паралингвистика;
аударматану;
әлеуметтік
лингвистика;
психолингвистика;
этномәдениеттану.
Тіл мен мәдениет арасындағы өзектестік философия, социология және
лингвомәдениеттаным сияқты ғылымдардың бірігуі арқылы ғана анықталатын пәнаралық
проблема.
Бүгiнгi таңда еліміздің саяси-экономикалық, мәдени
дамуын ғаламдану және
интеграция құбылыстарымен сабақтастықта қарастыру үрдiсi кең қанат жаюда.
Қазақстанның саяси егемендiгi, қоғамдағы демографиялық өзгерiстер зиялы қауымға
тәуелсіз қазақ елінің ғылыми негiзделген, бiртұтас шынайы тарихын анықтауды жүктедi.
Қазақстан ғылымының негiзгi бағыттары қазақ халқының рухани қазынасын қайта
жаңғырту мәселесiмен тiкелей байланысты. Сондықтан түркiтануда,
оның iшiнде қазақ
тiл бiлiмiнде де қоғам өмірін ұлттық тілде сөйлейтін халықтың
мәдениетімен, өткен
тарихымен, даму кезеңдерiмен, салт-дәстүрiмен ұштастыра
зерттеу ісі көкейкесті
мәселелердiң бiрi болып отыр.
2. Қай тілдің болмасын, оның түп негізі, шын иесі – белгілі бір халық, дәлірек айтсақ
ұлт, немесе ұлыс. Ол тілде оны тұтынушы ұлттың өмір тарихы толайым сақталады.
Халықтың ұлттық, тілдік, ерекшеліктері есім категориясынан өз алдына ерекше
көрінетіндіктен, жалқы есімдердің табиғатын анықтау айтарлықтай маңызды. Ұ.Р.
Ержанова “Тілдегі ұлттық дүниетаным көрінісі” атты мақаласында: “Қазақ тіліндегі
материалдар негізінде ұлттық дүниетаным көрінісі әсіресе,
кеңістік, уақыт өлшемі мен
адамның рухани дүниесі, мақал-мәтел, тұрақты тіркестер мен афоризмдерде,
сондай-ақ
атаулар бойында сақталған”, – деп атап өтеді
Тіл тұтастығы қалыптасуының сол тілде сөйлеуші халықтың бір-бірімен өзара тығыз
қарым-қатынасымен түсіндірілу жайы етене әлеуметтік уәжділіктермен байланысты.
Ұлттың шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады.
Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер
азықтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-
томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты, т.б. тек тіл фактілері ретінде
ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана
бізге жетуі мүмкін
Осы орайда “ұлт пен тіл біртұтас” деген қағидаға сүйенетін,
этностың тілдік
қазынасын сол халықтың рухани-мәдени, тарихи түпнегіздерімен өзектестігін түсініп,
яғни адам табиғаты мен тіл табиғатын сабақтастыра зерттейтін антрополингвистика,
когнитивтік лингвистика, психолингвистика т.с.с. лингвистика салаларының дамуы –
қазіргі тіл ғылымының жаңа бағыттарының теориялық негіздерін зерделеу барысында көз
жеткізе аламыз.
Этнолингвистика (грек.
ethnos – халық, тайпа), тілді халық (ұлт) мәдениетімен,
болмыс-бітімімен
байланыста,
бірлікте
зерттейтін
металингвистикалық
сала.
Этнолингвистиканың басты назары – белгілі бір этностың қайталанбас феномен ретіндегі
өзіне ғана тән психологиясы мен дүниетанымын сол ұлт тұтынатын тіл тұрғысынан
зерделеуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: