Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Дәріс №17-18. Лингвистикалық талдаудың негізгі әдістері



Pdf көрінісі
бет19/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Дәріс №17-18. Лингвистикалық талдаудың негізгі әдістері. 
1. 
Құрылымдық әдістер. 
2. 
Лингвистикалық зерттеулердегі статистикалық әдістер. 
Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы. «Әдістеме», «әдіс», «әдіснама», «тәсіл» ұғымдары. 
Зерттеу тәсілдері: бақылау, тәжірибе, сауал жүргізу, сауалнама, интервъю алу, картография 
жасау, үлгілеу. Лингвистикалық талдаудың негізгі әдістері: сипаттамалы, салыстырмалы, 
салғастырмалы. Құрылымдық әдістер: дистрибутивтік, валентті әдістер, құрамдас бөліктер 
бойынша талдау әдісі, компоненттік талдау. Лингвистикалық зерттеулердегі статистикалық 
әдістер. Сандық әдіс ұғымы. Ықтималдық және жиілік ұғымы. Бұрыс кетудегі есепке алу. 
Жиілік сөздіктер. Тілдер мен кіші тілдердегі жиілік сөздіктерге салғастырмалы талдау. 
Ғылымның алға қоятын мақсаты — өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз 
сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Ғылымды қызықтыратын нәрсе – әлі 
шешілмеген, белгілі болмаған сыры ашылмаған жайттар, проблемалар. Сондықтан ғылыми 
зерттеу — белгісізді белгілі ету, ашылмағанды ашу, шешімін таппаған проблеманы шешу. 
Ғылыми зерттеудің барлық түрінде де нысанды танып-білу үшін өзара байланысты үш 
түрлі әрекет іске асырылады. Олар: 1) қажетті материалдар, фактілер жинау; 2) жиналған 
материалдарды сұыптап,талдау; 3) фактілер негізінде теориялық тұжырымдар немесе 
болжамдар жасау. Бұлар ғылым атаулыларының қай-қайсысында болса да, қайталанып 
отыратын зерттеу кезеңдері. Құбылысты, нысанды ғылыми танып-білу процесінде іске 
асырылатын бұл әрекеттер басқа да ғылымдардағы сияқты тіл білімі үшін де негізгі 
кезендері болып есептеледі. 
2. 
Алға қойылған мақсатты орындап шығу үшін, зерттеуде әр түрлі амал-тәсілдер 
қолданылады. Ондай амал- тәсілдер қатарына әдіснама, әдістеме, әдіс жатады. Бұл үшеуі 
өзара тығыз байланыста болуымен қатар әрқайсысы әртүрлі ұғымды білдіреді. Әдіснама 
(методология) (грек. methodus және logus сөздерінің бірігуінен жасалған.) – жаратылыс пен 
қоғам өміріндегі құбылыстарды зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, 


философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. 
Әдіснама – теориялық ойлаудың философиялық негізі. Әрбір ғылымның өзіне тән арнаулы 
зерттеу әдісі зерттеушінің басшылыққа алған методологиялық принципіне, сол белгілеп 
берген негізгі мақсатқа сай келіп отырады. Зерттеу әдісі бір болғанмен, басшылыққа алған 
әдіснамалық принципі әртүрлі болса, әдіске қойылатын талап та, одан күтілетін нәтиже де 
әртүрлі болады. 
Арнаулы зерттеу әдісінен туатын негізгі мақсатқа жету үшін, зерттеуші ғалым 
қажетті фактілерді жинап, сұрыптап, қажетті жүйеге келтіруде, жинақтап қорытуда 
көмекші іс жүргізу тәсілдері болады. Ондай тәсілдер жұмыс әдістемесі деп аталады. 
Басқаша айтқанда, әдістеме дегеніміз – бақылау, есепке алу, салыстыру, эксперимент 
сияқты зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. 
Әдіснама зерттеп отырған нысанда танудың, фактілерді талдаудың жолын 
айқындайды, ал, әдістеме қажетті фактілерді қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, 
қалай топтап жіктеуді, зерттеуге ыңғайлы, қажетті, тиімді түрге қалай келтіруді 
анықтайды. 
Әдістеме жалпыхалықтық, стандарттық сипатқа ие. Ол бір әдіске тәуелді болмайды. 
Іс жүргізудің белгілі бір әдістемесі барлық жерде қолданыла беруі мүмкін. 
Әдіс – ғылыми зерттеу ісінде қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдердің, зерттеу 
ережелерінің жиынтығы, әдістемелер арқылы айқындалған фактілерді ғылыми игеру 
жолдары, басқаша айтқанда, әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, 
амалы.. яғни ол – әр ғылымының өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданатын 
амал-тәсілдері. Әдіс белгілі дәрежеде әдіснамаға тәуелді, себебе әдіснама дүниедегі алуан 
түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып білудің жалпы принциптерін белгілейді. 
Әдіснама жалпы және тұрақты, барлық ғылымға ортақ. Әдістеме одан гөрі нақтырақ, 
өзгермелі. Ал әдіс әдістеменің көмекші құралы. Зерттеу әдістемесі мен әдістерін таңдау 
зерттеушінің өз еркіндегі нәрсе емес, ол зерттеу жұмысының тақырыбына және мақсатына 
байланысты айқындалады. 
Қазіргі заман ғылыми-зерттеу ісінде жиі қолданылатын бірнеше әдістемелік тәсіл 
бар. Олар: Соның бірі – бақылау әдістемесі. Бұл ғылым атаулының, әдіс атаулының 
барлығына ортақ, ең жиі қолданылатын, кең тараған тәсіл. Дұрыс бақылай білу – дұрыс 
қорытынды жасаудың кепілі. Бақылау – адам санасының, ақыл-ойының тынымсыз 
қайталанып отыратын әрекеті, нысанды танып білудің құралы. Тіл білімінде бақылау, 
негізінде, мәтіннен белгелі бір фактіні тауып, соның сөйлеу процесінде қандай 
құбылыстарға ұшырайтынын ескере отырып, зерттелетін категориялар құрамына енгізу 
түрінде болады. Бақылау – бақылауға алынған элементтердің, формалардаң өзгеріс-
құбылыстарын, байқаған қасиеттерін есепке алу, сипаттау тәсілдерімен қатарласа жүреді. 
Қажетті фактілерді есепке алу, оны сипаттау – ғылыми зерттеу істерінің барлық 
саласында да бақылаумен жарыстырыла қолданылатын әдістеменің бір түрі. Қандай да 
болмасын тілдік зерттеу ең алдымен соған қатысты тілдік фактілерді жинап, есепке 
алумен байланысты жүргізіледі. Ол фактілердің мағыналық, функциялық, формалық 
құбылыстары, тіл құрылысында алатын орны, басқа элементтермен, фактілермен қарым-
қатынасы, т.с.с. жан-жақты бақылана отырып, есепке алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет