Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет18/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

2. Типологиялық зерттеу. ХІХ ғасырдағы салыстырмалы-тарихи зерттеу – өзара 
туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын 
тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің 
барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал, 
жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние 
жүзіндегі тілдердің жалпыадамзаттық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының 
барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы 
мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың 
екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі 
салыстырма әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп аталады. 
Типологиялық зерттеудің кеңірек етек жайып, зерттеудің бір әдісі ретінде 
қалыптасуы 19 ғасырдың бас кезі болғанымен, 16-17 ғасырларда басталған көп тілді 
салыстырмалы сөздіктер жасау, рационалды грамматикалар жасау – осы әдістің алғашқы 
нәтижелері. Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанымен, типологиялық зерттеу — 
салыстырмалы-тарихи зерттеуден өзгеше. Бұлардың нысанында да көздейтін түпкі 
мақсатында да өзгешелік кездеседі. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, 
бір-бірімен ешқандай туыстық жақындығы жоқ тілдік фактілер де салыстырылады. 
Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі жеке элементтер емес, жүйе 
құрылымы салыстырылады. Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық 
туыстығын ашу көзделмейді, салғастырылып отырған тілдердің ортақ белгілерін, типтік 
сипаттарын айқындау, сөйтіп тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. 
Типологиялық зерттеудің алға қоятын мақсаты — барлық тілдерге немесе тілдердің 
көпшілігіне ортақ универсал, типтік белгілерді ашу. Бұл зерттеудің типологиялық деп 
аталуы да осыдан. 
Ғылымда типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің жалғасы, соның екінші 
басқышы деген пікір бар. Бұл орынды да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, 
алдымен, дүние жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары жеке-жеке 
зерттелуі керек. Типология сол айқындалған құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра 
қарау арқылы тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді айқындайды. 
Типологиялық зерттеу өз мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе 
көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар нысандарды салыстырады. Мұндай нысан тілдің 
фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болды. 
Типология тілдердің осы аталған жүйелердегі жалпылық мәні бар нысандарды бір-біріне 
салыстыра қарау арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. 
Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып 
бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, грамматикалық болып бөлінуі, т.с.с. 
тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық 
зерттеуде осылар сияқты универсал тұлғалар салыстырылады. 
Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, 
ол туралы әр елдің көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі пікір айтқандарымен, бұл мәселі 
күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ. 
Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол 
белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих 
Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген "Үнділердің тілі және даналығы" дейтін еңбегінде 
сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық 
құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа 


бөлді. Мұнда көрсетілген типологиялық шағын белгілер дүние жүзіндегі тілдерді қамти 
алмайды. Осыны байқаған Фридрих Шлегельдің туысы Август Шлегель 1818 жылы 
шыққан "Провансаль тілі туралы" атты зерттеуінде алдыңғы екеуінің үстіне аморфты тіл 
дегенді қосады. Аморф – формасыз деген мағынаны білдіреді. Бірақ формасыз тіл 
болмайды, тек оның көріну жолдары әр тілде әр басқа болады. Сондықтан бұл жіктеу де 
толық емес. Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді 
едәуір дамыта түскен ғалым – В.Гумбольдт болды. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне 
қарай жіктеуде екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі — тілдік тұлғалар қарым-
қатынасы, екіншісі — сөйлем құрау тәсілдері. Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт 
дүние жүзіндегі тілдерді төрт топқа бөледі, жоғарыда аталған үш белгінің үстіне 
инкорпорациялы тіл дегенді қосып, оған Америка үндістері мен палеоазиат тілдерін 
жатқызады. 
Көрсетілген типологиялық белгілер, сол белгілер негізінде тілдерді жіктеу 
принциптері кейінгі замандардағы А.Шлейхер, Э.Сепир, И.Мещанинов, Т.Милевский, т.б. 
ғалымдар зерттеулерінде толып, жетіле түсті. 
Қазір типологиялық белгілердің негізгілері ретінде сөз құрылымын, сөздердің 
тұлғалық түрленісін, сөз жасайтын, сөз түрлендіретін формаларды, синтаксистік 
қатынастарды алады. Сөз құрылымы морфологияның негізгі нысандарының бірі 
болғандықтан, ғылымда типологиялық жіктеу морфологиялық деп те аталады. 
Морфологиялық белгілерге ерекше мән берілетін себебі ол тілдің ұсақ жүйелері ішіндегі 
ең тұрақтысы, екіншіден, морфологиялық тип тілдерде онша көп емес және оған тән 
тұлғалар айқын да тұрақты, сондықтан оларды жүйелеу оңай. Осы аталған белгілерге 
қарай тілдерді түбір тіл, жалғамалы (агглютинативті), қопармалы (флективті), 
полисинтетикалық тілдер деп бөлу — қазіргі заман тіл білімінде көп тараған принцип. 
Типологиялық әдіс тек тілдерді жіктеуде ғана қолданылмайды, сонымен бірге, 
салыстырмалы сөздіктер жасауда да, шетел тілдерін оқытуда да кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет