарды әзірлеуін сипаттап, түсіндіруі қажет.
 Оқушы өз зерттеуінің қалай жүзеге асырылатынын және әр әдіс арқылы қандай ақпараттың жиналатынын сипаттай отырып, өз зерттеуінің әзірленуін анық және қарапайым түрде көрсетеді.

Бұл тарауда әрбір әдіс, қатысушы және мысалдың таңдалуын егжей-тегжейлі негіздемесін ұсыну арқылы жақсартуға болады.

 Әр әдістің таңдалуын түсіндіре отырып, оқушы «шынайы», «сенімді», «өкілдік», «жинақтау» секілді зерттеу концепцияларын пайдалануы тиіс.

 Негіздеме қолайлылық, этика және жарамдылық мәселелеріне қатысты болуы керек, мысалы: құрылымсыз сұхбаттың адам құндылықтары мен көзқарастары, олардың әрекеттерінің себептері туралы терең ақпарат алудың жақсы әдісі екендігін түсіндіру.

 Сонымен қатар әдістерді қолданудағы әлеуетті қиыншылықтар мен олардың қалай еңсерілгендігі туралы айту тереңдете түседі. Мысалы: кейбір ғаламтор дереккөздеріндегі деректердің ықтимал ағат пікірлілігі мен дәл еместігін атауға болар еді.

 Зерттеу әдістері мен құралдарының анағұрлым егжей-тегжейлі сипаттамасы қажет.

 Қосымшаларға бос сауалнама парағын қосу пайдалы болады.

 Сұрақтарды әзірлеу және құрылымсыз сауалнама туралы қандай да бір ақпаратты түсіндірудің жетіспеушілігі кемшілік болып табылады.






Нәтижелер

Бұл тарауда оқушы әр әдіс бойынша жиналған деректерді сипаттап, олардың бастапқы зерттеу сұрақтарымен қалай байланысатынын көрсетуі қажет.
Бұл есепте оқушы әр әдісті пайдалану барысында жиналған негізгі деректерді дәл және анық сипаттауы қажет.

х Алайда бұл тарауда деректер жетіспейді. Мысалы: ғаламтордан табылған ақпараттардың сипаттамалары деректерді дереккөздермен анық байланыстырмайды.

х Дереккөздер сипатталған, алайда толығымен сілтеме жасалмаған және көрсетілмеген.

х Кесте бүкіл үлгіге арналған сауалнама нәтижелерінің жіктелуін ұсынады, бірақ әртүрлі әлеуметтік топтарды салыстыруға ұмтылсы жасалмайды, мысалы: сұрастырылған адамдардың білім мен түсінік деңгейіндегі жас айырмашылығы, жынысы.

х Құрылымсыз сауалнамалар биоалуан түрліліктің төмендеуінің алдын алуға арналған әрекеттер деңгейі туралы пікірлер мен әрекеттер үшін жауапкершілік туралы қоғамдық пікірді ақтау үшін пайдаланылады, алайда талдау күлкілі дәйексөздермен бекітіледі, бірақ сауалнама жауаптарының мазмұнының жүйелі талдауынан ешбір деректер мен сандар келтірілмейді.




Қорытынды

Бұл тарауда оқушы қорытынды не сұрақтарға жауап жазуы тиіс.


  • Қорытындыда оқушы жұмысындағы басты жаңалықтар туралы қысқаша жазып, зерттеу сұрақтарына жауап беруі қажет.

Бірақ барлық сұрақтарға жауап берудің қажеті жоқ.

Егер қорытындыны тарауларға бөліп, әрбіріне атау берілетін болса, ол оқуға анағұрлым түсінікті болады.



  • Оқушы жұмысының қорытындысының мәні мен салдары туралы талқылау жүргізуге болады.

Бірақ пайымдаулар зерттеу мәнмәтінімен байланысты жіне есепте негізінен жеке көзқарас түрінде берілген, бұл әрі қарай зерттеуге арналған тарауға көбірек сай келуі мүмкін.

Бағалау


Бұл тарауда оқушы қол жеткізілген деңгей мен зерттеудің іс жүзіндегі күшті және осал жақтары туралы жазуы қажет.


  • Оқушы зерттеу сапасымен байланысты мәнмәтінді қолдауны тиіс, мысалы: нанымдылық, негізділік, мән және жинақылық.

  • Зерттеу мысалдарын талқылау ғаламтор зерттеуін талқылау іс-әрететін жақсартар еді.

  • Зерттеу әдістерін жақсарту үшін ұсыныстар жасау пайдалы.

  • Оң пікірлерді атап өту керек, бірақ түсіндіріп қажеті жоқ.

Әрі қарай зерттеу


Бұл тарауда оқушы әрі қарай зерттеу үшін өз зерттеуінен туындайтын идеяларды ұсына алады.


  • Оқушы қысқаша сипатталған идеялар ұсынуы мүмкін, алайда егжей-тегжейлі сипаттама берген дұрыс.

  • Зерттеудің өз көзқарастарына әсерін көрстеуге болады, бірақ егжей-тегжейлі түсіндіріп қажеті жоқ.

  • Әрі қарай зерттеулердің мәні дәл осылайша талқылануы тиіс.

Библиография


Бұл тарауда оқушы толық библиографияны көрсетуі қажет.

Оқушы іс жүзінде негізгі дереккөздердің тізімін жасауға тырысқан. Алайда тізім толық емес және ақпарат та жетпейді.


Библиографияны академиялық конвенцияға сәйкес зерттеуде қолданылған барлық ақпарат көздерін көрсете отырып, жақсартуға болады.

Дәл осылайша бүкіл жұмыс бойы академиялвқ конвенцияларды қадағалай отырып, ақпарат көзіне сілтеме жасап, библиографияда көрсету қажет.







1


2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет