Лингвофизика тілді барлық физикалық ерекшеліктері қырынан қарастырады. Тіл бұл
жерде басқа физикалық құбылыстармен қатар қойылады. Тіл физикалық сипаты
тұрғысынан алғанда дыбыстардың жиынтығын көрсетеді. Тіл ғылымын сондай-ақ
лингвистикалық акустика немесе фонетикалық акустика деп атауға болады. Акустика –
жалпы дыбыстар туралы ғылым. Сөйтіп лингвофизика акустика мен фонетиканың
арасынан шығады.
Сөйлеу дыбыстарын басқа дыбыстармен бір
қатарда қарастыру алғаш рет
фонетикалық лабораторияларда өткізілді. Ресейде мұндай лабораториялар Қазан және
Петроград университеттерінде құрылды. Бұл лабораторияларда өткізілген зерттеулердің
нәтижелері 19-20 ғасырлар аралығында В.А.Богородицкий және Л.В.Щерба еңбектерінде
көрініс тапқан.
Биолингвистиканың пәні – биологиялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылатын
тіл. Биолингвистика тілді өзге биологиялық нысандар қатарында қарайды. Ол биология
мен лингвистика тоғысқан жерден туындайды. Оның міндетіне сөйлеуді қабылдау мен
шығарудың биологиялық механизмдерін зерттеу. Бұл механизмдер есту және
артикуляциялық
органдар, сонымен қатар бас миының жұмысы арқасында әрекет етеді.
Адамның сөйлеу әрекетінің анатомдық-физиологиялық негіздерін қарастыру, әдетте
фонетика шеңберінде болды. Бұл дәстүр фонетистер О.Есперсен, Д.Джоунс,
В.А.Богородицкий, Л.В.Щерба еңбектерімен байланысты. Фонетика шеңберінде
биолингвистика туралы мәліметті қазіргі еңбектерден де көруге болады: М.И.Матусевич,
Л.Р.Зиндер. Биолингвистика психолингвистикаға қарағанда қазіргі уақытқа дейін
салыстырмалы түрде дербес ғылым дәрежесін алған жоқ,
әлбетте бұған талпыныс
жасалған (Е.Леннеберг еңбегі).
Психолингвистиканың пәні – психологиялық ерекшеліктері қырынан алынған тіл
болып табылады. Ол тілді басқа психикалық құбылыстар қатарында қарастырады. Сөйтіп
психология мен лингвистика аралындағы пән ретінде анықталады. Онда сөйлеуші мен
тыңдаушы сөйлеу әрекетіндегі психологиялық механизмдермен байланысты болады.
Тіл білімін психологиямен ұштастыру 19 ғасырдан басталған. Бұған
В.Гумбольдттың «тілді әрекет» ретінде қарастыратын ілімі ықпал етті. 19-ғасырдың 2-
жартысында тіл білімінің психологиялық бағыты пайда болды, негізгі өкілдер –
Г.Штейнталь, М.Лацарус және А.А.Потебня. А.А.Потебняның «Мысль и язык» (1862)
еңбегінде психолингвистиканың негізгі мәселелері қарастырылған. Оның идеяларын
Л.С.Выготский
«Мышление
и
речь»
кітабында
дамытады.
А.А.Леонтьев
психолингвистиканың дамуына үлес қосты,
сондай-ақ, кеңес авторлары ішіндегі
Ю.А.Сорокин,
Е.Ф.Тарасов,
А.М.Шахнарович,
Е.С.Кубрякова,
Т.В.Ахутина
психолингвистикаға үлкен үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: