Тақырып: №7 зертханалық жұмыс: Электронды осцилограф
Жұмыстың мақсаты: электрондық осциллографтын құрылысымен, жұмыс принципімен танысу және осциллографтың көмегімен белгісіз индуктивтік пен сыйымдылықты өлшеу методикасымен танысу.
Құрал-жабдықтар: Катушка,генератор
Негізгі сұрақтар:
Электронды-сәулелік түтіктің құрылысы қандай?
Электрондық сәулелер шоңын фокустауды қалай іске асыруға болады?
Кескінің жарықтығын қалай реттейді?
Сәулені қалай жаюға болады?
Сигнал мен сәулені синхронды жаюды қалай іске асыруға болады?
Тапсырмалар:
тапсырма. «Электроника» И1 – 01 демонстрациялық құралымен танысып, одан электрондық прожектор, ауытқытушы пластинкалар, кернеулерді қосуға арналған клеммалар, басқару тұтқасы, тұрақты дөнгелек магниттерді іздеп табыңыздар. ВУП – 2 құралымен танысып, одан реттелетін тұрақты кернеудің, реттелмейтін тұрақты кернеудің және айнымалы кернеудің клеммаларын іздеп табыңыздар. ВУП – 2 құралымен танысып, одан реттелетін тұрақты кернеудің, реттелмейтін тұрақты кернеудің және айнымалы кернеудің іздеп табыңыздар.
тапсырма. «Электроника» И1 – 01 құралына ВУП – 2 құралының қыздыру кернеуін (6,3 В) қосыныздар, И1 – 01 мен ВУП – 2 құралдарын электр тізбігіне қосыныздар, анодтық кернеудің тумблерін қосып, «яркость», «фокусировка» тұтқаларының және дөнгелек магниттердің көмегімен экранда айқын жарық дақ алыңыздар.
тапсырма. ВУП – 2 –ден пластинкаларына тұрақты реттелетін кернеу (±100 В) берініздер де, дақтың ығысу шамасының берілген кернеудің бағыты мен шамасына тәуелілігін тексеріңіздер.
тапсырма. Дыбыс генераторын тізбекке қосыңыздар. Пластинкаларына ВУП – 2-ден берілген кернеуді ажыратып тастап, оған дыбыс генераторынан «Земля» - 600 Ом клеммалары арқылы кернеу беріңіздер. Жарық сызықтың ұзындығы дыбыс генераторынан берілген кернеуге және жиілікке қалай тәуелді екенін тексеріңіздер.
тапсырма. пластинкаларына ВУП – 2-ден айнымалы 6,3 В кернеу қосыңыздар да, генератордың жиілігін өзгерте отырып экранда пайда болған осциллограммаларды сызыңыздар.
тапсырма. Осциллографтың басқару панелін қараңыздар, потенциометрлердің «ось х», «ось у», «фокус», «яркость» тұтқаларын, вертикаль және горизонталь күшейткіш потенциометрлерін, синхрондау түрінің ажыратып-қосқышын, жиіліктер диапазонының ажыратып-қосқышын, жиіліктерді өзгерту потенциометрін, сигнал берілетін клеммаларды және сигналды әлсірету тетігін табыңыздар.
тапсырма.Осциллографты тізбекке қосып «фокус», «яркость», «ось х», «ось у» потенциометрлері тұтқасының көмегімен экранның центрінде нүктенің айқын кескінін алыңыздар.
тапсырма. Жаюшы генераторды қосып, экрандағы сызықтың ұзындығының генератор жиілігіне тәуелілігін тексеріңіздер. Жаюдың горизонталь күшейткіш кернеуіне тәуелділігін де тексеріңіздер.
тапсырма. ВУП – 2 –ні тізбекке қосып, одан 6,3 В айнымалы кернеуді осциллографқа беріңіздер де, айнымалы ток кернеуінің айқын, жылжымайтын осциллограммасын алып, оны сызыныздар.
тапсырма. Осциллографтың көмегімен сіздерге берілген конденсатор сыйымдылығын өлшеңіздер, өлшеудің дәлдігін бағалаңыздар.
тапсырма. Осциллографтың көмегімен берілген катушканың индуктивтігін өлшеңіздер, өлшеудің дәлдігін бағаланыздар.
СОЗЖ үшін тапсырма. 2-сурет бойынша схема құрып, конденсатордың эффектілік кернеуінің жиілікке тәуелділігін табыңыздар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
С.Э. Фриш, А.В. Тиморева «Курс общей физики» т.2 §§ 168, 170, 1962 г.
И.В. Савельев «Курс общей физики» т.3 §§ 62, 63, 1982 г.
Р. И. Грабовский «Курс физики» §17, 1980 г
Өткізу формасы:«буклет» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер:4,11,16,28,33,41
Достарыңызбен бөлісу: |