Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан 
туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінде» 
өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық жан-жақты зерттеу барысында іштей 
жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистика, 
паралингвистика іспеттес этнолингвистика да – «этностаным» мен «тілтаным» 
ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа 
сала.
Орыс ғалымы О.С. Ахманова этнолингвистика терминіне мынадай анықтама береді: 
«Этнолингвистика – тілдің өмір сүруі мен дамуындағы тіл мен халықтың және 
лингвистикалық факторлар мен этникалық факторлардың өзара қатынасын зерттейтін 
макролингвистика саласы».


Тіл біліміндегі дербес бағыт ретінде этнолингвистика ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас 
кезеңінде АҚШ-тағы этнографиялық, археологиялық және лингвистикалық әдістер 
арқылы адамзаттың рухани мәдениетін кешенді түрде зерттеуді пән еткен «мәдени 
антропологияның» ауқымында пайда болды. Сол себептен де, көп жағдайда 
«этнолингвистика» терминімен бірге «антропологиялық лингвистика» немесе 
«лингвистикалық антропология» деген тіркесімдер бір ұғымда жарыса қолданылады 
(Бірақ 
біздің 
мақсатымызға 
сай 
антропологиялық 
лингвистиканың 
шеңбері 
этнолингвистикадан кеңірек екендігін атап өтпекшіміз –С.Ж.). 
Лингвист-зерттеуші қоғамдық қатынастарда тілдің неше алуан қырларымен 
ұшырасса да, оны сол тілді тұтынушы ұлттың ой-санасымен, оны қалыптастырған тарихи, 
тұрмыстық, мәдени факторлармен не тікелей немесе жанама түрде байланыстырары 
сөзсіз. Себебі әрбір адам баласы сәби кезінен бастап ана тілін үйренумен бірге өз 
халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңірумен болады. Тілдік 
бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын қарастыру мәселесі бойынша қазақстандық 
тіл білімінде М. Копыленко, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, Н. 
Уәлиев, А. Салқынбай, Г. Смағұлова, Р. Шойбеков сынды этнолингвистер мен тіл 
тарихын зерделеуші лексиколог ғалымдардың жекелеген арнайы еңбектерін атауға 
болады. 
а) Лингвомәдениеттаным пәні ХХ ғасырдың соңғы ширегінде пайда болды деп 
есептеледі. Алайда, сол аталған уақытқа дейін лингвомәдениеттанымға қатысты 
ізденістер, зерттеулер болмаған деп айту қате. Тілдегі мәдениет деректерін тексеретін бұл 
ғылым саласы ХІХ ғасырдың өзінде-ақ В. Фон Гумбольдттің «Адамзат тілі құрылысының 
ерекшелігі және адам тегінің рухани дамуына оның әсері туралы» («Ява аралындағы кави 
тілінің» кіріспесі) еңбегінде сөйлеу тілі мен халық болмысының арасындағы 
шарттылықты танытатын антропологиялық парадигманың негізінде пайда бола бастады. 
Лингвомәдениеттаным деп аталатын бүгінгі тілтану тәсілінің өзекті мәселелері 
бойынша Еуропа және Америка ғалымдарымен қатар, ресейлік және қазақстандық 
лингвистер де белсенді зерттеулер жүргізу үстінде. Мысалы, орыс фразеологиялық 
мектебінің өкілдері – В.Н.Телия, Ю.С.Степановтардың, А.Д.Арутюнова, В.В.Воробьевтің, 
В.Шаклеин, В.А.Маслованың және қазақ лексикологиясы мектебінің өкілдері 
Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, т.б. ғалым-тілшілердің лингвомәдениеттаным бойынша жарық 
көрген зерттеулері бүгінгі таңда жалпы жұртшылыққа танымал. 
В.А.Маслованың «Лингвокульторология» [Маслова 2001] атты оқулығында қазіргі 
Ресейдегі лингвомәдениеттаным жайлы зерттеулердің бағыттары нұсқалады және аталған 
ғылым саласының әдіснамалық негізіне қатысты мәліметтер келтірілген. Автор 
лингвомәдениеттанымның «лингвистика мен мәдениеттанудың тоғысуынан дүниеге 
келген лингвистикалық сала» (астын сызған біз – С.Ж.) деп, оның пәнаралық сипатын атап 
көрсетеді. Сондай-ақ оған: «тілдік қарым-қатынас барысында көрініс беретін халықтың 
ұлттық тірі тілге дарыған материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін гуманитарлық 
ғылым», «мәдениеттану мен тіл білімінің, этнолингвистика мен мәдени антропологияның 
зерттеу нәтижелерін өз бойына жинақтаған тоғыспалы білімдер аясы» деген мазмұндағы 
анықтамалар береді. 
Осымен қатар, лингвомәдениеттанымның теориялық және әдіснамалық
негіздемелері В.В. Воробьевтың «Лингвокультурология: теория и методы» [Воробьев 
1997] атты еңбегінде де мазмұндалған. Автор гумбольдтшылдық дәстүрін басшылыққа 
ала отырып, тіл тұтасымындағы мәдени танымдарды Сепир-Уорф гипотезасы негізінде 
зерттеу әдісін ұсынған. 
«Этнопсихолингвистика и лингвокультурология» атты теориялық шолу еңбегінде 
В.В.Красных та осы тақылеттес міндеттерді шешуге ұмтылады. Лингвомәдениеттанымды 
бұл ғалым «мәдениеттің тіл мен дискурсқа (тілдесуге) етене сіңісіп, оның бойында 
сақталатын және сол тұтастық арқылы көрініс беретін ұлттың болмыс бейнесімен 
(«картина мира» ұғымының тікелей ағылшынша мағынасына сүйене отырып (Welt build) 
болмыс бейнесі деген қолданысты дұрыс көрдік. Сондай-ақ кей ғалымдар (мысалға, Ж. 


Манкеева, Н. Уәлиев) “әлем бейнесі”, “дүние бейнесі”, “ғалам бейнесі” деген тіркестерді 
қолдануды жөн санайды – С.Ж.), халықтың тілдік санасымен және тілдік, ділдік 
комплекстер ерекшелігімен тікелей байланыстыра зерттейтін пән» деп атайды [46, 12 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет