Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Ш.А. Амонашвилидің бастауыш сынып оқушыларын гуманистік жеке



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

Ш.А. Амонашвилидің бастауыш сынып оқушыларын гуманистік жеке 
тұлғалық бағытта оқыту жүйесі. Мақсаты: білім беру барысында оқушылардың тек 
жақсы қасиеттерді дамыта отырып, жаны мен жүрегіне ұят, ар, намыс дегенді ұялатып, 
ізгілікті жеке тұлға қалыптастыру. Яғни оқу-тәрбие деген идея. Оқушының ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеуге мүмкіншіліктерін ашып, тұтас психика қалыптастыру керек.
Тұтас психика 3 кұлшыныстан тұрады:
1) дамуға деген құлшыныс;
2) ересек болуға деген құлшыныс;
3) ешкімге тәуелді болмай, ерікті болуға деген құлшыныс. Оқушы ұғынуға тиіс, биік 
рухани материялармен құндылықтар. Жан, рух, жүрек, ізгілік, махаббат, достық, ӛмір, 
сыйластық, сүю т.б.. 
С.Н. Лысенкованың оза оқыту технологиясы. С.Н. Лысенкованың бастауыш 
сынып оқушыларна білім беру ісінде ашқан үлес жаңалығы – пән бағдарламасын 
меңгертудегі қиындықтарды болдырмау немесе азайту үшін, кейбір тақырыптарды оқыту 
процесіне оза отырып енгізудің тиімділігі. Қиын тақырыптарды С.Н. Лысенкова дәл 
бағдарлама бойынша емес, анағұрлым ертерек бере бастайды, әр тақырыптың басталуы әр 
түрде келеді . 
Деңгейлік саралай оқыту технологиясы. Мақсаты: жеке тұлға деңгейіне жеткізу. 
Ж. Қараевтың деңгейлік саралай оқыту технологиясында әр оқушының даму 


ерекшіліктеріне сай білім беру оқушыдан дамымайтын қабілетті қинамау, әр деңгейге сай 
тапсырмалар жүйесін жасай отырып, оқушылардың даму жолын белгілеу. 
Ойын технологиясы. Ойын - ӛзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені 
меңгертуге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын 
құрылымының кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның ӛзін субъект деп табуын қорытындылау болып бӛлінеді. 
С.А. Шмаковтың пікірінше, ойын – бұл тәртібіне ӛзіндік басқаруды жинақтайтын 
қоғамдық тәжірибелі меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі.
Кӛптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамитын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) эмоционалды әркет;
4) тікелей немесе жанама ережелер. Ойынның дидактикалық үдерісте атқаратын 
кӛптеген функциялар бар, олар: 
1. Әлеуметтану. 
2. Ұлтаралық араласушылық функциясы. 
3. Ойында ӛзін ұстай білу функциясы. 
4. Ойынның коммуникативті функциясы. 
5 Ойынның диагностикалық функциясы. 
6. Терапевтік функциясы. 
7. Жӛндеу функциясы. 
8. Сауықтық-ойын функциясы. 
Ойынның баланың жан саулығын қалыптастырудағы қызметі туралы Д.Б. Эльконин: 
«Ойын терапиясы баланың рӛлдік ойынға енудегі жаңа әлеуметтік қатынастармен 
ерекшеленеді тек жаңа шынайы қатынастар практикасы баланы ересек адамдармен қалай 
қатар қойса, дәл солай құрдастарымен де қатар қоя алатын рӛлдік ойындар қояды. Еркін 
қатынас пен бірлескен жұмысты мәжбүр еткен қарым-қатынасқа және агрессияға 
айырбастау терапевтік ықпалға әкеп соғады», - дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет