түсінуге қабілетті компьютерлік модель жасауды мақсат еткендіктен, бірқатар лингвистер
эксперименттің өту барысынан көз алмай бақылап, тіпті өздері тікелей сол іске қатысқан
да.
Нәтижесінде, көп уақыттар бойы тілдік материалды ойлау процесімен ұштастыру ісі
орашолақ психологтардың тырысуы себебінен емес, ойлау жүйесі бүтіндей семиотикалық
категорияларға бейімделген электронды есептеу техникасы мен ақпараттық жүйе
мамандарының ыждағаттылығы нәтижесінде тезірек жүзеге асырылған. Жасанды
интеллект аясында А. Ньюэлл мен Г. Саймонның «ақпаратты символдармен өңдеу» атты
семиотикалық әдісі өткен ғасырдың 70-жылдарында жетекші парадигмаға айналды.
Ізденіс барысында Массачусетс технологиялық институты (АҚШ, Кембридж) жанынан
ашылған
Жасанды интеллект лабораториясының директоры П. Уинстон “электронды
есептеуіш машинаға табиғи тілді түсіндіру – қолдан интеллект жасаумен тең” деген
ұйғарымға келген [82, 8 б.].
3.
Достарыңызбен бөлісу: