Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Дәріс №19-20. Қазіргі тіл білімінің ерекше даму жағдайы



Pdf көрінісі
бет23/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

 
Дәріс №19-20. Қазіргі тіл білімінің ерекше даму жағдайы. 
Қазіргі тіл біліміне белгілі бір жүйелікпен жалпыға ортақ межелердің ізін қуу тән 
екендігін ескеру керек, соның ішінде: 
- экспансионизм (жаңа пәндердің пайда болуында редукционизмге қарсылық байқалады, 
(салыстырыңыз, компьютерлік лингвистика, инженерлік лингвистика және т.б.) және 
«тоғыспалы» ғылымдар (салыстырыңыз, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, 
социо- және психосемантика, нейролингвистика, синтаксистік семантика, т.б.), 
лингвистиканың өз ішінде жаңа білім аймақтарының қалыптасуында философиямен, 
логикамен, таным теориясымен байланыстың күшеюінде (салыстырыңыз, мәтін 
лингвистикасы, сөйлеу актілері теориясы, дискурсивті талдау және т.б.) пәндер 
арасындағы шекараларды жоюда (салыстырыңыз, семантика мен прагматика арасындағы 
шегара және б.), лингвистиканың ішінде және одан тыс интеграциялық процестерде); 
- антропоцентризм 
(көптеген 
ғылымдарда 
(мыс., 
әдебиеттануда, 
физикада, 


мегаэкологияда және т.б.), соның ішінде тіл білімінде де зерттеудің ерекше принципі – тіл 
бәрінен бұрын адам үшінгі рөліне, адамның өмірлік әрекетіне бағытталатынына сай, адам 
тұлғасын дамытудағы қызметіне, сөйлеуші (тыңдаушы) тілдік санасында бейнеленуіне 
қатысты зерттеледі деген оймен тұжырымдалады). 
- функционализм (әртүрлі мектептердің анықтамасында функционализм - соңына 
келгенде мағынаның бастапқы рөлін мойындау, ал тілдің қызмет етуі – мағыналардың 
білдірілуі және оның берілуі (тасымалдануы); функционализм еместік 
– бұл тілді оның әрекетінде, қолданылуында, пайдаланылуында зерттеу). 
2. Тіл білімінің ішкі және сыртқы деп бөлінетіні белгілі. Бұл мәселе тұрғысынан 
тілдің қазіргі қалпын қарастырсақ, әуелі сыртқы тіл білімінің ғылыми-салалық құрылымы 
туралы мәселе туындайды, сөйтіп, оны тілдік емес нысандарды жіктеу туралы мәселемен 
байланысты қарастыруға болады. Бұл мәселені шешуге қолданылатын пункт ретінде 
әлемнің құрылымдық бейнесін алуға болады. Ол нысандардың төрт түрлі типін бөлуді 
ұсынады – физикалық, биологиялық, психологиялық және мәдениеттанымдық. Бұларды 
осы атаумен аталатын пәндер қарастырады. 
Егер физика, биология, психология және мәдениеттану бұл не басқа әлем 
бөліктерімен ғана істес болса, философия әлемді тұтас зерттейді. Оның негізгі міндетіне 
нысандардың барлық типін зерттеу енеді, алайда оны жалпы не мейілінше жалқы 
қырынан алып қарастырады. Осы тұрғыдан алағанда қазіргі ғылымдардың алғашқы 
моделін төмендегідей елестетуге болады, - дейді В.П.Даниленко: 
Берілген моделді қолдана отырып, біз тілдің коммуникативтік, танымдық
практикалық мақсатқа, физикалық, биологиялық, психологиялық, мәдени білімге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет