бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің
механикалық қайталануы емес, ӛзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін
болса, ӛзін-ӛзі
куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған
шығармашылық акт туралы сӛз қозғауға болады».
Қазіргі уақыта білім берудегі талаптың бірі – баланы дамыта оқыту идеясы
болғандықтан, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ӛз бетімен оқуға деген
ынтасын қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлінуде. Осы тұрғыдан алғанда баланың жеке
басының тұлға ретінде дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен жан дүниесіне үңіле
білу – мұғалім міндеттерінің жаңаша қыры. Оқушыларды ӛз пікірін білдіруге үйрету,
олардың ӛзіндік кӛзқарасын қалыптастыру, тұлғаның психологияық дамуына жағдай
жасау, оның жеке қасиеттерін ескеру секілді міндеттер мұғалім алдында үнемі тұрмақ.
Бүгінгі күні оқушыны белгілі кӛлемдегі пәндік білім, білік, дағдылармен
қаруландыру жеткіліксіз, енді олар баланың ой-ӛрісін ӛсіріп, ӛзіндік дүниетанымын
қалыптастырып, дамытатындай деңгейге алып келуі керек. Сол себепті мұғалім ӛз
жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарап, оқу бағдарламасына сыни кӛзқараспен
ӛзгерістер енгізуі, оқушылардың бойындағы табиғи қабілеттерді оята білуі, олардың жан-
жақты, ӛнімді еңбек етуіне жағдай жасауы, оқу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану
мүмкіндігін кеңейтуі тиіс.
Мұғалім оқушының оқуға,
білімге деген қажеттілігін, құштарлығын арттыру
бағытында жұмыстануы тиіс. Оқуға қажеттілік әрекет үстінде дамиды: оқушы
репродуктивті тапсырмаларды орындаудан шығармашылық әрекетке кӛшкенде ӛз бетімен
келесі логикалық операцияларды орындауы талап етіледі; дәлелдеу, салыстыру, жүйелеу,
талдау, тұжырымдау, сыни ойлау, т.б. Бұл операциялардың тиімді ӛткізілуі мынадай
нәтиже береді: оқушы ӛз ойын топ алдында ашық айта алады, қорғай біледі, негізгі ойды
анықтай біледі, құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба біледі,
себеп-салдарлық байланысты айқындай алады, қорытынды жасай біледі, шешімнің әр
түрлі нұсқаларын ұсына алады, т.б. Шығармашылық әрекеттің мұндай әдістері оқытушы
жетекшілігімен, үйретуімен жүзеге асады.
Әрине, оқушы шығармашылығын дамытуға жеке пәндердің оқу-әдістемелік
жүйесімен қоса сабақтан тыс (түрлі үйірмелер, олимпиадалар), мектептен тыс жүргізілетін
тәрбие шараларының (интернет-клубтар, секциялар) да қосар үлесі мол екенін айта
кеткеніміз жӛн. Білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарға байланысты мұғалім алдында әр
шәкірттің ӛзін-ӛзі дамытуына, ӛз мүддесі
мен қызығушылығын, талап-тілегін
қанағаттандыруына толық мүмкіндік туғызу міндеті тұр. Демек, білім мазмұны мен оны
оқытудың әдіс-тәсілдерін қайта қарап, ӛзгерістер енгізу арқылы мұғалімдердің жаңаша
жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туды.
Жоғарыда айтылғандай, оқушыны тұлға ретінде дамытып, бойында аталған
қасиеттерді мұғалімнің ойдағыдай қалыптастыруында оқу-әдістемелік кешендердің
дайындалып, мектепке ендіріліп жатқан жаңа буыны басты кӛмекші құрал болып отыр.
Осы кешеннің ішіндегі ең бастысы − оқулықтар. Алайда мектепке арналған
оқулықтың құрылымы, пайдалану әдістері толығымен шешілді деуге болмайды.
Солардың бірі − оқушы әрекетін ұйымдастыруда, әсіресе шығармашылық әрекетті
ұйымдастыруда оқулықтың атқарар міндеттері қандай болмақ деген мәселе кӛпшілікті
толғандырады. Оқулық − оқу үрдісінің басты құралы болып табылатыны кӛпшілікке
мәлім. Сондықтан И.Я.Лернер оқулықтың маңызын былай айқындайды: «Оқыту үрдісінің
қазіргі түрі қалыптасу үстінде, әлі кӛп мұғалімдермен жете меңгерілмеген, сондықтан оны
жүзеге асыруда оқулықтың мәні ӛте зор». Оқулық оқытудың барлық мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, яғни ол білім беру, дамытушы және тәрбиелеуші
қызметтерді атқарады. Сонымен, оқулық – оқушылардың ӛмірлік
біліктілігін
қалыптастыруға бағытталған және біліммен, әрекет әдістерімен, шығармашылық әрекет
тәжірибесімен қамтасыз ететін оқу құралы.
Ал енді жаңа буын оқулықтарында оқушының шығармашылығын, ӛзіндік ойлау
әрекетін дамытуға бағытталған тапсырмалар қаншалықты орын алған деген сұраққа
келсек, онда оқулық кӛмегімен ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіншіліктерін және
ойлау дербестігін қалыптастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін қарастыру қажет.
Оқулықпен (ана тілі) шығармашылық жұмыс істеудің мынадай тәсілдерін
оқушыларға бастауыш сыныптардан бастап үйрету қажет:
- мәтіннің негізгі ойын кӛрсету;
- жоспар құра білу;
- қайталап, түсінгенді айта білу, т.б. Бұл тәсілдер ойлау заңдылығының
психологиялық ерекшеліктеріне, ойлаудың даму жолдарына
және ойлау әрекетінің
құрылымына сүйенеді. Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыруда ӛзіндік
жұмыс түріне шығармашылық ойлауға мүмкіндік туғызатын тапсырмалардың мынадай
түрде беруге болады:
- мәтін бойынша сұрақтар қою; кӛрсетілген талаптарға байланысты бұл сұрақтарды
ӛзгерте білу; берілген тапсырмаға ұқсас тапсырмалар құрастыра білу, т.б.;
- берілген мәтінді бӛлімдерге бӛлу, оларға ат қою; мәтінді сӛйлемдерге ажырату;
суретке байланысты әңгіме жазу; мазмұндамаға жоспар құру, т.б.;
- берілген сӛздерді салыстыру; т.б.
- әңгіме кейіпкерінің мінез-құлығын шығарма авторының кӛзқарасымен бағалау.
Сондықтан, ӛздік әрекетті ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылатын
оқулықта ойлау деңгейін ең жоғары дәрежеге кӛтеретін тапсырмалар мӛлшері кӛбейтілуі
қажет. Оқушыларды талдауға, дәлелдеуге, қорытындылауға, салыстыруға үйрететін
жаттығулар оқулықтың дамыту қызметін күшейте түседі. Жаңа буын оқулықтарындағы
шығармашылыққа, оқушының ӛз бетімен әрекет етуіне
бағытталған тапсырмалар
кӛбейгенде ғана, ӛз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, қоғам дамуына әлінше үлес
қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ ӛкілдерін дайындауға болады.
Осы талаптарды ескере отырып, мұғалім оқулық құрылымында тақырыпты
белгіленген мақсатқа сай қайта құрастыруы керек. Мұғалім сабақта қолданылатын
тапсырмалардың, сұрақтардың, суреттердің, кестелердің, сызбалардың, деңгейлік сұрау-
тапсырмалардың, т.б. оқушыларды ӛз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге бейімдейтінін
ескере отырып, оларды қайта сараптап, толықтыруы, оқушының шығармашылық әрекетін
дамытатын ӛзіндік жұмыстар жүйесіне бағындыруы қажет.
Жалпы бастауыш сынып оқулықтарында жаттығулар мен тапсырмалар үш деңгейде
берілген, олар арнайы таңбалармен белгіленген. Мәселен қазақ тілі оқулығына
тоқталайық: үш бұрыш – үлгі бойынша, тӛрт бұрыш –ізденушілік, *– шығармашылық.
Сонымен бірге, оқу материалының мазмұнын ашып,
толықтыратын, оқушы тілін
дамытатын, шығармашылық қабілетін оятатын сюжетті суреттер жиынтығы тақырыптар
бойынша жүйелі берілген. Оқулықта оқушылардың әр тақырыпты саналы меңгеруіне,
қызығушылығын арттыруға грамматикалық ойындар, сӛзжұмбақтар, ребустар,
анаграммалар, оқушыларды шығармашылық ойлауға баулитын сұраулар мен тапсырмалар
жүйесі берілген. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды
жақтары бар:
- оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
- сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
- шығармашылық ой - ӛрісі артады;
- кітаппен жұмыс, кӛркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен
- жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
- ұжымдық ой -пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым
жасауға үйренеді;
- мұғаліммен оқушылардың қарым -
қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері
артады;
- оқушы ӛз ойын еркін айтуға, сӛз мәдениетіне үйренеді;
- білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
- ӛз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
- тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;