вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы; 2)
сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы. Паралингвистикалық
тәсілдердің үш түрі бар:
фонациялық тәсіл, оған дыбыс әуені, оның күші, кідіріс,
дауыс
мәнері жатады; кинетикалық тәсіл, оған ым, бет,
қол қимылы, дене қозғалысы жатады;
графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп
таңбаларын айырбастайтын қосымша символдық белгілер (§, т.б.) жатады. Сөйлеу кезінде
паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді,
айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.
Паралингвистика
құрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік
компоненттеріне қарай ажыратылады. Паралингвистика ұғымын 40 жж.
енгізген
А.А.Хилл (АҚШ), оның жан-жақты дамуы тіл білімінде тіл жүйесінен тыс құбылыстарды
зерттеуге байланысты 20 ғ. 60 жж іске асты.
Достарыңызбен бөлісу: