Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

№13 дәрістің тақырыбыҚазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық 
технологиялар 
Дәріс мазмұны: 
Бастауыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды жаңаша оқытудың жаңа 
педагогикалық технологияға сүйенетін дидактикалық негіздерін тану үшін, біздің 
ойымызша, педагогикалық технологиялардың бастауыш сыныптар үшін тиімді деген 
түрлерін қарастыру керек. 
Педагогикалық технология деп, оқыту процесінің ӛзін жүйе ретінде құру мен 
басқару диагностикалық мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми 
негізде ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді. Г.К. Селевконың кітабында 40 
шақты оқыту технологиясы сипатталған. Олардың ішіндегі дамыта оқыту идеясы 
анағұрлым айқын түрлеріне тоқталып ӛтейік. 
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі. Дамыта оқу жүйесін қалыптастыратын Л.В. 
Занковтың идеясы – білім ӛзінен-ӛзі ешкімді дамытпайды, сырттан берілген білімді ішкі 
құлшыныспен талпыныс арқылы оқушы ӛз санасына ұғындыруы керек. 
Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. Дамыта 
оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің кӛздеген мақсаттарына жету тек баланың 
белсенділігіне байланысты. 
М.И. Махмутовтың проблемалық оқыту жүйесі. Проблемалық оқыту оқушының 
ӛз бетімен шешім қабылдай білу, ӛз бетімен іздену, соның нәтижесінде дұрыс та нақты 
шешімдерге келе алу әдістерін үйретуді кӛздеді. Оның айтуы бойынша оқушының жеке 
тұлғасын дамытуда оның ішкі мүмкіншіліктерін дамыту, жетілдіру мақсаты қойылуы 
керек. М.И.Махмутов білім беру - білім алу әдістері ішкі және сыртқы болып 2-ге 
бӛлінеді: сыртқы әдіс дегеніміз – мұғалім қандай әрекеттерді қолданатындығы. Ішкі 
әдістер дегеніміз – нені басшылыққа алатыны айтылады. Мұғалім мен оқушының оқу-
танымдық қызметтегі сыртқы және ішкі әрекеттердің бірлігі арқылы оқытудың 
проблемелық-дамытушылық әдістері танылады.
Оқытудың монологтық әдісі. Мұғалім оқу материалын түсіндіріп, арасында 
проблемалық ситуациялар туындайтынын сипаттау, түсіндіру әдісі айтылады, яғни 
мұғалімнің ғылымдағы дайын білімді мектеп лекциясы түрінде жеткізуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет