Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


-  сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді;  -



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ


сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді; 

ортақ шешімге келуге дағдыланады, 

ӛз қӛзқарасын дәлелдеуге машықтанады; 
 - қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін тереңдетіп, бекітеді
- сауатты жазу мен ӛз ойын жүйелі айта, білу, байланыстырып сӛйлеу қабілеті артады;
- талдау, жинақтау, сипаттау, ұйқасын табу, суреттеу дағдыларының жоғары деңгейде 
болуы күтіледі. 
 
№12 дәрістің тақырыбы: Технология және педагогикалық технология ұғымы 
Дәріс мазмұны: 
―Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі 
жаңаны табатын ӛнер‖,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді ӛнер деп бағалау тегін 
емес. «Технология» тарихи ұғымы техникалық прогреспен байланысты және сӛздікте 
(грек тілінен аударғанда teche - мәдениет, шеберлік, білік, ал logos- сӛз, білім) 
материалды ӛңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білім жиынтығы деп түсіндіріледі. 
Педагогикалық технологияның кәдуілігі әдістемесінен басты айырмашылығы –оқу 
үрдісінің нәтижелі болуына кепілдік беруі. Оқу үрдісін технологияландырутуралы 
кӛзқарас осыдан 400 жыл бұрын туындағанын біз Я.А.Коменскийдің айтқан пікірінен 
кӛре аламыз. Автордың айтуынша, оқыту «технологиялық» болу қажет, яғни оның мәні
нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үрдісі табыссыз болмауы қажет. Мұндай оқыту 
механизмін Я.А.Коменский «дидактикалық машина» деп атады. 
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» 
деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда 
болып, содан бұл термин ӛмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. 
Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нәтижеге 
жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
 
В.Беспалько 
«педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір 
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-
тәсілдер – оның құрамды бӛлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық 
техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп 
түсіндіреді.
Б.Т.Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, әдісін, 
тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық 
құрылғылардың жинағы», – деген анықтама берсе, Г.К.Селевко «педагогикалық 
технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады: 
- ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық үдерісті және 
оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бӛлімі; 
- бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістер мен 
құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс; 
- нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге педагогикалық, әдістемелік 
және тұлғалық құралдарды жинақтау. 
Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің 
құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болып 
табылады. Соған байланысты мақсат – құрал - оның қолдану ережелері - нәтиже алу 
заңдылықтары іздестіріледі. Мұндай ережелерді тауып, пайдалану - кез-келген
технологияның басты мақсаты.


Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін 
басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерде осы заманға білім берудің даму 
бағыты мен тенденцияларын қамтиытын 50-ден астам педагогикалық технология 
қолданылып жүр. Олардың бәрін бірдей кез-келген пәнді оқыту барысында қолдану 
мүмкін емес. 
Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-
әдістемелік және қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу 
үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу 
бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің 
ғылыми негізделген, кӛп деңгейлі, кӛп кезеңді үдерісі. Оқу үдерісіне жаңа педагогикалық 
технологияларды ендіруді жүзеге асыруда тӛмендегі жайттарды ұмытпау керек:
Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мәселенің 
жағдайын тереңдеп зерттеу.
Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін 
зерттеу

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
Жаңа педагогикалық 
технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету.
Жаңа педагогикалық 
технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.
Сындарлы оқыту технологиясы – бұл арнайы ерекше дәрежедегі тұлғаны дамыту 
мен қалыптастыруға бағытталған оқытудағы түрлі тәсілдерді кіріктіруші. Сындарлы 
тұлға – бұл сындарлы дағдыларға, сындарлы ойлауға ие шығармашылық тұлға. 
Бағдарлама жеті модульден тұрады: Жеті модуль. Білім беру мен білім алудағы жаңа 
тәсілдер. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 
Талантты және дарынды балаларды оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру 
үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру 
және оқыту. Білім берудегі басқару және кӛшбасшылығы. 
Білім беру технологиясыбұл оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін 
суреттеу. Ӛнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды ӛзгерту, қайта ӛңдеу әдістерінің 
жиынтығы. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім 
ӛзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық 
мақсат мүддесіне байланысты, ӛзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа 
технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, ӛз 
мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. 
Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, ӛзгерту және тәжірибе мен білім 
саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде 
ӛзгерістердің іске асырылатына негізделеді. Кӛшбасшылық Бағдарламаның ӛн бойында 
мұғалім енгізетін ӛзгерістер тарапынан қарастырылады. Осы модуль, әсіресе – деңгейдегі, 
айтылған кӛшбасшылық тәсілі «Мұғалімнің кӛшбасшылығын дамыту жӛніндегі 
жұмыстар» қағидатына негізделген. Осы тұрғыдан, қарастырылатын идеялар аспектілері 
аясында ӛз тәжірибелерінің жекелеген тұстары анықтайды, зерттейді, бағалайды және 
дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыда ойлана білу қабілетімен және «Сыни 
тұрғыда ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты. 
Сыни тұрғыдан ойлауға дамыту сабақтарында аталған жаңа жұмыс жолдарын 
ұйымдастыруда бірлескен оқу, диалогтік және оқуды бағалау т.б. сияқты жаңа әдістері 
қолданылады. Бірлескен оқу үрдісінде проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау 
немесе әлдебір ӛнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуіне басты назар 
аударылады. Ал педагогикада ұжымдық оқудың негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және ӛздері игерген мәліметті бұған дейін 
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды 
емес, оқушылардың белсенді қатысып, ақпараттарды ӛңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамның кӛзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. 
Осы танымдық жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.


5. Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да 
дами түседі, ӛйткені олар кӛзқарастарды тыңдап, ӛз идеяларын айтуға және қорғауға 
мәжбүр болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет