Тақырып: №6 зертханалық жұмыс: Термопараны градуирлеу
Мақсаты:Термопараны градуирлеу
Құрал-жабдықтар: темір мен константаннан жасалған термоэлемент, гальванометр, термометр (0-3000), суы ыдыс, қыздырғыш, жалғағыш сымдар.
Тапсырмалар:
Суретте көрсетілгендей қондырғыны жинаңдар. Ыдыстардағы сұйық температураларының бірдей болуын тексеріңдер. Осы кезде гальванометр тілшесі нольде болуы қажет.
2. А жапсары бар К ыдысты қыздырады. Судың конвекциялық қозғалысы нәтижесінде оның температурасы артады және термоэлементте ток пайда бола бастайды. Температура 5 градусқа көтерілген сайын гальванометр көрсетуін жазып отырыңдар. Тәжірибені гальванометр тілшесі шкала соңына жеткенше жасайды.
3. Қыздырғышты ток көзінен айырып, температурасы 5 градусқа төмендеген сайын гальванометр көрсетуін жазып алыңдар.
4.Қыздыру және суыту кезіндегі термоэлектр қозғаушы күшінің тогының орлаша мәнін табыңдар.
Тәжірибеден алынған мәндер бойынша ξ(t) деп белгілейік. Тізбекте термоэлектрлік ток пайда болады. Бұл тоқтың шамасы: (3)
R – термоэлементтің ішкі кедергісі
R – тізбектің сыртқы кедергісі
Кейбір термоэлементтер үшін термоэлектр қозғаушы күш температуралар айырымына пропорционал деп алуға болады.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
1.С.Э. Фриш, А.В. Тиморева «Курс общей физики» т.2 §§ 168, 170, 1962 г.
2.И.В. Савельев «Курс общей физики» т.3 §§ 62, 63, 1982 г.
Р. И. Грабовский «Курс физики» §17, 1980 г
Өткізу формасы: «микс жаттығуы» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 4,11,16,28,33,41
Достарыңызбен бөлісу: |