Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс



бет3/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.54 Mb.
#186854
1   2   3   4   5   6   7

2 Зерттеу жұмысының үлгісі


2.1 Зерттеу жұмысы 1 (А деңгейінің көрсеткіші)



Биологиялық алуан түрліліктің төмендеуіне қарай Қазақстанда өмір салтының өзгеруіне қатысты қоғамдық пікірді зерттеу

СӨЗ САНЫ – 3492




  1. Кіріспе

Ғалымдарды көптеген жылдар бойы адамзат іс-әрекетінің қоршаған орта мен экожүйеге ықпалы толғандыруда1. Бұл қауіптерді әлемдегі адамдар мойындайды. Мысалы: американдық саясаткер Альберт Гор жаһандық жылыну туралы климат өзгеруінің ықпалын бейнелейтін фильм шығарды (Гуггенхайм 2006). Биологиялық алуан түрлілік ең көп ықпалға ұшырайды. Осы фильмді тамашалағаннан кейін мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы толғана бастадым және бұл – осы зерттеуге тақырып таңдауымның себептерінің бірі.


Сондықтан Жаһандық перспективаларда мені табиғат мәселелері және биологиялық алуан түрліліктің төмендеуі туралы тақырып қызықтырды. Бұл мәселе зор маңызға ие және жаһандық болып табылады, дүниежүзі бойынша жануарлар түрлерінің жоғалу қарқынының артуы орын алды. Жаңалықтардағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (2010) баяндамасы осы мәселелерге назар аударады, ғылыми зерттеулердің «аз радикалды және шығармашыл әрекеттердің Жер бетіндегі тіршіліктің алуан түрлілігін сақтау үшін жылдам орындалатынын және тіршілік пен өмір сүру құралдарын қолдайтын табиғи жүйелердің бұзылу қаупі бар екендігін» көрсететіндігі туралы қорытынды жасалған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің біраз уақыт бұрынғы сөзі мәселелерді ресми жағынан танытады. «Адамның тіршілік етуі көп жағынан биологиялық алуан түрлілікке тәуелді, алайда соңғы онжылдықтар ішінде әлемде биологиялық алуан түрліліктің теңдесі жоқ жоғалуы және экожүйелердің құлдырауы орын алды, бұл Жер бетіндегі тіршіліктің негізін бұзады. Аса кедейшілікте өмір сүретін 1,2 млрд. адам өмір сүретін негізгі қажеттіліктері мен құралдарын қанағаттандыру үшін табиғатқа тікелей тәуелді болғандықтан, бүкіл әлем болып осыған назар аударуымыз керек» (Гринспэн, Р. 2012).
Бұл әлемдік қауымдастық алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі болғандықтан, осы зерттеу биологиялық алуан түрліліктің төмендеу және шара қолдану қажеттілігі мәселесін қарастырады.
Аватар (Камерон, Дж. 2009) секілді фильмдер мен бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның хабардарлық деңгейін арттырады. Мектептерде түрлі мәселелер қарастырылады2. Қазақстан Республикасындағы биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі қауымдастық секілді жергілікті органдар биологиялық алуан түрлілікті жақсарту бағытында жұмыс істейді. Үкімет те қоршаған ортаны жақсартуға тырысады3.
Бірақ, менің ойымша, көптеген адамдар биологиялық алуан түрліліктің төмендеуіне жеткіліксіз деңгейде әрекет жасайды. Осыған байланысты бұл зерттеудің назарында барлығының осы мәселеге жеткілікті мән бермеуі және адамдардың өздерінің өмір салтын өзгерту үшін еш әрекет жасамайтындығының себептері жатыр. Себептер белгілі болса, онда біз адамдардың осы мәселелерге қатынасын өзгерту тәсілін дайындай алуымыз мүмкін және биологиялық алуан түрліліктің азаю үдерісіне өзгертулер енгізуге адамдарды тартуымыз мүмкін.
Зерттеуге деген өз қызығушылығымды да атап өту маңызды, себебі, өзімнің өмір салтымды өзгерту үшін қандай жеке шаралар атқаруға болатындығы туралы көбірек білгім келеді, өйткені, мен қоршаған ортаның қамын ойлауға деген этикалық міндетіміз бар деп санаймын. Сонымен қатар оқушылар тобы, олардың ішінде мен де, мектепте қоршаған ортаны қорғау жөніндегі клуб ашқымыз келген, басқа оқушыларды қалай тарту және олардың әрекет жасауын білу бізге қажет.



  1. Мәнмәтін

Биологиялық алуан түрлілік – бұл әлемдегі не нақты тіршілік ортасындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі. Биологиялық алуан түрліліктің жоғары деңгейі әдетте тіршілікті қолдау және экожүйе денсаулығы үшін қажетті деп саналады. Бірақ соңғы зерттеу биологиялық алуан түрліліктің төмендеуін көрсетеді, іс жүзінде төмендеу қарқыны әлемнің көптеген бөліктерінде артуда (Всемирный фонд дикой природы, 2013). Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағында жоғалып бара жатқан түрлердің «Қызыл тізімі» бар, одақ онымен маңызды мекендеу орындарын қорғау және қырылудың алдын алу жөніндегі шараларға ат салысу үшін елдермен бөліседі (МСОП, 2013). Осы себеппен Біріккен Ұлттар Ұйымы биологиялық алуан түрлілік бойынша 10-жылдық әрекеттерге шақырды. Бұл нақты проблеманың бар екендігін дәлелдейді, сондықтан адамдар, жергілікті ұйымдар және кәсіпорындар, үкіметтер мен халықаралық ұйымдар жауапкершілік алып, осы мәселені шешуге қатысулары керек.


Бұл мәселелер Қазақстанға да әсер етеді. Мысалы: Нұра өзенінің маңын мекендейтін қызыл қоқиқаз қырылып бара жатқан түрге жатады (Дүниежүзілік банк, 2013), сонымен қатар көптеген түрлер де солай (АСБРК, 2013).
Халықаралық жабайы табиғат қорының (WWF, 2013) деректері бойынша, биологиялық алуан түрліліктің төмендеуінің негізгі себептері:
• климаттың өзгеруі

• ластану

• жабайы жануарларды заңсыз саудалау

• басқыншы түрлер

• ормандарды шабу

• ауыл шаруашылығының қарқынды пайдаланылуы

• шектен тыс тұтыну.

Көптеген адамдар мен ұйымдар биологиялық алуан түрліліктің төмендеуіне арналған қандай да бір әрекеттер жасауға тырысуда. Халықаралық жабайы табиғат қоры, Жаңа Интернационалист (New Internationalist, 2013 ) және басқа да экологиялық топтар БҰҰ және Дүниежүзілік банкпен бірге бұл себептердің біздің өмір салтымызбен, әсіресе индустрияландыру және урбандалуға қатысты үдерістер арқылы байыған не дамыған әлем бөліктерімен байланыстылығын түсіндіреді.


Бұл әлемнің көптеген бөліктеріндегі өмір салтының биологиялық алуан түрлілік үшін проблемалар тудыратындығын көрсетеді. Сондықтан бәріміз өз әрекеттеріміз үшін жауапкершілік алып, қоршаған ортаны қорғайтын және биологиялық алуан түрлілікті арттыратын дәрежеде өмір сүруіміз керек.
Көптеген экологиялық ұйымдардың санауынша, біз аз ресурс пайдаланып, тауарларды ластану тудырмай өңдеп өндіруге, көмірқышқыл газының бөлінуін азайту үшін алыстан тасымалданбайтын тағам өнімдері мен тауарларды таңдауға, етті азырақ, ал органикалық тағам өнімдерін көбірек тұтынуға және күнделікті өмірімізде басқа да шаралар атұаруға тиіспіз.
Біріккен Ұлттар Ұйымы шаралардың барлық деңгейде – халықаралық, ұлттық, жергілікті деңгейде, қоғамда ұйымдар және жеке адам деңгейінде қабылдануы қажет екендігін айтады. Дегенмен бұл зерттеудің аясы осы ықтимал әрекеттердің түрлерінің бәрін егжей-тегжейлі қамтуға тым шағын. Сол себепті зерттеу адамдардың жеке деңгейдегі әрекеттеріне назар аударады.

Алайда көптеген бұл мәселемен толғанбай, жағдайды жақсарту үшін ештеңе істемейтін сыңайлы. Мысалы: зерттеулердің көрсетуінше, әлемдегі ауыл шаруашылығының 1%-ы ғана оргнаикалық болып табылады және аз ғана адам бұл тағам өнімдерін тұрақты түрде таңдайды (Органический мир , 2012). Осыншама көп адамның неге шара қолданбайтындығының себептерін анықтау осы зерттеудің мақсаты болып табылады.


Осы мәселеге қатысты бұрында аз зерттеу жасалған, алайда Біріккен Ұлттар Ұйымы демеушілік көрсететін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі топтар қауымдастығының Жауапты басқару принциптері білім беру жобасының (ООНОПОУ , 2012) бір мақаласындағы адамдардың шара қолданбауының себептері:
• Жалпы алғанда биологиялық алуан түрліліктің төмендеу мәселесі туралы жеткіліксіз хабардар болу

• Әр адамның өзінің не істеу қажеттігі туралы білім мен нұсқаулықтың болмауы

• Жағдайды өзгерту үшін бір адамның қосатын үлесінің тым аздығын сезіну

• Экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтерге жеңіл қол жетімділіктің жоқтығы

• БАсқалардың сені оғаш санайтындығынан не сенің ерекшеленетіндігіңнен қорқу

• Экологиялық жағынан қауіпсіз тауарлар мен қызметтердің құны


Сондықтан зерттеу биоалуан түрлілік деңгейінің төмендеу мәселесін зерделеуге және шаралар қолдану туралы қоғамдық пікірді анықтауға арналады. Қиындықтарды анықтау және олардың алдын алуға қатысты адамдардың ойын зерттеу жеке адамдарды биоалуан түрліліктің төмендеуіне септесетін қандай да бір әрекеттер жасауын қолдау үшін жаңа жолдар табуға әкелуі мүмкін.
3. Мақсаттар
Зерттеу есебінің мақсаты – биоалуан түрлілік мәселесіне қатысты Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерделеу. Мақсат жергілікті тұрғындардың биоалуан түрлілік мәселесі туралы қаншалықты білетіндігін және өмір салтын өзгерту мен шара қабылдаудан тұратын әрекет жасау қажеттілігі туралы пікірін білуде жатыр.
Сол себепті осы зерттеудің негізгі сұрақтары:
• Адамдар биоалуан түрліліктің жаһандық мәселесі туралы қандай дәрежеде хабардар?

• Адамдар биоалуан түрлілікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы қаншалықтыкөп біледі?

• Биоалуан түрлілікті жақсарту үшін адамдар қандай жеке әрекеттер жасауға дайын?

• Шараларды жүзеге асыруда қандай бөгеттер бар?


Зерттеу нәтижелері биоалуан түрлілік мәселесі мен оны жақсарту жөніндегі шаралар түсінігін дамытуға бағытталады. Бұл шаралар қабылдауны әбден мүмкін және оларды осы шаралармен таныстыру қажет болады.
4. Әдіс
Зерттеу құрылымы әртүрлі бірнеше әдісті қамтиды. Бұл бір жолмен ақпараттар мен деректер жинауға және оларды басқа әдістермен тексеріп, бекітуге мүмкіндік берді. Бір әдістің әлеуетті ағат пікірлілік не дәл еместігі басқа әдістермен тексерілді. Зерттеудің жалпы сапасы мен нәтижелердің нанымдылығын арттыру мақсатында аралас әдістер пайдаланылды.
Бірінші кезекте тақырып бойынша жалпы ақпарат алу үшін ғаламтор мен кітапхана деректері пайдаланылды. Биоалуан түрліліктің төмендеуі жаһандық мәселе болғандықтан, ақпарат өте көп. Көптеген дерек көздері ескірген және көкейкесті емес. Сонымен қатар кей материалдарды тексеру мүмкін емес және авторлары белгісіз. Бұл қателіктер тудырып, ағат пікір қалыптасуы мүмкін еді.
Осы мәселелердің алдын алу үшін зерттеу халықаралық мойындалған дереккөздер мен соңғы зерттеулерге негізделеді. Мысалы: Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеулері аса пайдалы және сенімді болды жәге дүниежүзі мен Қазақстандағы алуан түрлілікке қатысты соңғы маңызды ақпаратты енгізді. Осы баяндаманың «Мәнмәтін» тарауының мазмұны осы тәсілді бейнелейді.
Қоғамдық пікір туралы ақпарат пен алуан түрлілікке қатысты әлеуетті жауаптар екі негізгі зерттеу әдісінің құрылымын айқындады.
Қоғамдық пікірді білу үшін қолданылатын бірінші әдіс – бетпе-бет сауалнама. Сауалнама 14-18 жас аралығындағы жастар үшін құрылып, екі жергілікті мектептее жүргізілді. Мектептердегі осы жас тобын таңдау себептері:

• мектепте қоршаған ортаны қорғау жөніндегі клуб ашуға көмектесу зерттеу мақсаттарының бірі болатын, сондықтан осы жас тобының пікірі ерекше маңызды болды

• жеңіл қол жетімділік

• осы жас тобымен сауалнама жүргізу рұқсаты

• мектеп оқушылары қалауына қарай қатысты, бұл зерттеудің этикалық жағын байқатады

• жастар мектеп бағдарламасынан биоалуан түрліліктің қысқару мәселесі туралы білуі тиіс, сондықтан олардың пікірі өте пайдалы


Репрезентативті таңдау жасау үшін екі мектеп қаланың әртүрлі бөлігінен және әр мектептен 50 жауап беруші таңдалды, осылайша 100 сауалнама толтырылды. Бірақ олардың үшеуі бүлінген болып шықты, сол себепті сауалнамалардың қорытынды саны 97 болды. Бұл қаладағы, мүмкін, Қазақстанның да барлық жастарының пікірлерінің нәтижелерін жинақтауға мүмкіндік берді.
Сауалнаманың бірінші бөлігінде адамдардың пікірін жынысы мен жасына қарай салыстыру үшін жауап беруші туралы ақпарат жинауға арналған сұрақтар әзірленді. Екінші бөлікте сұрақтар биоалуан түрлілік мәселесіне қатысты хабардарлықты бағалады. Үшінші тарау өмір салтын өзгерту үшін қиындықтар мен кедергілерді анықтауға арналды.
Сауалнамалар жауап берушілер тарапынан жазбаша формада зерттеушілердің қатысуымен толтырылды.
Сауалнама нәтижелерін тексеру және өзгерістер енгізу қиындықтары мен биоалуан түрліліктің төмендеу маңызы туралы анағұрлым толық мағлұмат алу үшін бірқатар құрылымсыз сұхбаттар жүргізілді. Сұхбат бастапқы зерттеулердің екінші кезеңіне өз еркімен қатысуға келіскен оқушылармен жүргізілді. Сұхбат талқылауға арналған тақырыптар тізіміне негізделді, алайда оқушылардың жауаптарына қарай кең көлемде талқылау жүргізілуге рұқсат берілді. Сұхбат бейресми жағдайда 30 минут ішінде өткізілді. Мысалы: жиналған деректердің сапасын арттыру мақсатында оқушылардың еркінсуі және ашық сөйлесуі үшін кофе мен печенье ұсынылды. Сұхбат алушы сұхбат барысында жазба жүргізді және сұхбат аяғында қатысушылардан оның дәлдігін растауын сұрады. Алты оқушыдан – үш жігіт пен үш қыздан жауап алынды.
Жиналған деректер талданып, зерттеуде қолданылды. Нәтижелері төменде берілген.
5. Нәтижелер
Интернет-зерттеу құнды болды және мол қажетті мағлұмат алынды. Негізгі қорытындылар Мәнмәтін тарауында сипатталған болатын.
Қорытындылай отырып, негізгі тұжырымдамалар мынадай: қоғамның қоршаған орта мәселелері туралы жаһандық хабардарлығы артуда, алайда әлемнің көп жерінде әлі де төмен деңгейде. Өмір салтын өзгертудегі қиыншылықтарға қатысты бұрынғы зерттеулер қауіпсіз және жкологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтер туралы білімнің жоқтығы мен нашар қол жетімділігі мәселені шешудегі негізгі проблемалар болып табылатындығын болжады.
Сауалнама нәтижелері өте пайдалы болды. Әр сұрақ бойынша деректердің талдауы 10.3-қосымшада берілген. Сауалнама бойынша негізгі тұжырымдамаларды былай түйіндеуге болады:
• 1 және 2-сұрақтардың жауаптарындағы ақпарат жастардың шамамен жартысының алуан түрліліктің қысқаруының кем дегенде үш себебі не салдары туралы хабардар екендігіні көрсетеді.

• 3-сұраққа жауапта жауап берушілердің шамамен жартысы Қазақстан Республикасында жоғалып бара жатқан бес түрді атай алды.

• Жауап берушілердің шамамен 78%-ы биоалуан түрлілік қысқаруын проблема деп санайды.

• Сұралғандардың айтарлықтай бөдігі, жартысынан астамы кем дегенде үш себеп және салдарды айқындай алды, бұл проблеманы жақсы деңгейде түсінуді білдіреді.

• Жауап берушілердің 75%-ы болалуан түрлілікті сақтау үшін шаралар жеткіліксіз атқарылуда деп санайды.

• Жауап берушілердің айтарлықтай көп бөлігі анағұрлым гендерлік айырмашылықпен биоалуан түрлілікті сақтау үшін шара қолдануға дайын болып шықты. Қыздар жігіттерге қарағанда көп қосымша шара қолдануға дайын. 1-кестені қараңдар.

• Жауап берушілердің ойынша, мәселе туралы білімнің жоқтығы, экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтер құны мен аз мөлшері жеке әрекет жасау жолындағы негізгі кедергілер болып табылады.

• Жауап берушілер жеке азаматтар үкімет секілді ұйымдармен қатар биоалуан түрліліктің қысқаруы үшін жауапты болуы тиіс. Төмендегі 2-кестені қараңдар.


1-кесте – Әрекет жасауға дайын жігіттер мен қыздардың үлесі


Әрекет жасауға дайын жауап берушілердің пайызы

Жігіттер

Қыздар

52%

64%


2-кесте – Әрекет жасау үшін жауапкершілік туралы қоғамдық пікір


Топ

Осы топтарды алуан түрлілікті қорғау үшін ең жауапты деп санайтын жауап берушілердің үлесі

Халықаралық ұйымдар

15

Үкімет

25

Жергілікті бизнес-ұйымдар

25

Жеке тұлғалар

32

Басқалар

3

Ақырында құрылымсыз сұхбаттар жастардың шара қолдану туралы сауалнамадан күтілген нәтижеге қарағанда анағұрлым хабардар екендігін көрсетті. Барлық сұралғандар биоалуан түрлілікті қорғаудың маңызын және адамдардың жеке деңгейде шара қолданулары қажеттігін атап өтті.


Жауап берушілердің бірі: «Қоршаған орта мен алуан түрлілікті қорғау үшін бірдеңе істеу керектігін түсінемін. Таза сауда көздерінен келетін және органикалық мақтадан жасалған этикалық киімді сатып алуға тырысамын, алайда оларды жергілікті деңгейде табу оңай емес және бағасы да қымбаттау. Сонымен қатар олар сәнді болмауы мүмкін»,- деді. Дәл солай екінші бір сұралған адам: «шара қолданудың ең жақсы жолы – қарапайым өмір сүру және шыны секілді өнімдердің қалдықтарын өңдеу. Бірақ біз пәтерде тұрамыз, сол себепті бұл заттарды өңдеу орталығына апару іс жүзінде оңай емес»,- деп болжады.
Әрекеттерді жүзеге асырудағы қиындықтар туралы сұраған кезде олар негізінен мәселе туралы білімнің жоқтығы мен жағдайды ненің өзгерте алатындығы туралы білім алуда көмектің аздығына сілтеме жасайды. Бір адам: «Біз ғылымдағы мәселелерді естиміз, бірақ жағдайды жақсарту үшін әркімнің қандай әрекет жасау керектігі туралы естімейміз»,- деді. Келесі бір пікір: «Сәтімізге қарай біз ақпаратты мектептен аламыз, ал көптеген егде адамдардың бұл туралы білуге мүмкіндіктері жоқ; мысалы: менің ата-анам».
Жалпы алғанда деректерді талдау жас адамдардың негізінен алуан түрліліктің таусылу мәселесі туралы білетіндігін және жақсарту мақсатында жеке әрекет жасау барысындағы бірнеше қиындықтарды анықтай алатындығын көрсетеді.


6. Қорытынды
Зерттеудің әр сұрағына берілген жауаптардың нәтижелері бойынша келесі қорытынды жасауға болады:
• Адамдар биоалуан түрліліктің төмендеуінің жаһандық мәселесі туралы қаншалықты хабардар?
Көпшілігі биоалуан түрліліктің төмендеуінің басты себептері мен салдарларын ьіледі. Мәселе туралы хабардарлық деңгейі жоғары, сұралғандардың 75%-ы бұл мәселені біледі және мойындайды. Алайда зерттеу мектептегі жастар арасында жүргізілді, сондықтан бұл басқа жас категориясы үшін қате болуы мүмкін. Деректерді барлық халық үшін жинақтау мүмкін емес.
• Адамдар биоалуан түрлілікті жақсарту жөніндегі әрекеттер туралы қаншалықты біледі?
Зерттеуде көптеген жастар қоғамның барлық деңгейлерінде шара қолдану қажеттігі туралы хабардар болып шықты және өз міндеттерін түсінеді. Олар шаралар қабылдауға дайын және әр адам үлесінің мекемелер мен ұйымдардың үлесіне қарағанда анағұрлым маңызды екендігін айтады.
• Биоалуан түрлілікті жақсарту үшін адамдар қандай жеке әрекеттер жасауға дайын?
Адамдар атқаруға дайын негізгі іс-әрекет формалары:
• жергілікті және экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтерді сатып алу

• экологиялық ұйымдар мен мекемелерге ақша бөлу

• қалдықтарды қайта өңдеу

• ластанған территорияларды тазалау не қорық зоналарын құру секілді қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық әрекеттер.


• Жеке тұлғалардың әрекет жасауына қандай кедергілер бар?
Жеке тұлғалардың шара қолдануы жолындағы негізгі кедергілер:
• Проблема туралы білімнің және қандай әрекеттер жасау керектігі туралы, әсіресе егде адамдарға арналған нұсқаулықтың жоқтығы

• экологиялық жағынан қауіпсіз тауарлар мен қызметтердің шығындары не құны

• экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтерге жеңіл қол жетімділіктің болмауы
Осы зерттеу нәтижесінде биоалуан түрліліктің таусылуы мәселесі, атап айтқанда, жеке деңгейде қалай әрекет жасау туралы хабардарлықты арттыру үшін әлі де көп жұмыс істелу керек деген қорытынды жасауға болады. Жастардың хабрдарлығын мектептердің арттыратындығына қатысты дәлел бар. Бұл әрмен қарай жалғасып, Жаһандық перспективалар секілді курстар мен пәндер есебінен жоғарылатылуы мүмкін. Алайда егде адамдар жағдайдан жеткіліксіз хабардар және оларға хабарлау қажет.
Зерттеу жастардың жалпы қоршаған ортаны қорғау және биоалуан түрлілікті арттыру жөніндегі шараларды қабылдауға дайын екендігін де көрсетеді. Жеке деңгейде өмір салтын өзгертудегі негізгі кедергілер тұлғаға қатысты сыртқы кедергілер болып табылады және тәсілдер құны мен қол жетімділігіне жатады.
7. Бағалау
Зерттеу жалпы жақсы жүргізілген және негізгі зерттеу сұрақтарына жауаптар алынған.

Бастапқы зерттеулер сауатты жүргізілген, зерттеу саласындағы белгілі бір білімді қолданып, сенімді дереккөз болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының ресурстарын пайдалану арқылы нанымды дерекөкздерге негізделген. Бірақ бұл дереккөздерді байқап қолдану керек, өйткені, барлық ұйымдар дерлік өз мақсаттарын ұстана отырып, ғылыми зерттеулерге септігін тигізуге ниет білдіреді. БҰҰ зерттеулерінің басым көпшілігі үкіметтің ресми статистикасына негізделеді, елді ең жақсы жағынан таныту үшін оған амалдар қолдануға болады.


Мектептердегі оқушылардың мысалы негізінде халықты зерттеу нәтижелеріне қатысты анағұрлым нақты қорытынды келтірген дұрыс болар еді. Қазақстандағы бар жастарды қамтып, нәтижелерді белгілі бір ықтималдық үлесі арқылы жинақтауға болатын еді. Екі бөлек мектептегі көптеген жауап берушілер осы талапты қолдайды және зерттеуге сенімділік және сенім мәртебесін береді. Зерттеу екінші рет жүргізілетін болса, нәтижелер әртүрлі мектептерде де сондай болады. Алайда қорытындылар егде адамдар үшін жинақталмаған, себебі, олар сауалнамаға енбеген.
Құрылымсыз сұхбаттар өте жақсы ойластырылған – қатысушылар өз ойларын білдіре отырып, еркін және ашық сөйледі; қолданған тәсілдері өздерінің нанымдары және құндылықтарымен әрқашан сай келмесе де. Сұхбат үшін тиісті шарттар қалыптастыру қарастырылған – бейресми атмосфера, еркін ауызекі стиль және әңгіме жазудың жеңілдетілген әдістері. Бұл өмір салтындағы өзгерістерді терең түсінуге мүмкіндік берді – сән үрдістері мен бағыттары, құрдастардың топтарын құру, баға және қол жетімділік. Бұл деректерді жинауда нанымдылық пен дәлдікке септігін тигізді. Уақыт жағынан мүмкіндік болғанда, нәтижелерді бекіту үшін көбірек сұхбат өткізуге болар еді. Мысалы.: егде адамдармен сұхбат құнды болар еді. Жалпы алғанда құрылымсыз сұхбаттардың нәтижелері бұрынғы зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелерін растады. Бұл факт осы зерттеу қорытындысына деген сенімнің артуына септігін тигізеді.
8. Әрі қарай зерттеу
Жоба нәтижелері жаңа зерттеу салаларын ұсынады.
Біріншіден, егде адамдарға қатысты көбірек зерттеу жүргізуге болар еді. Жастар келешекте қоғамға әсер ететін негізгі халық бөлігі болғанымен де, көптеген елдерде егде адамдардың пікірі әлі де маңызды. Олардың көзқарастарын түсіну және оларды әрекетке ынталандыру биоалуан түрліліктің қысқаруы кері жүрген жағдайда зерттеудің маңызды саласы болып табылады. Егде адамдармен сұхбаттар мен топтық талқылаулар осы жас тобына қызығушылық танытатын ұйымдармен талқылау жүргізумен қатар жол берілетін әдістер болып табылады.
Жеке әрекет жасау жолындағы негізгі кедергілер экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтерге қатысты болса, зерттеулер шығындарды қалай азайтып, қол жетімділікті арттыру бағытында жүргізілуі тиіс. Бұл мәселе жергілікті басқару органдары мен осы қызметтерді көрсететін кәсіпорындарға қатысты бағытталуы керек.
Әрекет жасаудағы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық та қызығушылық тудырады. Осы айырмашылықтардың себебін әрі қарай зерттеу әйелдермен теңесу үшін ерлерді қалай ынталандыру қажеттігінің түсінігін беруі мүмкін!

Зерттеу менің өз көзқарасымды өзгертті. Басында мен көптеген адамдар биоалуан түрлілікті жақсартуды ойламайды және жеткіліксіз әрекет жасайды деп санайтынмын. Алайда зерттеулер бұл тақырыптың көптеген адамдар, әсіресе жастар үшін бейжай еместігін және олардың қандай да бір әрекет жасауға дайын екендігін көрсетті. Қазір мен өмір салтын өзгерту жолындағы кедергілердің адамдардың көзқарасын өзгерте алатын білім беру мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамдарға кеңес және нұсқаулық беру негізінде еңсеріле алады деп есептеймін. Кәсіпорындар мен жергілікті билік органдарының тарапынан экологиялық жағынан таза болып табылатын балама туаралар және қызметтер арқылы қолдау көрсетуі мәселені шешуге мол үлес қосады. Көа адам осы тауарлар мен қызметтерді сатып алатын болса, баға төмендейді және осы бағытта көп ұстанушылар пайда болады. Ортаны қолдау үшін ізгілікті айнала қалыптастыру мүмкін!


9. Ескертпелер
1. Ғалымдар қоршаған ортаның өзгеру қаупі және ластануға қатысты мәселелер турады 20-ғасырдың басынан бастап ескерткен, алайда экологиялық қозғалыс 1960-жылдары Рейчел Карсонның «Үнсіз көктем» (1962) және Роберт Эрлихтің «Демографиялық бомба» (1968) секілді кітаптар жарық көргеннен кейін ғана шынымен белсенді бола бастады.

2. Барлық жерде дүниежүзілік қауымдастықтың барлық мектептерінде «Биология» және «Жаһандыө перспективалар» секілді пәндер осы мәселенің маңыздылығына назар аударуды ұсынады және жастарға оны шешу жолдарын ойластыруды сұрайды.

3. Көлікті тұрақты дамытуды енгізу, энергеия үнемдеуші жарықтандыру, даланы сақтау, жаңа мониторинг жүйелері және биоалуан түрлілікке қатысты әрекеттерді ұйымдастырумен байланысты БҰҰ-ның онжылдығына қосқан ел үлесі секілді басқа да көптеген әрекеттер Қазақстанда биоалуан түрлілікті жақсарту мақсатындағы соңғы мемлекеттік жобалардың мысалдары болып табылады.

Қараңыз: Биоалуан түрлілік жөніндегі Ұлттық орталық ПРООН-да жарияланған КБР Қазақстан Республикасының 2011-2020 Стратегиялық жоспарының жүзеге асырылуын қолдауды жоспарлайды.



Библиография
Ассоциация по сохранению биоразнообразия Республики Казахстан 2013 , наша работа - Проекты , Астана, Казахстан .
Камерон, Дж. 2007 Аватар, 20 век фокс, Лос-Анджелес , США.

Карсон , Р. 1962 Безмолвная весна , Houghton Mifflin , Бостон, США .
Эрлих, P. 1968 Демографическая бомба , Ballantine Books , Нью-Йорк , США.
Гринспэн , Р. 2012 ПРООН амбициозные Глобальной стратегии по охране

биоразнообразия , Центр новостей ООН , 18/10/2012


Гуггенхайм , Д. 2006 Неприятная правда , Лоуренс Бендер Productions , США.
Международный союз охраны природы и природных ресурсов , 2013 , Красный

список , Кембридж, Великобритания .


Новый интернационалист, 2013 статьи сайта, Оксфорд, Великобритания.
Органический мир, Ежегодник 2012 , Фрик, Швейцария.
Принципы ответственного управления образования, 2012 Руководство по обучению

True / False / и веских причин для не принятия каких-либо мер , Нью-Йорк , США.


Организация Объединенных Наций 2010, Правительства должны действовать быстро, чтобы спасти биоразнообразие, ПРООН, Центр новостей ООН, 10/5/2010
Организация Объединенных Наций 2013 Национальное планирование в области биоразнообразия

в поддержку осуществления КБР на 2011-2020 годы .Стратегический план в

Республике Казахстан, ПРООН.
Организация Объединенных Наций 2013 Декада по вопросам биоразнообразия, Нью-Йорк, США.
Всемирный банк 2013 в Казахстане: отказ от применения ртути и борьба с наводнением –

проект очистки реки Нура, в проектах и ​​операциях, Всемирный банк, Вашингтон, США.


Всемирный Фонд Дикой Природы 2013 Биоразнообразие - Сколько теряется, WWF сайта,

железа, Швейцария.


Всемирный Фонд Дикой Природы 2013 Окружающая среда - Угрозы, WWF сайта, Гленд, Швейцария.

Қосымша
10.1 1-қосымша – Сауалнама үлгісі

САУАЛНАМА
БИОАЛУАН ТҮРЛІЛІКТІҢ АЗАЮЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР
КІРІСПЕ
Бұл зерттеу әлемдегі биоалуан түрлілік және оның мөлшерінің қысқару мәселесін зерттейді. Зерттеу Жаһандық перспективалар курсының аясында мектептің рұқсатымен жүргізілді. Сауалнама құпия және оны толтыру үшін бар-жоғы бірнеше минут қажет.

Осы сауалнаманы қара сиямен толтырып, бар сұрақтарға жауап берулеріңді сұраймыз. Өз қалауларыңа қаарй кез-келген уақытта жүргізілетін зерттеуден шыға аласыңдар.


Көмектеріңе рахмет.
Келесі сұрақтарға жауап берулеріңді өтінеміз.
Бөлім 1 – Жеке мағлұматтар


  1. Мектеп ………………………………………………




  1. Жас (тиістісін белгіле) 14 [ ] 15 [ ] 16 [ ] 17 [ ] 18 [ ]




  1. Жыныс (тиістісін белгіле) әйел [ ] ер [ ]



Бөлім 2 – Қоршаған орта және биоалуан түрлілік



  1. Көптеген ғалымдар жаһандық жылыну бар деп санайды. Климаттық өзгерістердің себептерін атаңдар:


  1. Ғалымдар жаһандық жылынудың қоршаған ортаға әсер ететінін болжайды. Климаттық өзгерістердің ықтимал салдарларын атаңдар:



  1. Қазақстанда жоғалу қаупі бар 5 жануар не өсімдікті атаңдар.

………………………………

………………………………

………………………………

………………………………

………………………………




  1. Биоалуан түрліліктің қысқаруын проблема деп санайсың ба? Ия [ ]

Жоқ [ ]
Жауабыңды түсіндір.

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………




  1. Сенің ойыңша, алуан түрліліктің төмендеуінің негізгі себептері неде?

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………




  1. Биоалуан түрліліктің қысқаруының негізгі салдарлары қандай?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Бөлім 3 – ШАРА ҚОЛДАНУ


  1. Қорғау үшін жеткілікті шара қолданылып жатыр деп санайсың ба?

Ия [ ]

Жоқ [ ]


Жауабыңды түсіндір. …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………


  1. Биоалуан түрлілікті қорғау үшін әркім қолдана алатын шаралар тізімімен таныс. Биоалуан түрлілікті қорғау үшін өзің қолдана алатын әрекеттерді белгіле.




  • Органикалық тағамды тұтыну [ ]

  • Вегетарианшыл болу [ ]

  • Жергілікті өндіріс тауарларын сатып алу [ ]

  • Қоғамдық көлікті пайдалану [ ]

  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қайырымдылық мақсаттарға ақша бөлу [ ]

  • Металл, қағаз бен пластикті қайта өңдеу [ ]

  • Қаптама материалды аз көлемде пайдалану [ ]

  • Жабайы қоршаған ортасы бар бақ құру [ ]

  • Ағаш отырғызу [ ]

  • Қоршаған ортаға көңіл бөлетін компаниялардан тауар алу [ ]

  • Басқа - нақтыла ………………………………………………….




  1. Кейбір адамдар биоалуан түрлілікті қорғау жөнінде әрекет жасамайды. Сенің ойыңша, оларға мұны жасауға не кедергі, себептері неде?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………



  1. Биоалуан түрлілікті қорғау жөніндегі жауапкершілік кімнің мойнында деп санайсың?




  • Халықаралық ұйымдар (мысалы: Біріккен Ұлттар Ұйымы) [ ]

  • Ел үкіметі (мысалы: Қазақстан үкіметі) [ ]

  • Жергілікті бизнес-ұйымдар мен басқа да ұйымдар (мысалы: жұмыс берушілер мен қайырымдылық ұйымдары) [ ]

  • Жеке адамдар-азаматтар [ ]

  • Басқа - нақтыла ……………………………………………………..


Биоалуан түрліліктің азаюының мәселелеріне қатысты сұхбатқа қатысқыңыз келсе, қанатша қойып, атыңызды көрсетіңіз. Рахмет. [ ]

Атыңыз ………………………………………………………………

10.2 2-қосымша – Құрылымсыз сұхбат тізімі
Құрылымсыз сұхбат
Қажетті ақпарат тізімі
Бөлім 1 – Кіріспе


  • Кіріспе

  • Таңдалған тақырып бойынша жалпы ақпарат және зерттеу таңдауын негіздеу

  • Жаңа идеялар

  • Этикалық мәселелерді түсіндіру – зерттеу жүргізуге мектептен рұқсат, құпиялылық

  • Жұмыс жоспарын түсіндіру – мәселені ашық талқылау; қажетті жазбал жүргізу және тексеру


Бөлім 2 – Жеке мағлұмат


  • мектеп

  • жас

  • жыныс


Бөлім 3 – тақырыптар


  • Биоалуан түрліліктің азаюын түсіну

    • Табиғат

    • Себептер

    • Салдарлар

  • Жауап беруші проблема туралы қайдан білді?

  • Сұраққа жауап беру үшін қандай әрекеттер және неліктен жасалды?

  • Анағұрлым белсенді әрекеттерге не итермелеуі мүмкін?

  • Тапсырманы орындауға не бөгет?

  • Қалыптасқан жағдайды жалпы жақсарту үшін жеткілікті әрекет жасалды ма? Адамдар, бизнес және жергілікті ұйымдар, үкімет және халықаралық деңгейде? Тағы не істеуге болады?

10.3 Сауалнама нәтижелері
1-сұрақ

СҰРАҚ

1 себеп

2 себеп

3 себеп

4 себеп

5 себеп

С1 – климаттың өзгеру себептерінің тізімі

89%

74%

54%

32%

19%

Бұл кесте сауалнамаға қатысқан адамдардың жартысынан астамының климат өзгерісінің кем дегенде үш себебін білгендігін көрсетеді.
2-сұрақ

СҰРАҚ

1 салдар

2 салдар

3 салдар

4 салдар

5 салдар

С1 – климаттың өзгеру салдарларының тізімі

82%

65%

41%

24%

9%

3-сұрақ
Жауап берушілердің 56%-ы Қазақстанда жоғалып бара жатқан өсімдіктер не жануарлардың 5 түрін атай алады.
4-сұрақ
78%-ы биологиялық алуан түрліліктің азаюын маңызды деп санайды.
5 және 6-сұрақтар

С5 - Себептер

Жауап жиілігіне қарай

В6 - Салдарлар

Жауап жиілігіне қарай

Жаһандық жылыну

1

Азық-түліктің жетуспеушілігі

3

Ауыл шаруашылық жерлерінің қарқынды пайдаланылуы

3

Әлеуетті медициналық компоненттердің жоғалуы

4

Қоршаған ортаның ластануы

2

Түрлердің жоғалып кетуі

1

Жануарлар мен өсімдіктердің паразит түрлері

9

Табиғи апаттар

5

Шектен тыс тұтыну

4

Дәстүрлі өмір салтының жоғалуы

8

Мекендеу орындарының жоғалуы

6

Жұмысты жоғалту

6

Урбандалу

7

Жаһандық жылыну

7

Халықтың артуы

5

Экологиялық жүйенің зардап шегуі

2

Басқалары

8

Басқалары

9

7-сұрақ
Жауап берушілердің 75%-ы қоршаған ортаны қорғау үшін жеткіліксіз әрекет жасалған деп жауап берді.

8-сұрақ

Әрекеттер

Берілген әрекеттерді жасауға дайын адамдар пайызы

Жынысы

Ерлер

Әйелдер

Органикалық азық-түлікті тұтыну

12%

18%

Вегетарианшыл болу

24%

31%

Жергілікті өндіріс тауарларын сатып алу

68%

72%

Қоғамдық көлікті пайдалану

23%

39%

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қайырымдылық мақсаттарға ақша бөлу

72%

68%

Металл, пластик, қағазды қайта өңдеу

52%

70%

Қаптама материалды аз көлемде қолдану

34%

48%

Жабайы өсімдіктері бар бақ құру

42%

65%

Ағаш отырғызу

51%

80%

Қоршаған ортаның қамын ойлайтын компаниялардан тауарлар сатып алу

63%

70%

Басқалары

11%

14%

9-сұрақ


Ықтимал проблемалар

Анықталған жауап берушілер пайызы

Қоршаған орта мәселесіне қатысты жалпы білімнің жоқтығы

67%

Жағдайды жақсарту үшін жеке деңгейде не істеуге болатындығы туралы білімнің жетіспеушілігі

79%

Жағдайды өзгерту үшін бір адамның үлесінің тым аз екендігін сезіну

22%

Нарықта экологиялық жағынан таза өнімдер мен тауарлардың жетіспеушілігі

38%

Қоғам тарапынан түсініспеушілік

16%

Экологиялық жағынан таза өнімдер мен тауарлардың жоғары құны

63%

Бизнестің өз мүдделерін ұстануы

33%

Экология мәселесімен айналысатын адамдардан оқшаулық сезімі

29%

Другие

15%

10-сұрақ


Топ

Биоалуан түрлілікті қорғау үшін ең жауапты деген жауап берушілердің пайызы

Халықаралық ұйымдар

15

Үкіметтер

25

Жергілікті кәсіпорындар мен бизнес

25

Азаматтар

32

Басқалары

3


10.4 Құрылымсыз сұхбаттардың нәтижелері

Сұхбат нәтижелерін талдағаннан кейін келесі себептер мен проблемалар анықталды:




Себептер мен проблемалар

Жауап берушілер саны

Қоршаған орта мәселесіне қатысты жалпы білімнің жоқтығы

6

Жағдайды жақсарту үшін не істеуге болатындығы туралы білімнің жетіспеушілігі

6

Әрекеттер айырмашылықты түсіну үшін жеткіліксіз

3

Экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтердің қол жетімсіздігі

4

Экологиялық жағынан таза тауарлар мен қызметтердің құны

4





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет