Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Жаһандану дәуіріндегі тілдік құбылыстар мен коммуникативтік тұрғыдан



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Жаһандану дәуіріндегі тілдік құбылыстар мен коммуникативтік тұрғыдан 
тілдер теңсіздігін сипаттайтын модельге тірек ретінде үш жаңа ұғым аталады: 
«социолингвистический 
масштаб (sociolinguistic 
scales); иерархия/порядок 
указателей (orders of indexicality); полицентричность (polycentricy)» [4]. Мұндағы 
«полицентричность» ұғымы белгілі бір тілдің автохтонды аумақта емес, басқа да көптеген 
жерде қолданылып, дамып отыруына байланысты плюрицентризм, көпұлтты деген 
сөздермен жарыса жұмсалады. 
Әлемдік лингвистикада бұл термин өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғына қарай 
қолданыла бастағанына қарамастан, оның қазіргі кездегі қарқынды әрі кеңінен жұмсалуы 
үнді текті америкалық лингвист Б. Качрудың ағылшын тілінің дүние жүзіндегі орны мен 
қызметіне, дамуы мен өзгеруіне, басқа тілдерге ықпалына қатысты ұсынған «үш 
шоғырлану шеңбері теориясы» (теория трех концентрических кругов) және америкалық 
тілші Л. Смиттің «ағылшын тілінің аймақтық нұсқасы» ұғымының ғылыми айналымға 
енуімен тығыз байланысты. Біртіндеп үлкейіп отыратын «үш шоғырлану шеңбері» 
арқылы әлемдегі ағылшын тілін қолданатын тілдік қауымдастық үшке бөлінеді: тіл 
нормасын жасаған (ішкі шеңбер), тіл нормасын жасап жатқан (сыртқы) және тіл 
нормасына тәуелді (кеңейіп жатқан) (производящие норму, вырабатывающие норму и 
зависящие от нормы) [5]. Шынында да, Қазақстанда жүргізіліп жатқан үш тұғырлы тіл 
саясатын ағылшын тіліне қатысты жүзеге асырып жүргендердің арасында отандық та, 
отандық емес те оқытушылар бар. Ал соңғыларының арасында ана тілі ағылшын тілі 
болып саналатындар тіпті аз, көбінесе ағылшын тілін екінші немесе шетел тілі ретінде 
үйренген басқа ұлт өкілдерінің дыбыстау, сөйлеу мәнерін үйреніп жатқанымыз анық және 
олардың ішкі шеңберге кіретін британдық, австралиялық, америкалық, жаңазеландиялық, 
канадалық ағылшын тілі нұсқаларының қайсысын ұстанатынына да толық көзіміз жете 
бермейді. Бір сөзбен айтқанда, үш шеңберге кіретін нұсқалардың фонетикалық, 
грамматикалық, 
лексикалық, 
семантикалық 
және 
прагматикалық 
деңгейде 
айырмашылықтары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет