Әдебиет[1-11]
№14 дәріс
Тақырып: Электролиттердегі элетр тогы
Дәрістің мақсаты:Электролиттердегі электр тогінің табиғатын көрсету, электролиттердегі заряд тасымалдау шарттарымен таныстыру
Дәріс мазмұны:
Сұйықтардағы электр тогы
Сұйықтарда ток тасымалдаушылар – иондар. Сұйықтар ток өткізгіш және өткізбейтін болып бөлінеді. Өткізгіш сұйықтар электролит деп аталады. Бұлар көбіне тұз ертінділері болып табылады. Ертіндіде тұз тұз диссоциацияланаді, оң және теріс ионға бөлінеді. Ток өткізгенде, екі электродқа келіп нейтралданып, зат екіге бөлінеді. Бұл құбылыс электролиз деп аталады. Сұйықтағы ток үшін де Ом заңы орындалады. Электролиз құбылысы екі Фарадей заңымен сипатталады. Фарадейдің бірінші заңы: электролитте бөлініп шығатын зат мөлшері өтетін зарядқа пропорционал - электрохимиялық эквивалент деп аталады. Фарадейдің екінші заңы: Екі заттың мөлшерлері бірдей болса, электрохимиялық эквивалентінің қатынасы, молдық массаға пропорционал және валенттікке кері пропорционал.
Электролит ерітінділеріндегі электр тоғы. Электролиз заңы
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Электрлік диссоциация деген не?
Электролиттердің электр өткізгіштігі
Электролит үшін Ом заңы
Электролиз. Фарадей заңдары
Ионның зарядын анықтау
Электролиздің техникада қолданылуы
Гальвани элементтері . Аккумуляторлар
Әдебиет[1-11]
№15 дәріс
Тақырып: Газдардағы электр тогы
Дәрістің мақсаты: Газдардағы электр тогінің табиғатын көрсету, газдардағы заряд тасымалдау шарттарымен таныстыру
Дәріс мазмұны:
Газдардағы токтың табиғаты. Разряд түрлері
Қалыпты күйде газ молекулалары нейтрал болады, еркін заряд жоқтың қасы. Иондалған кезде ғана газдан ток өтеді. Бұл ионизаторлардың әсерінен ( қыздыру, қысқа толқынды сәулелер, корпускулалық ағым және тағы басқа ) ғана болса еріксіз газ разряды деп, ал ионизатордың әсерінсіз де болатын газдағы ток – ерікті газ разряды деп аталады.Ерікті газ разрядының төрт түрі бар: солғын, ұшқынды, доғалық және тәжді разряд. Әр разряд түрі техникада қолданыс тапқан.
Газдар электр тоғын өткізбейді, себебі онда еркін электр зарядын тасымалдаушылар жоқ. Атмосфералық қысымда, ол өте жақсы оқшаулағыш бола алады. Себебі газдар электрлік бейтарап атамдар мен молекулалардан тұрады.
Газдың иондалуы
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Газдардың ионизациясы және рекомбинациясы
Газдардағы ток табиғаты
Газдардағы разрядтың түрлері
Еріксіз және ерікті разряд
Ұшқынды және тәжді разряд
Солғын разряд
Доғалық разряд, найзағай
Плазма
Разрядтардың техникада қолданылуы
Достарыңызбен бөлісу: |