ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде
пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Мағына — сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны.
Сөз мағынасының
қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын,
көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі
бірнешеу болуы мүмкін.
Абстракты мағына - реляциалық мағынаға барабар; дерексіз зат есімге тән. Агентивті
мағына - қатынасушы кісілердің мағынасы (қаз.
аудармашы, әнші, куйші). Агентивті
мағына -шы, -ші жұрнақтары аркылы жасалады).
Алфавиттік
мағына - әдетте, сөз кұрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде
қағаз бетіне жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың
белгілі бір таңбалармен
белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда белгілі бір графикалық таңба-әріптермен
таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтыгы алфавит деп
аталады.
Атрибутивтік мағына – сын есімдер тобына тән мағына, яғни сапалық, сындық
мағынаны
білдіреді.
Заттық мағына - сөздің негізгі бөлігінің немесе грамматикалық бөлігінің мағынасы.
Қосымша мағына - негізгі емес сөз мағынасы немесе формасы.
Достарыңызбен бөлісу: