Білім беру бағдарламасы 12-сынып Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс



бет4/7
Дата09.07.2016
өлшемі1.54 Mb.
#186854
1   2   3   4   5   6   7

2.2 Зерттеу жұмысыеп 1Жақсартуға арналған пікірлер мен ұсыныстар


Төмендегі пікірлерде жұмыстың күшті жақтары қанатшамен (), толықтыруды қажет ететін осал тұстары (х) және дамытуға арналған ұсыныстар () арқылы белгіленген.


Тарау

Пікірлер

Атауы

Атауы зерттеудің негізгі тұстары мен мақсаттарын қысқа және нақты сипаттауы қажет.


  • Атауы зерттеудің негізгі міндеттерін анық, қысқа және нақты сипаттайды

  • Зерттеу спектрінің аса кеңдігі және нақты болмауы зерттеудің негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Алайда бұл зерттеу орындала алатын және тым асқа емес белгілі бір бағытқа айқын бағдарланған.

Кіріспе

Бұл тарауда оқушылар тақырыпты таңдау себептерін түсіндіруі тиіс.


  • Оқушы биоалуан түрлілік тақырыбын өз тәжірибесі мен бұқаралық ақпарат құралдарының әсері, «Жаһандық перспективалар» курсының бағдарламасында оқытылатын жаһандық мәселелер мен жеке мүдделерімен байланыстыра отырып, өз таңдауына бірнеше дәйекті себеп келтіреді. Тақырып таңдау оның Қазақстандағы көкейкестілігі, мемлекеттік мүдделер және жеке құндылықтарға негізделеді.

  • Сілтемелер дәйекті дамыту және негіздеу, жалпы сөз санын 3,500 аясында сақтау үшін тиімді пайдаланылады.

  • Себептер қысқаша және толықтай көрсетілген.

  • Бұл тарауда дәлел ретінде жеткілікті дереккөздер келтіріледі, алайда қосымша дереккөздер зерттеуді тереңдетуге септесер еді, мысалы: соңғы абзацтағы жеке құндылықтарды негіздеу үшін.

  • Жеке құндылықтар туралы ағат пікірлілікті анағұрлым қысқа және анық қарастыруға болар еді.

Мәнмәтін


Бұл тарауда оқушылар таңдалған тақырыпқа арналған деректерді және зерттеу жобасының мақсаттарын болжайтын өз зерттеулерінің мәнмәтінін сипаттаулары қажет.


  • Оқушы тақырыпты климаттың өзгеруімен байланысты экологиялық мәселенің кең мәнмәтінінде қарастырады және зерттеу мақсатын айқын, прогрессивті назарда негіздейді.

  • Дереккөздердің кең таңдауы дәйекті қолдайтын дәлел ретінде пайдаланылады.

  • Жалпы алғанда анық және қысқаша сипатталған материалдың кең таңдауы пайдаланылады.

  • Материалдың ұйымдастырылуы мен дәйек келтіру анық және жақсы қүрылған.

  • Қазақстандағы биоалуан түрлілік тақырыбына қосымша дерекөздерді қосуға болар еді, бұл мәселенің тереңірек талқылануына әкелер еді.

  • Барлық дереккөздер бибилографияда дұрыс рәсімделген және көрсетілген.

Мақсаттар


Бұл тарауда оқушы өз зерттеуінің мақсаты мен негіздемесін сипаттауы қажет.


  • Зерттеу мақсаты есепте анық сипатталған және төрт зерттеу сұрағына бөлінген. Есеп жеткілікті сөз санынан тұрады.

  • Міндеттің орындалуы үшін Зерттеу сұрақтарының санын үшеуге дейін азайтуға болар еді.

  • Қазақстандағы мәселеге баса назар аудару айтарлықтай деңгейде орынды болар еді, мысалы: зерттеу аясы және берілген уақыт

  • Жалпы алғанда бұл тарау түсінікті, жақсы құрылған және қысқа.

Әдіс


Бұл тарауда оқушы өз таңдауының себептері мен сұрақтарды әзірлеуін сипаттап, түсіндіруі қажет.


  • Оқушы зерттеу құрылымын негіздейді және бірнеше аралас әдісті өте жақсы қолданады.

  • Әрбір зерттеу әдісінің көмегімен жиналған ақпараттың әр түрі сипатталады.

  • Бірақ сауалнаманы пайдалануға көбірек тәжірибелік негіздеме енгізуге болар еді. Құрылымсыз сұхбатты пайдалануға орынды негіздеме келтіріледі.

  • Зерттеу әдістерін негіздеуде «ағат пікірлілік», «сенімділік», «жинақтау» және «әділдік» секілді ұғымдарды пайдалану жақсы білім мен түсінікті көрсетеді.

  • Этикалық мәселелерді сезіну және әдістерді қолданудағы ықтимал қиындықтарды, олардың қалай еңсерілетінін қарастыру зерттеуді тереңдете түсті, мысалы: кейбір ғаламтор дерекөкздеріндегі әлеуетті ағат пікірлілік пен дәлдіктің жоқтығы.

  • Қосымшаларға толтырылмаған сауалнама мен құрылымсыз сұхбат енгізу аса пайдалы болды.

  • Сауалнама сұрақтарының құрылымын егжей-тегжейлі сипаттау пайдалы болар еді.

Нәтижелер


Бұл тарауда оқушы әр әдіс бойынша жиналған деректерді сипаттап, олардың бастапқы зерттеу сұрақтарымен қалай байланысатынын көрсетуі қажет.


  • Бұл тарауда оқушы әр әдісті қолдана отырып жинаған негізгі деректерді анық және ретті түрде толығымен сипаттайды.

  • Қосымшаларды пайдалану талдаудан алынған сандық деректердің болуын қамтамасыз етеді және есепті қысқаша түрде ұсынудың тиісті жолы болып табылады, сөздердің көрсетілген шектеуде сақталуына септеседі.

  • Кестелер мен басты тұстарды пайдалану ақпаратты жинақтау үшін өте пайдалы.

  • Презентацияның балама формаларын қолдануға болар еді, мысалы: дөңгелек диаграммалар мен графиктер.




Қорытынды

Бұл тарауда оқушы қорытынды не сұрақтарға жауап жазуы тиіс.


  • Оқушы анық және қысқа құрылған қорытындыда әрбір зерттеу сұрағы бойынша негізгі тұжырымдамаларын қысқаша жеткізеді.

  • Оқушы қорытындыны жақсы жасайды және жинақтау дәрежесін қарастырады. Мысалы: сауалнаманың тар жас спектріне байланысты.

  • Зерттеу қорытындысы мен мақсаты жақсы қарастырылған.

  • Көбірек мағлұмат талдауды тереңдетер еді.

Бағалау

Бұл тарауда оқушы қол жеткізілген деңгей мен зерттеудің іс жүзіндегі күшті және осал жақтары туралы жазуы қажет.


  • Бұл тарауда оқушы сапаны бағалау .үшін зерттеуге қатысты «сенімділік», «шынайылық», «өкілділік» және «жинақтау» секілді ұғымдарды пайдалана отырып, зерттеу жоспары мен әдістерінің бірқатар күшті және осал жақтарын қарастырады. Мұндай жұмыстың істелгені өте жақсы.

  • Зерттеу әдістері мен жоспарын жақсарту ұсыныстары енгізілген.

  • Тағы да бір не екі ұсыныс қосқан пайдалы болар еді.

Әрі қарай зерттеу

Бұл тарауда оқушы әрі қарай зерттеу үшін өз зерттеуінен туындайтын идеяларды ұсына алады.


  • Зерттеу нәтижелері мен кемшіліктерімен байланыстырылып, әрі қарай зерттеуге арналған бірқатар ұсыныстар сипатталады. Айқын және қысқа түсініктеме берілген.

  • Зерттеудің жеке көзқарастарға әсері мұқият сипатталады және зерттеу нәтижелері мен қорытындысынан логикалық түрде нанымды болады.

  • Зерттеудің бастапқы және жаңа сұрақтарын әрі қарай зерттеу маңыздылығы талқыланған.

  • Зерттеу нәтижелерін әрі қарай зерттеумен және мектепте экологиялық клуб ашу ойымен байланыстыру осы тарауды жақсы аяқтар еді.

Библиография

Бұл тарауда оқушы толық библиографияны көрсетуі қажет.


  • Ресурстардың кең таңдауының пайдаланылуын көрсете отырып, тиісті библиография енгізілген.


2.3 3-зерттеу жұмысы (С деңгейінің үлгісі)

Қалаға көшу


Қалалық аудандарға көшіп-қону себептерін зерттеу

Сөздер саны – 3083



1. Кіріспе
Дүниежүзінің көптеген жерлерінде таралған маңызды жаһандық мәселелердің бірі бұл –қаладағы көп адамдар тобының орын ауыстыруы. Көптеген адамдар қалаларға кету және тұру үшін өздерінің ауылдық жердегі бұрынғы үйлерін тастап кетеді; кейде өзінің туған еліндегі, ал кейде шекара арқылы жаңа елге қоныс аударады. Бұл орын ауыстыру көптеген қалалардың жылдам өсуіне – урбанизация үдерісіне әкеледі. Бұл үдеріс көптеген адамдар үшін экономикалық пайда келтіреді, алайда күрделі мәселе де туғызуы мүмкін.

Мен жылдам өсіп келе жатқан және осында тұратындар үшін көптеген басымдықтары бар қалада тұрамын. Менің отбасым ата-анам мемлекеттік басқарудағы жаңа жұмыс орындарын алған кезде үш жыл бұрын көшіп келді. Қазір біздің өзімізге қатты ұнайтын пәтерімізжәне көптеген адамдарқалайтын өмір сүру салтымыз бар.Десек те қалаға көшу ешқашан оңай болған емес –әсіресе менің отбасымның бірнеше мүшесі сол жақта қалып қойғандығы және оларды жиі көрмейтіндігімізтуралы факті мәселе туғызды.

Қазіргі замандағы Қазақстан пәнінде біздің қоғамдағы өзгерістерді және біздің экономикамыз бен қалалардың өсімін зерделедік. Жаһандық Перспективалар пәнінде біз дүниежүзінің әртүрлі жерлеріндегі көші-қон және урбандалу тақырыбын зерделедік. Мен мәдениеттің әркелкілігіне қарамастан, адамдар бастарынан кешкен өзгерістер көп жағдайда бір-біріне ұқсас болып келетінін білдім.

Көші-қон тақырыбы осы ғылыми-зерттеу жобасы үшін таңдап алынды, себебі мен оны өз басымнан кешірдім, яғни мен қалада тұрамын. Маған өзімнің жеке тәжірибем туралы ойлану және басқа адамдардың тәжірибесі туралы көптеп білу мүмкіндігі қажет болды. Бұл орын ауыстыру және көші-қон себептері туралы көптеп білуге мүмкіндік береді.


Мұнымен қоса, дүниежүзінің әртүрлі елдерінде, сондай-ақ елдер арасында орын ауыстырып жүрген көптеген адамдардың тәжірибесі менің жеке тәжірибеме қарағанда қанағатттанарлық емес екені байқалады.Сапар шегу кезіндегі апаттар тарихы, мысалы, көшіп-қонушылар мінген қайықтар суға батқан жағдайларда, сондай-ақ орын табумен байланысты қиындықтар сияқты ұшып келген кездегі мәселелеркеңінен таралған. Олар бізге жақсы белгілі, алайда бұған да қарамастан адамдар орын ауыстыра береді. Мен олардың шынайы қиындықтар жағдайындағы уәждемелері туралы білгім келді.
Қазақстан баспасөзі мен жаңалық агенттіктері хабарлаған соңғы мысалдардың бірі Жерорта теңізіндегі арал ауданында борттағы көшіп-қонушылар мінген кеменің суғабатуы туралы жаңалық болды. 1
Бұл оқиға барлық қатерлерге қарамастан, көші-қонға деген уәждеме өте күшті болуы қажет. Себептері қандай? Неліктен осы адамдар көшіп-қонуды қалайды? Мен осы сұрақтардың жауабын білгім келеді.
Бұл осы тақырыпты таңдауымның себебі болып табылады.

2.Мәнмәтін

Тарихшылар мен географтар көші-қон тақырыбын зерделеп, адамдар көптеген мыңжылдықтар ішінде елдер мен континенттер арасында орын ауыстырғандығын атап өтеді.2Көші-қон бұрынғы кезде адам мінез-құлқының маңызды ерекшелігі болып табылды.

Көші-қон бүгінде жалғасуда және жаңа елдерге немесе өз елінен тысқары жаңа орындарға көшетін көптеген адамдар кездесіп жатады. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымы көші-қон үлгісінің статистикасын жариялады(Біріккен Ұлттар Ұйымы, 2013).Бұлстатистикалар қазіргі уақытта жинақталуда.

Адамдардың көпшілігі бұрынғы кездегі кез келген уақытқа салыстыру жүргізген кезде шетелде тұрады. 2000 жылғы 175 млн және 1990 жылғы 154 млн-мен салыстырғанда 2013 жылы 232 млн. адам немесе дүниежүзі халқының 3,2 пайызы халықаралық көшіп-қонушылар болған.

Қазіргі таңда өз елдерінен тысқары жерлерде тұратын едәуір ірі топтар азиаттар мен латын американдықтар болып табылады. 2013 жылдың соңында азиаттар Еуропада тұратын шамамен 19 миллион көшіп-қонушынықұрайтын ең үлкен топ болды,ал шамамен 16 млн.Солтүстік Америкада және шамамен 3 млн. Океанияда болды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде туған көшіп-қонушылардың басым көпшілігі (26 млн) үлкендігі жағынан екінші топ болып табылады, олар негізінен Солтүстік Америкада тұратын көшіп-қонушылар.

2013 жылы Оңтүстік Америкадан шыққандар халықаралық көшіп-қонушылардың ішінде ең үлкен топ болды. Оңтүстік Азияның 36 млн. халықаралық көшіп-қонушысы Батыс Азияның мұнай өндіруші елдерінде тұрып келген. Орталық Америкаданшыққан, Мексиканы қоса алғанда көшіп-қонушылар көшіп-қонушылардың тағы бір үлкен тобын құрайды.Орталық Американың 17,4 млн. көшіп-қонушысының шамамен 16.3 млн. АҚШ-та тұрған.

Еуропа мен Азияға бүкіл дүние жүзіндегі барлық халықаралық көшіп-қонушылардың үштен екісіне дерліккөшіп-қонушы қоныс тепті. Еуропа 2013 жылы Азиядағы 71 млн.-мен салыстырғанда 72 млн. халықаралық көшіп-қонушы санымен ең үздік орында қалады. 1990 жылдан бастап Солтүстік Америкада 25 млн. көшіп-қонушы санын қоса отырып, халықаралық көшіп-қонушылардың абсолютті санының ең үлкен өсімі байқалды, сондай-ақ жылына 2,8 пайыз көшіп-қонушылар есебінен ең жылдам өсім байқалды.
Басқа өңірлермен салыстырғанда Азия 200 жылдан бастап халықаралық көшіп-қонушылар санының едәуір өсуін бастан кешірді, 13 жыл ішінде шамамен 20 миллион көшіп-қонушы қосылған.Уилмоз мырза: «бұл өсім Батыс Азия мұнай өндіруші елдерінде және экономикасы жылдам қарқынмен дамып келе жатқан Малайзия, Сингапур және Таиланд сияқты Шығыс Азия елдерінде шетелдік жұмыс күшіне деген сұраныстың артуына байланысты болды»,- деген болатын (Біріккен Ұлттар Ұйымы, 2013 жыл).

2013 жылы барлық халықаралық көшіп-қонушылардың жартысына жуығы төмендегі кестеде көрсетілгендей 10 елде тұрған.



1-кесте – Көшіп-қонушылар арасындағы едәуір әйгілі елдер ондығы

Ел

Елде тұратын көшіп-қонушылар саны

АҚШ

45,800,00

Ресей

11,000,000

Германия

9,800,000

Сауд Арабиясы

9,100,000

БАӘ

7,800,000

Ұлыбритания

7,800,000

Франция

7,400,000

Канада

7,300,000

Австралия

6,500,000

Испания

6,500,000

Халықаралықкөшіп-қонушылардыңкөпшілігікөшіп-қонушылардыңжалпысанынаншамамен 75%-ы20 жастан 64 жасқадейінгіеңбеккежарамдыадамдарболыптабылады. Бұлеңбеккежарамдыадамдарүлесі 5 %-дықұрайтынжалпыхалықпайызынанайтарлықтайжоғары.



Көшіп-қонушылардың көпшілігі еңбекке жарамды жаста болғандықтан, олардың ең аз санын 20 жасқа дейінгі жас көшіп-қонушылар құрайды.Мұнымен қоса, көптеген елдерде шетелдік ата-аналардан туған балалар халықаралық көшіп-қонушы ретінде тіркелмейді.Сәйкесінше, балалар 35 жалпы халық санының тек 15 пайызын ғана құрайды. Алайда аталған статистикалық деректер нақты болмауы да мүмкін.
65 жастан жоғары кәрі көшіп-қонушылар дүниежүзіндегі барлық көшіп-ұонушылардың шамамен 11 пайызын құрайды.Олардың көпшілігі онжылдықтар бойы қоныстандыру елдерінде тұрады. Дамыған елдерде кәрі көшіп-қонушылар саны 1990 жылғы 11 миллионнан 2013 жылғы 18 миллионға дейін артты.
Барлық халықаралық көшіп-қонушылардың шамамен жартысын әйелдер құрайды, алайда өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылықтар да кезедеседі.Солтүстіктегі барық көшіп-қонушылардың 52 пайызын әйелдер құраса, ал оңтүстікте олардың үлесіне тек 43 пайыз ғана тиеді.Халықаралық көшіп-қонушылардың тарихи мекендерінде, мысалы Еуропа мен Америкада, әдетте, әйелдердің басым бөлігі тұрады.Десек те ер жынысты көшіп-қонушылар саны Азия мен Африкадағы әйелдер санын басып озады, мұнда көші-қон өмір сүру ұзақтығы аз болып табылады және өмір сүру және еңбек шарттары әйелдерге қарағанда ерлердің талаптарына қарай жасалған. Мысалы, тау-кен, мұнай және құрылыс өнеркәсібінде жұмыс істейтін көшіп-қонушылар.
Босқындар тек көшіп-қонушылардың ең аз санын құрайды, 2013 жылы олар 15700000-ды немесе халықаралық көшіп-қонушылардың шамамен жеті пайызын құрады. Босқындардың едәуір көп саны Азиядан (10400000), ал содан кейін Африкадан (2900000) және Еуропадан (1500000) шыққан азаматтар болды.
БҰҰ аталған статистикалық деректері көші-қон дамып келе жатқанын көрсетеді. Олар сонымен қатар көптеген адамдар экономикалық себептерге, яғни табысын арттыру үшін жоғары ақы төлейтін жұмысқа орналасуға байланысты көшіп-қонады деп болжайды.Олардың кейбіреулері босқындар болып табылады.
Адамдар өздерінің тұрғылықты жерлерін жиі ауыстыратын жағдайда олар басқа елдерге немесе басқа қалаларға көшеді, себебі олар мұнда жұмыс таба алулары мүмкін. Осылайша, аталған зерттеу көшіп-қонушылар тәжірибесін қарастырады. Жүргізілген зерттеу көшіп-қонудың бездіретін және өзіне тартатын факторлар болып табылатын себептерін анықтады (Loiselle, 2013). Аталған нұсқаулық жүргізілген зерттеудің бақылау тізімінен тұрады.
Алайда бұл статистикалық деректер көші-қонның негізгі себебін анықтамайды, тек көші-қондағы кейбір заңнамалық пен беталысты ғана береді. Адамдардың көші-қон тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі білу үшін және оның себептерін анықтау үшін сапалы деректер алу және көшіп-қонушылар не ойлайтынын білу қажет. Бұл зерттеу мақсаты болып табылады.


3. Мақсаттары
Статистика мен БАҚ-тағы тақырыптар көші-қон туралы мәселеге кейбір бастапқы ақпаратты беруі мүмкін, бірақ олар жұмыс орны мен тұрғылықты орнын ауыстырамын деп шешкен адамдар көзқарасы тұрғысынан көші-қон себебін толығымен түсіндіре алмайды. Мектепте жұмыс істей отырып, мен көші-қон мәселесімен шұғылдандым, көші-қон себебі едәуір күрделі болуы мүмкін екенін білдім. Сондықтан зерттеу мақсаты көшіп-қонушылардың көзқарасы тарапынан көшу себептерін анықтау болды.
Зерттеудің негізгі мәседедері мыналар:
• Көші-қонның негізгі себептері қандай?

• Неліктен адамдар қалаларға көшеді?


4. Әдіс
Аталған жұмыста негізгі екі әдіс пайдаланылды. Біріншіден, жалпылай алғанда көші-қон туралы екінші реттік дереккөздердегі кейбір бастапқы зерттеулер жүргізілді, екіншіден, бастапқы зерттеу, нақтырақ айтсақ, көшіп-қонушылардың жергілікті қауымдастығы арасында дайындалмаған сұрақтармен сұхбат жүргізілді.
Бастапқы зерттеу жалпылай алғанда көші-қон мәселесін түсіну үшін және менің көші-қон өсімі туралы пікірімнің нақты болғанына көз жеткізу үшін көші-қон заңнамалығы мен беталысы туралы ақпарат алуға бағытталды. Аталған әдіс біздің қаладағы аталған мәселеге куә болған жеке тәжірибемнен пайдаланылды. Бастапқы зерттеу Интернетті пайдалану арқлы жасалды, өйткені ең бастысы кітапханадан алынған ресурстарды пайдаланғанға қарағанда бұл өте қарапайым болды. Бұдан басқа мектепте және үйде интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсы болды, ал ақпарат едәуір қолжетімді болды.
Адамдардың тәжірибесін және олардың өз әрекеті мен өміріне бөлетін ойлары адамдарды «өздері үшін сөйлеуге» мәжбүрлейтін үздік әдіс болып табылады. Зерттеу ақпаратты үстіртін де, сондай-ақ тереңірек те алуы мүмкін. Олар өз тарихын өз сөзімен баяндап беруі мүмкін. Бұл зерттеушіге – «олардың орнында» көзқарасы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан жүргізілген әдіс дайындалмаған сұрақтармен (респонденттер жауаптарынан туындайтын жетекші сұрақтармен) жүргізілген сұхбат түрінде болды.
Сұхбат жас санаттары мен жынысы әртүрлі, сондай-ақ әртүрлі отбасынан және кәсіптегі алты адам арасында өткізілді. Аталған әдіс бойынша сұхбатты адамдардың әртүрлі санаттары арысында жүргізу көзделгендігі көрсетілді. Сұхбат олардың үйлерінде тыныштық жағдайында өткізілген болатын, себебі олар менің отбасыммен дос болатын. Менің ата-анам сұхбат жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныс жасап, сұхбат ұйымдастырылғанға дейін келісім алғанша олармен байланыс жасап отырды, бұл зерттеудің қауіпсіз жүргізілуіне ықпал етті.
Сұхбаттың құпия түрде жүргізілетіні және нәтижелері магнитофонға жазылып алынатыны туралы қатысушыларға ескертілді. Барлық респонденттер жазып алудың мұндай түріне келісімдерін берді.
Сұхбаттың дайындалмаған сұрақтары келесі нұсқаулықты басшылыққа алды, бірақ сұрақтар көші-қон үшін тәжірибені, себептер мен уәждемелерді толық көлемде зерделеуге болатындай ашық күйінде қалды.
Зерттеу жоспарында интернеттің көмегімен, Азияның интернет-қауымдастықтарын пайдалана отырып, қатысушыларды жинау жоспарланды. Алайда адамдармен байланыс орнатуда хостинг қауымдастық ұйымдарының көшбасшылары бас тартты. Бұл көші-қонды бастарынан кешкен көшіп-қонушыларға қатысты алғанда құпиялылық, кемсітушілік және ескішілдікке қатысты қауіпке байланысты болды. Адамдар өздерін осал сезінді және сол себептен зерттеудің көп уақыт алауы мүмкін екендігін алға тартып, одан бас тартты. Сонымен қатар жақындарына зерттеу жүргізу ұсынылды, бірақ олар да зерттеудің тым көп уақыт алуы мүмкін екендігіне байланысты бас тартты. Бұған қоса менің жақындарымнан алынған ақпарат объективті болмауы да мүмкін еді.
Зерттеу нәтижелер төменде сипатталған
2-кесте. Дайындалмаған сұхбаттың тексеру парағы


Дискуссия тақырыптары

Жобалап алынған тақырыптар

Бұрынғы өмір сүру салты

Жұмыс, Баспана; Отбасы, Қоғам және көрші болу; Бос уақыт; Басқа

Көшудің себептері - бездіретін факторлар

Жұмыссыздық; Жергілікті табиғи апаттар; Келіспеушіліктер; Экология, Кедейлік, Басқа

Көшудің себептері–жақындастыру факторлары

Жұмысқа орналасу үшін жақсы мүмкіндіктер; Еңбек жағдайын жақсарту; Отбасына жақын болу; Мәдениет ұйымдарына бару; Басқа

Көшудің басқа да себептері

Зерттеу мен сұрақтар

Көші-қонныңжағымдытәжірибесі

Қатысушылардыңсұрақтарынасүйенеотырып (жұмыс, білім, баспана, отбасы, мәдениет, дін, қоғамдыққатынастар)

Көші-қонның теріс тәжірибесі

Қатысушылардыңсұрақтарынасүйенеотырып (жұмыс, білім, баспана, отбасы, мәдениет, дін, қоғамдыққатынастар)

Басқа

Зерттеу және сұрақтар


5. Нәтижелері
Интернетте жұмыс істеу көші-қон дүниежүзінің барлық елдерінде өсіп келе жатқанын көрсетті. Көші-қон себептері көп жағдайда адамдардың орындарын тастауларына (push) себеп болатын факторлар мен адамдардың жаңа орынға көшулеріне (pull)жартылай себеп болатын факторларға байланысты болады (Бұл ақпарат зерттеудің екінші кезеңі – құрылымдалмаған сұхбат бөлімінен алынған болатын.
Құрылымдалмаған сұхбат теңдессіз қорытындыны көрсетті. Сұхбатқа қатысушылар ұсынған көші-қон себептері 3-кестеде келтірілген.
3-кесте – Қатысушылар ұсынған көші-қон себептері

Сұрақтар

Жауаптар

Қатысушылар саны

Көші-қон себептері

  • Өмір сүру жағдайын жақсарту

  • Жұмыс табу

  • Күшті жұмыс табу

  • Кедейлікті болдырмау

  • Бала сүйе алу

  • Өмірсүруүшінқолайлыжағдайғақолжеткізу

  • Өмірсүрусалтынөзгерткісікелуниеті

  • Осы аудандағы кен орындарынан ластауды болдырмау

  • Шөлдердің көбеюі ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді қиындатты

  • Туыстарына жақын болу

6

3

3



4

2

2



1

1
1


4

Қалаға көшу себептері

  • Қала жұмыспен қамтылу үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады

  • Досы немесе отбасы мүшесі қалада тұрады

  • Қалада ойын-сауық түрі көп

  • Көлік жүйелері де жақсы дамыған

  • Тұру үшін жақсы ауданды таңдап алу мүмкіндігі бар

  • Үкімет жұмыс орындарын ұсынады

  • Өзіне тартып тұратын атмосфера қалыптасқан

5
4
2

2

4


3

2



Кестеадамдардыңөзөмірсүрусалттарынжақсартужәнекедейліктіболдырмауүшін, көпжағдайдажақсыжұмыстабуүшінкөшіп-қонатындықтарынкөрсетті. Адамдаркөбінеқалағакөшудіқалайды, себебіқаладажұмысқаорналасужәнеөмірсүрусалтынжақсартуүшінкөпмүмкіндіктерқарастырылған.


6. Қорытынды
Толық зерттеу жұмыстарының егжей-тегжейлі өңделген деректерінен адамдарда бір елден басқа елге немесе өз елі аумағында көшумен байланысты пайда болатын себептер қатары бар. Алайда әдетте бұл өзінің бастапқы өмір сүру ортасына қанағаттанбаумен және жаңа тұрғылықты жері оларға жұмысқа орналасуда және өмір сүру сапасын жақсартуда үздік мүмкіндіктер береді деген сеніммен түсіндіріледі.
Зерттеу жұмысының ең алғашқы сұрағына жауаптың ішінде жұмыс орнын ауыстыру үшін ең маңыздысы өмір стандарттарын, жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін жақсарту және кедейлікті (төменгі өмір сүру стандарттарын) болдырмау болып табылады.
Зерттеу жұмысының екінші сұрағына алынған жауап бойынша адамдар қалаларға жұмыспен қамтылу мүмкіндігін алу, өмір (үй жағдайын) сапасын жақсарту және қалада тұратын отбасы мүшелері үшін көшеді деуге болады.
Өмір сүру жағдайларын және оның сапасын жақсартумен байланысты себептер кездейсоқтық болмады, қандай да бір деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасын және алдыңғы географиялық зерттеуді жаңартты. Бұл сонымен қатар менің отбасындағы жеке тәжірибеме де ықпалын тигізді. Респонденттердің көп бөлігі отбасылық қарым-қатынастар – бұл көшетін орынды таңдау кезіндегі шешуші фактор деп жауап берген. Бұл тыңғылықты дайындалған сұхбатқа байланысты және қатысушылар өздері үшін жауап бергені және олардың жауаптары айқын әрі шынайы болғандығына байланысты болды.Басқа күтілмеген себеп ретінде қоршаған орта факторларының – ластану, шөлге айналу және тау-кен өнеркәсібінің әсері болды.
7. Бағалау
Жалпылай алғанда зерттеу жұмысы барлық сұрақтарға жауап берді және мақсатқа қол жеткізілді. Құрылымдалмаған сұхбат нәтижесінде алынған деректер менің де жеке тәжірибемді және бастапқы зерттеу қорытындыларын дәлелдеді. Сәйкесінше, қорытындының маңызын қарастыра отырып, оны сенімділікпен қолдануға болады. Бұл нәтижелер бәрінен бұрын әрекет етуі және осы адамдар үшін көшіп-қонудың нағызбелгісі ретінде қызмет етуі ықтимал.
Алайда жүргізілген сұхбат көлемі едәуір аз болды және ақпарат жинау отбасының достары мен туыстары берген жауаптар негізінде жүргізілді, олармен ұйымдастырылған сұхбат достық қалыпты жағдайда өткізілді. Ал бұл күшті тәуекелдің болуын, яғни үлгілік сұхбат жүргізуде қандай да бір субъектілік бар екендігі және сауалнамаға қатысушылар көшіп-қонушылармен байланысты осыған ұқсас жағдайда болғандықтарына байланысты басқалардың пікірімен келісетіндіктерін көрсетеді. Аталған сұхбаттың нәтижелеріне қатты сенуге болмайтын басқа себеп – сауалнамаға қатысқандар санының аз болуы (6 адам). Сұхбаттың аталған үлгісі көрнекті сұхбат емес екендігі туралы мүмкіндік өте жоғары, бұл жерде оның кішкентай көлемі ескеріледі. Сәйкесінше, аталған елдегі немесе бүкіл дүние жүзіндегі барлық көшіп-қонушылар туралы жиынтық түрде айтуға болмайды.
Осы ғылыми жұмыс аясында маған басқа елдегі адамдарға сауалнама жүргізе алмағандығым өкінішті болды, бұл көшіп-қонушыларға қатысты ақпаратты жинақтау үшін дәлелдер мен толық негіздің жеткіліксіздігіне әкеп соқты.
Аталған құрылымдалмаған сұхбатты жүргізу өте қызықты болды және барлық қатысушылар олардың тұрғылықты жерлерін ауыстыру уәждемелері мен тәжірибесі туралы сауалнама жүргізу кезінде айқындылық байқатты. Көші-қонның оң және теріс аспектілері бойынша жинақталған материал, негізінен, зерттеу жұмысының сұрақтарымен тікелей байланысты болғандықтан, ол пайдаланылмады. Болашақта зерттеу назарын басты мақсаттарға едәуір жақындастырылған мәселелерге назарды аударған жөн болар еді. Десек те тұрғылықты орнын ауыстыру туралы мәселе қозғалған кезде талқылаулардың кейбірі айтарлықтай терең болуына байланысты және болашақ талдау мен адамдардың ел ішімен қатар бүкіл дүние жүзі бойынша қозғалысы туралы толық түсінік қалыптастыру тұрғысынан пайдалы болды.


  1. Әрі қарай зерттеу

Әрі қарай зерттеу жүргізу үшін белгілі бағыттардың бірі отбасылық байланыстарды зерттеу және отбасының басқа мүшелерінің көші-қонмен байланысты уәждеме мен себептерге әсері болып табылады. Бұл кездейсоқ ашылу болды және бұл туралы бастапқы зерттеуде жиі айтылмағандықтан, одан әрі егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Адамдар өмірінің өзгеруінің жеке аспектілері зерттеулерде айтарлықтай толық түсіндірілуі тиіс.

Әрі қарай зерттеу жүргізудегі келесі бағыт көші-қон фактілерін зерттеу болуы тиіс –күтілген нәтижелер тәжірибеде расталды ма? Жақсы өмір туралы арманға қол жеткізілді ме? Аталған тақырыппен байланысты құрылымдалмаған сауалнамадан алынған ақпарат бөлігі бастаушы айқындама ретінде немесе тәжірибелік зерттеу ретінде пайдаланылуы мүмкін бе?

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасы көшіп-қонушылардың көп бөлігін ер адамдар құрайтынын және олар әртүрлі себептерге байланысты көшіп-қонатынынкөрсетті. Аталған ерекшеліктердің себептері де зерттелуі мүмкін.

Зерттеу жеке менің де перспективаларыма және аталған мәселе бойынша тәжірибеме де әсер етті. Адамдар әдетте өздерін түзеткілері, өз отбасыларына қамқор болғылары және өз балаларының болашағын жақсартқылары келеді. Дәл осы себептерге байланысты менің отбасым қалаға көшті. Алайда қалыптасқан отбасылық жағдайлар бағытты таңдауда және көші-қон үдерісіне едәуір ықпал ететінін түсіндім.Бұл болашақ туралы менің түсінігімді қалыптастырады. Қоршаған орта факторларының әсері таңқаларлықтай болғанын және өз елімдегі жергілікті ахуалдарға немесе әдемі, таза және сау өмір сүруге деген өсіп келе жатқан қызығушылықпен байланысты болуы мүмкін екендігін қоса кеткім келеді.Нәтижесінде аталған мәселені өзім үшін бұдан әрі зерттегім келді.



  1. Ескертпелер

1. Есеп мысалдарын келесі сілтемелер бойынша табуға болады:



http://www.inform.kz/eng/article/2594334

http://www.bnews.kz/en/news/post/162727/
2. Тарихшылар мен антропологтар көші-қон өркениеттің ерте дамуы кезінде дүниежүзінің әртүрлі жерлерінде адамның пайда болуының маңызды факторы болғандығын дәлелдеді. Географтар көші-қонның бұрын да болғанын және бүгінгі таңда жалғасып келе жатқанын көрсету үшін адамдардың орын ауыстыру карталарын жасады.


10. Библиография
Келесі ақпарат көздері пайдаланылды:
Loiselle, М. 2013 Миграция: причины миграции, National Geographic, Вашингтон, США
Всемирный банк, 2013 год, данные на сайте

http://data.worldbank.org/indicator/SM.POP.NETM


Запуск национального центра по борьбе с распространением пустынь в Казахстане, 2013 год, репортаж, на сайте Tengrinews http://en.tengrinews.kz
Организация Объединенных Наций 2013 Население Пресс-релиз - 232 млн. международные мигранты, проживающие за рубежом в мире - Новая Глобальная Статистика миграции, ООН 2013
Вильмот, Дж. 2013 Заявление г-на Джон Вильмот, Директор, Отдел

по вопросам населения

Департамент по экономическим и социальным вопросам Организации Объединенных Наций, 11 сентября 2013, Нью-Йорк, опубликовано на веб-сайте ООН, отдел по вопросам населения.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет