Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс


Зерттеу жұмысының үлгісін пайдалану



бет2/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.54 Mb.
#186854
1   2   3   4   5   6   7

1.3 Зерттеу жұмысының үлгісін пайдалану



1.3.1 Мәні және мақсаты
Зерттеу жұмысының үлгілері – бұл «Жаһандық перспективалар және жоба жұмысы» пәні бойынша оқушылардың жауап үлгілері. Олар зерттеу үдерісінің ақырғы нәтижелері болып табылады және қорытынды баға үшін қолданылатын формада ұсынылады. Олар мұғалімдер не сарапшылар тарапынан жазылуы не оқушылардың бұрынғы жұмыстарының ішінен таңдап алынуы мүмкін. Үлгілер бағалау мақсаттарының түрлі деңгейлерін көрсетуі тиіс. Әдетте үлгілер А, С және Е бағалары бойынша таңдалады. Үлгілер осы бағаларды алатын оқушыларға тән жұмыстарды бейнелеуі қажет.
Зерттеу жұмысы үлгісінің түрлі оқыту әдістері мен оқу іс-әрекетінде қолданылуы мүмкін көптеген тәсілдері бар. Бірақ осы үлгіні жаһандық перспективалар мәнмәтінінде қолданудың негізгі мақсаты мұғалімдер мен оқушыларға төмендегі мәселелерді түсінуге мүмкіндік беруде жатыр:
• ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жеткізуге арналған әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының негізгі конвенциялары

• ғылыми-зерттеу жұмысында болуы қажет негізгі тараулар

• талап қойылатын сөз бен егжей-тегжейлі ақпарат көлемі

• зерттеу жұмысына баға қалай қойылады

• әртүрлі бағаларға жету үшін қажетті жұмыс стандарттары мен сапасы

• жоғарырақ бағаға жету үшін зерттеу есебін қалай жақсарту.


Үлгілерді талдау, бағалау және түзету арқылы оқушылар өздерінің сыни ойлау және коммуникациялық дағдыларын дамыта алады.
Мұғалімдер оқушыларға бұл үлгілердің қолдау және нұсқаулық ретінде қолданылатындығын хабарлауы керек. Оларды көшіруге не плагиат жасауға болмайды. Басқа адамдардың жұмыстарын көшіру не плагиат жасау дисквалификация не басқа да жазалау формаларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Арнайы бағдарламалық жасақтама плагиатты оңай анықтай алады.
1.3.2 Оқыту және үйрету стратегиялары
Зерттеу есебінің үлгісі келесі жолмен пайдаланылуы мүмкін.
1.3.2.1 Модель
Зерттеу жұмысының үлгісі оқушылардың осы жұмыстың құрылымын түсіне алатын модель ретінде қолданыла алады. Мұғалімдер:


  • Оқушыларға үлгі ретінде жай таратып, жақсы және жаман бағаға жазылған мысалдарды көрсету үшін қолдана алады;

  • Оқушылардың әр тарауда не істеулері қажеттігін түсіндіре отырып, үлгіні оқушылармен бірге сабақ үстінде тарау-тараумен оқи алады.

  • Үлгілерді жұптық не топтық жұмыста пайдалана алады, онда оқушылар мазмұнды талдау және әр тараудың қандай және қаншалықты егжей-тегжейлі ақпаратты қамтуы керектігін түсіну үшін үлгілерге талдау жасайды.

  • Ненің қалыс қалғанын түсіну үшін әр жұмысты кестеде егжей-тегжейлі сипатталып ұсынылған мазмұнмен салыстыруды сұрай алады.


1.3.2.2 Балл қою және бағалау бойынша жаттығулар
Зерттеу жұмысының үлгісін жұмыстарды бағалау тәсілдері мен түрлі деңгейлерге қойылатын стандарттарды оқушылардың түсінуіне көмектесу үшін пайдалануға болады. Мұғалімдер:


  • Үлгілерді бағалау үшін оқушыларға жеке не жұппен балл қою тәсімінен бағалау критерийлерін не оларға арнап мұғалім бейімдеген қарапайым нұсқасын береді. Форма әр критерий бойынша баллды жазып алу және түсіндіру үшін пайдаланылуы қажет. Жаттығуды алғашқы оқу кезінде үлгілердің деңгейін анықтаудан бастауға болады, артынан оқушылар егжей-тегжейлі бағалауға кіріседі.

  • қойылған баллдарды жұппен талқылап, осы бағалардың себептерін бір-біріне түсіндіруін сұрайды; артынан оқушылар төрт оқушыдан тұратын топтарға бірігеді де, қандай баға қоятынын шешеді; оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен сыныпта жұмыстарды талқылайды және үлгілер арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріп, бағалау критерийлерін пайдалана отырып, қорытынды баға қояды.

  • Оқушылардан жұмыстарды талдау барысында түрлі мақсаттарды бағалаудағы жетістіктерін дәлелдейтін ұсыныстарды көрсету үшін түрлі-түсті маркерлер пайдалануын сұрайды.

  • Үлгілерді тарауларға бөледі де, оқушыларға міндетті мақсатты ету және басқару үшін есептерді тарау-тараумен (тұтастай емес) бағалауды және салыстыруды ұсынады.


1.3.2.3 Жақсартуға арналған жаттығулар
Зерттеу жұмысының үлгісін зерттеу жұмысын жақсартуда оқушыға көмек ретінде пайдалануға болады. Әр жұмыс соңындағы пікірлер осы іс-әрекет түрі үшін ерекше пайдалы. Мұғалімдер:


  • Үлгіні не оның белгілі бір тарауын бір оқушыға не бір жұпқа беріп, үш не төрт күшті және осал жақтарын атауды сұрайды; артынан оқушылардан күшті жақтарын жақсарту және осал жақтарын жоюға қатысты тәжірибелік ұсыныстар беру сұралады, одан кейін оқушылардың ұсыныстарын әр үлгі соңындағы деректерді жақсарту жөніндегі пікірлермен салыстыруға болады.

  • Мини-презентациялар не плакаттар арқылы сыныппен бірге идеяларды талқылайды.

  • Оқушылардан үлгі не оның тарауы бойынша өздерінің «жақсарту жөніндегі пікірлерін» жазуын сұрайды.

  • Жеке оқушылардан үлгі не тараулардың электронды нұсқасына түзету енгізіп, жақсарту жөніндегі ұсыныстарға сүйене отырып, үлгіні не қандай да бір тарауды жақсартуын, артынан түзетілген үлгіге басқа оқушымен бірге тәуелсіз бағалау жүргізуін сұрайды.


1.3.2.4 Алғашқы нұсқаларды жазу дағдылары мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Зерттеу есебінің үлгісін алғашқы нұсқалар мен толықтырылған нұсқаларды жазу дағдыларын дамыту үшін пайдалануға болады. Мұғалімдер:
• оқушылардан жаңа материал не ұсыныстар енгізу не анық емес дәйектер мен ұсыныстарды жазып алу арқылы үлгілердің (не тараулардың) басып шығарылған не электронды нұсқаларын өз беттерімен жақсартуды және өзгертуді сұрайды; оқушылар түзетулерді көрсету үшін «өзгертулерді бақылау» функциясын не әртүрлі түрлі-түсті шрифттерді пайдаланады.

• жұмыстың түрлі күшті және осал жақтарын көрсету үшін тараудың өзіндік нұсқасын дайындап, оқушылардан оны жақсарту үшін мазмұнын қайта қарастыруды не дәйек пен байланыс сапасын қайта қарастыруды сұрайды.

• оқушылардың зерттеу есебінің алғашқы нұсқасын шолу кезінде жоғары баға қойылған үлгілерді қолданады.

1.3.2.5 Сыни ойлауды дамытуға арналған жаттығулар
Зерттеу есебінің үлгілерін сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін пайдалануға болады. Мұғалімдер:
• оқушылардың үлгілерді талдап, басты идеялар және сыни ойлау дағдыларының көмегімен бағалай алуы үшін үлгілердің тарауларын пайдаланады; мысалы: дереккөздер мен себептерді «мәнмәтін» тарауында дәйектерге дәлел ретінде пайдалану «көру қабілеті», «бедел» және әлеуетті «әділетсіздік» түрінде бағалануы мүмкін, ал «қорытынды» тарауы талданып, «қызықтыру» және «салдар» түрінде бағалана алады.
Оқыту мен үйретудің барлық ұсынылған жаттығулары түрлі мектептер, мұғалімдер мен оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімделуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет