жетістіктерін,
қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау,
ұйымдастыру кезінде мұғалімге кӛмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстар мен
тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері кӛрсетілген. Бұл мұғалімдерге арналған
нұсқаулық Б.С. Блум, Д. Кратволь, П. Блэк, Д. Уильям, Д. Вуд, Дж
Брунер, Л.С.
Выготски, И.А. Зимняя, М. Томсон, И.С. Фишман, Т.И. Шамова және Кембридж
университетінің білім беру факультетімен бірлескен, Педагогикалық шеберлік орталығы
құрастырған, Қазақстан Республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру курсының деңгейлік бағдарламасының глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал
негізінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері негізінде құрастырылған.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз ӛткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде ӛткізіледі,
оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және
жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: