бөлді: қышқыру, уілдеу не былдырлау және сөйлеу. Дат ғалымы бала қышқыруының тілге
тікелей қатысы жоқ, бірақ соның арқасында бала тілдің коммуникативті функциясын
сезіне бастайды деп есептейді. Уілдеу кезеңі баланың
артикуляциялық органдарының
дамуы үшін маңызды.. Сөйлеу процесі кезінде бала тілге қалай болса сол күйінде
қарайды. Б.Малиновский өз зерттеулерінде жалпы тілдің, кей кездері бала тілінің
прагматикалық қызметіне көп көңіл аударады. Баланың тілді меңгеруіндегі басты стимул -
тілдің бала үшін практикалық мақсаттарға жету құралы болуында деп есептейді. Тілдің
басқа
- коммуникативтік, танымдық қызметтеріне қарағанда прагматикалық қызметін
жоғары бағалайды.
- Қазіргі лингвофилософия тұрақталған пәндік құрылымға ие емес. Дей тұрғанмен,
оның мынадай мәселелерін бөліп айта аламыз: тіл мен қарым-қатынас, тіл мен тәжірибе,
тіл мен таным, тілдің филогенезі және онтогенезі. Бұл мәселелердің
әрқайсысы ерекше
лингвофилософиялық
пәндердің,
атап
айтқанда
–
лингвосемиотика,
лингвоэпистемиология, лингвопраксеология, филогенетикалық және онтогенетикалық
лингвистиканың нысаны ретінде қарастырыла алады.
- Лингвистикалық мәдениеттану. Тіл мәдениеттің ерекше жемісін көрсетеді. Ол
мәдениеттің өзге өнімдері дін, ғылым, өнер, адамгершілік, саясат, техника сияқтылардың
қатарында қаралады. Мұнымен лингвистикалық мәдениеттану айналысады,
пән ретінде
лингвистика мен мәдениеттану аралығында тұрады. Бұның соңғысының құрамына рухани
мәдениет туралы ғылымдар – дінтану, ғылымтану, өнертану, этика мен саясаттану,
сондай-ақ материалдық мәдениет туралы ғылымдар –
техникалық ғылымдар және
кибернетика енеді. Бұл ғылымдардың әрқайсысының тіл біліміне қатысы бар.
Лингвистикалық мәдениеттанудың бұл ғылыми-салалық құрылымының нәтижесінде
лингвомәдениеттану пәндерінің тұтас кешені жасалды. Олардың ішінде лингвостилистика
ерекше мәнге ие, өйткені ол тіл білімінің мәдениет туралы әртүрлі ғылымдармен
байланысын көрсетеді.
- Н.Ильминксий,
В.Катаринский,
П.Мелиоранский,
В.Радлов,
Е.Малов,
А.Құрышжанов және т.б. еңбетеріндегі түркі тілдері мәселесі.
Қазақ тілінің құрылымы
(А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдар) және т.б.
А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтың жалпылингвистикалық көзқарастары.
Достарыңызбен бөлісу: