оқушылардың меңгерген сӛздерін
құрастыра отырып, сӛз тіркесі мен сӛйлем құрауға
үйрету, үшіншісі, – сӛйлеуге үйрету жұмыстары. Ғалым оқушылардың сӛздік қорын
молайту жұмыстары олардың тілін дамытудың бір бағыты екендігін дұрыс
тұжырымдаған. Мұндай тұжырым оқушылардың тілін дамыту үшін олардың сӛздік қорын
молайту қажет екендігін анық кӛрсетеді.
Оқушылардың сӛздік қорын молайтудың негізгі мақсатын былайша қорытқан:
«Сӛйтіп сӛздік жұмысының мақсаты, сайып келгенде, оқушылардың мәтіндегі сӛзді дұрыс
қабылдап, оның мағыналық ренктері мен ерекшеліктерін ұғынуларын, яғни қажетті
жағдайларда дереу естеріне түсетіндей дәрежеде балалардың ӛз сӛздеріне
айналуын
қамтамасыз ету; оқушылар алуан түрлі жаттығулар арқылы үйренген сӛздерінің
мағынасын терең түсініп және керекті кезінде мұғалімнің кӛмегінсіз ӛз беттерімен оны
дұрыс қолдана алатын дағдыға тӛселеді. Мұны ӛзі оқушылардың білім сапасының жоғары
болуына жағдай жасайды». Ғалым оқушылардың тілін дамытудың негізгі бағытына
байланыстырып сӛйлеуге үйрету жұмыстарын жатқызады. Сонымен, педагог
ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
үшін мәтінді игертуге оқушылардың сӛйлеу тіліне мынадай талаптар қойылады:
1. Оқушыны айтайын деген ой-пікірін жүйелі, байланысты түрде
айтып беруге
жаттықтыру.
2. Әдеби тілдің нормасынан шығып, ауытқып кетпей, оны сақтап, мәнерлеп
сӛйлеуге дағдыландыру.
3. Сӛзді, сӛйлемді дұрыс құрап, ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру.
Жұмыстың бұл түрі сабақтарда негізінен тӛмендегідей әдіс-тәсілдер арқылы
жүргізіледі:
1. Сӛздік жұмысы.
2. Ауызша және жазбаша түрде
берілген сұрақтарға байыпты, дәл, толық жауап
беруге дағдыландыру.
3. Мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
4. Кӛркем мәтінге жоспар жасап және сол жоспар бойынша мазмұндауға
жаттықтыру.
5. Оқылған шығарманың сюжетін әңгімелеп беру т.б.
Достарыңызбен бөлісу: