Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


– модуль. Тілдің мәні: оның қоғамдық қызметі және ішкі құрылымы



бет5/34
Дата27.08.2022
өлшемі164.86 Kb.
#460058
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

1 – модуль. Тілдің мәні: оның қоғамдық қызметі және ішкі құрылымы.



1

Тақырыбы:
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны.
Әдістері: Презентация

Тақырыбы:
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Тілдің құрылымдық
және жүйелік
қасиеттері.

Тақырыбы:
Тіл білімі - жеке дара ғылым ретінде.

2

Тақырыбы:
Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Тілдегі негізгі бірліктер туралы түсінік.



Тақырыбы:
Тілдік таңбаның ерекшеліктері.



3

Тақырыбы: Фонетикалық жүйе туралы түсінік.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Фонетиканың пәні мен міндеттері.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:

Фонетика.



Тақырыбы:
Тіл дыбыстары және олардың түрлері.



4

Тақырыбы:
Фонетика және фонология.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Фонетика және фонология.

Әдістері: Әңгімелесу.


Тақырыбы:
Фонетика және фонология.



Тақырыбы:
Фонема. Орфоэпия.



5

Тақырыбы: Лексикология және оның салалары
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Лексикология.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Лексикология.

Тақырыбы:
Лексикология.

6

Тақырыбы:
Тілдің сөздік құрамы.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Фразеология.

Әдістері: Әңгімелесу.



Тақырыбы:
Тілдің сөздік құрамы.



Тақырыбы:
Фразеологиялық оралымдардың шығу негіздері.

7

Тақырыбы:
Лексикография.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Лексикография.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Диалектологиялық сөздіктер.



Тақырыбы:
Энциклопедиялық сөздіктер.

8

Тақырыбы:
Лексикография.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Лексикография.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Терминологиялық сөздіктер.



Тақырыбы:
Лингвистикалық сөздіктер.






2 – модуль. Тілдің пайда болуы мен дамуы



9

Тақырыбы:
Грамматика.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Сөздердің морфологиядық құрылымы.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:

Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі.


Тақырыбы:
Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі және олардың себептері.

10

Тақырыбы:
Грамматикалық тәсілдер.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Грамматикалық тәсілдер.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы: Сөздердің орын тәртібі – грамматикалық тәсілдердің бірі.

Тақырыбы:
Екпін және интонация тәсілдері

11

Тақырыбы:
Грамматикалық форма.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Грамматикалық категория.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы.

Тақырыбы:
Сөзжасам (деривотология)



12

Тақырыбы:
Сөз таптары.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:

Сөз тіркесі.

Әдістері: Әңгімелесу.


Тақырыбы:
Синтаксис мәселелері.

Тақырыбы:

Сөйлем мен пайымдау.


13

Тақырыбы:
Сөйлем.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Тілдің шығуы.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Тілдің дамуы.

Тақырыбы:
Тілдің шығуы туралы ғылыми теориялар.

14

Тақырыбы:
Жазу және оның даму кезеңдері.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері.

Тақырыбы:
Транскрипция және транслитерация.

15

Тақырыбы:
Тілдердің классификациясы.
Әдістері:
Дәріс-дискуссия

Тақырыбы:
Дүние жүзі тілдеріне классификация жасау.
Әдістері: Әңгімелесу.

Тақырыбы:
Дүние жүзі тілдерінің топтастырылуы.



Тақырыбы:
Дүниежүзі тілдерінің типтерге бөлінуі.

5. Әдебиеттер тізімі

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011

  2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2007.

  3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. - Москва: Дрофа, 2008.

  4. Исаев. С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

  5. Попова З.Д.Общее языкознание. - Москва: Восток-Запад, 2007

  6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. - Алматы: Өлке, 2010.

  7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001

  8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. - Алматы., 2004

  9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. - Алматы,1985

  10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. - Алматы., 2004



6. Дәрістер кешені
1 дәрістің тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны

  1. Тіл білімі және оның салалары

  2. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны

  3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл білімі лингвистика (грек linqua-тіл), тіл жөне онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл - адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі - жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
2 дәрістің тақырыбы: Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы

  1. Тілдің анықтамасы және оның мәні мен қызметі

  2. Тіл және ойлау

  3. Тілдің таңбалық сипаты

Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, Л.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын құбылыс. Сонымен қатар кейбір ғылымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады. Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауымда ғана дамиды. Тіл коғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.
Тілдің қызметтері: қарым-қатынас туралы болу коммуникативті, ойды жарыққа шығару кызметі - экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі - эмоционалды, таным құралы болуы когнитивті, белгілі бір зат не қүбылыстың атауы болуы -номинативті және т.б.
Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де,
абстракты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де,
ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл
де, ойлау да - қоғамдык құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде
туып, бірге дамып келеді. Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен
айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар. (Ф.Шлсйермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас
жақын қүбылыстар. (В.фон Гумбольд, Л.Леви-Брюль) Тіл мен
ойлаудың ұқсастығы жоқ деп карастырушылар да болды. Олар
ойлауға көңіл бөлмеді. (Ф-Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен
ойлау диалектикалық бірлікте. Диалектикалық материалистер тіл
мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұксастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері:

  1. еріктілік, 2) шартгылық..

Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе үғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі танбалық жүйелердің кұрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз - бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз - болмыс кұбылыстарын, заттарын, олардың қасиеттерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диохрония-тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры. Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-карсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарай қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
Бақылау сұрақтары:

  1. Таңбаның түрлеріне мысалдар келтіріңіз

  2. Тілдік таңбаның қолданысы

  3. Жүйе, құрылым ұғымдарына сөздіктің көмегімен анықтама беріңіз

3 дәрістің тақырыбы: Фонетикалық жүйе туралы түсінік.



  1. Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесі

  2. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі

Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік. Фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі

  2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі

4 дәрістің тақырыбы: Фонетика және фонология



  1. Екпін жіне олардың түрлері

  2. Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі

Акустика мен артикуляция жөніндегі негізгі мәліметтер. Сөйлеу аппараты, оның орналасу жүйесі және жекелеген мүшелердің қызметі. Тіл дыбыстарын сипаттау аспектілері:

  • Акустикалық аспект.

  • Артикуляциялық аспект.

  • Лингвистикалық немесе функционалдық аспект.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың акустикалық – артикуляциялық айырмашылықтары. Адамзат тіліндегі дыбыстарды жіктеудің қағидалары.
Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі. Сегменттік қатар. Фраза – дыбыстық тізбектің ауқымды бірлігі. Фонетикалық такт (синтагма). Энклиза және проклиза, энклитика және проклитика құбылысы. Буын, буыннның басты теориялары (буын – сонорлық толқын, эксплозия/имплозия толқыны және т.б.).
Инициаль және финаль бойынша буындардың түрлері. Сөйлеу дыбысы (тілі). Артикуляция туралы түсінік. Буындық және буындық емес дыбыстар. Дифтонгтар, дифтонгоидтар, полифтонгтар.
Суперсегментті немесе просодикалық бірліктер. Интонация және оның элементтері: сөйлеу әуені, ырғақ, сөйлеу үдемелілігі, кідіріс, сөйлеу қарқыны, тембр. Екпін және оның түрлері. Буын акценті. Фразалық, логикалық және эмфатикалық (эмоционалды – экспрессивті) екпін. Сөз екпінінің типтері: динамикалық (экспираторлы), квантитативті және мелодиялық (тондық). Экспираторлық – кешендік екпін және оның қасиеттері.
Фонетикалық процестер (сөйлеу ағынындағы дыбыстардың өзгеруі). Комбинаторлық өзгерістер: жүйелі (ассимиляция, аккомодация) және жүйелі емес (диссимиляция; диэреза, гаплология; үстеме немесе паразиттік дыбыстар – протеза, эпентеза, эпитеза). Алмастыру немесе метатезалар. Орынын басу немесе субституциялар. Тілдің дыбыстық құрлымындағы тарихи өзгерістер. Дыбыстардың спорадикалық өзгерістері (қысқартулар, контаминациялар, аналогия бойынша өзгерістер). Спонтандық процестер және дыбыс заңдылығы туралы ұғым.
Фонология негіздері. Фонологиялық мектептер: Москва және Санкт – Петербург (Ленинград) мектептері. Фонема туралы ұғым және оның дифференциалды, интегралды белгілері. Фонологиялық оппозициялар. Фонемалар жүйесі. Позиция – фонеманың айтылуының басты шарты. Фонеманың варианттылығы. Аллофондар.

5 дәрістің тақырыбы: Лексикология және оның салалары



  1. Лексикология және оның түрлері

  2. Сөз және оған тән белгілер

  3. Сөздердің типтері мен нұсқалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет