Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет5/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

6. Қолданбалы лингвистика тілге байланысты практикалық мәселелерді шешу 
мәселесімен айналысатын тіл біліміндегі бағыт. Тіл білімінің дәстүрлі, қолданбалы 
мәселелері мынадай: әліпби түзу, оны жетілдіру, ауызекі сөйлеудің, шет тіл сөздерінің 
жазылуын реттеу, стенография, соқырларға арналған жазу жүйесін жасау, ғылыми- 
техникалық терминологияны қалыптастыру, жаңа өнімдер мен тауар атауларының 
қолданылу ережесін жасау, тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге қажетті тілдік 
материалдарыды сұраптау, осы сында мәселелерді шешу үшін арнайы анықтамалар жасау, 
жасанды тілдерді қалыптастырып, оларды үйрету. 20 ғ. 2-жартысында қолданбалы тіл 
білімі жоғарыдағы мәселелердіадамның ғана емес, ЭЕМ-нің көмегімен шешу әдістерін 
қарастырды. Осыған орай «есептеуіш тіл білімі», «инженерлік тіл білімі», «автоматты тіл 
білімі» терминдері қолданылды, Қолданбалы тіл білімі 20 ғ. 20 жж пайда болды. Оның 
жалпы әдістері теориялық тіл білімінде тілді талдаудың алгоритмдік жүйесінің 
зерттелуімен, математикалық тіл білімімен байланысты. 
Қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: ақпараттық жұмыстарды, мәтіндік 
аудармаларды автоматтандыру, басқару жүйесін автоматтандырудың тілдік мәселелерін 
шешу, ғылыми-техникалық теринологияны стандарттау. 
7. 
Металингвистика (грек. Meta арқылы, кейін, lingua тіл) – 1) (психолингвистика, 
экзолингвистика) тілді қолданушы адамдардың санасымен, қоғамдық өмірімен 
байланысты тілдің ішкі мағыналық ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің саласы. 
Металингвистика тіл бірліктерінің табиғаты мен функциалық заңдылықтарын түсіндіруде 
аса маңызды орын алады. Металингвистиканың қарастыратыны: сөздің қабылдануы
әртүрлі тілдік контекстерде болуы мүмкін ассоциативті жағдайларды анықтау, 
семантикалық тұрғыда саралау логикасы, тілді меңгеру заңдылықтары (бала тілінің 
жетілуі, қостілділік т.б.); 2) табиғи адам тілін нысан етіп зерттейтін «екінші қатардағы» тіл 
туралы ғылым. 
8. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет