Лексикология – грек тілінің lexis “cөз” және logos “ілім” деген сөздерінен жасалған термин. Лексикология сөзді және сөздердің жыйынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық бірлік ретінде қарастырылады. Лексикалық бірліктердің жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады.
Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика. Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, кұбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зерттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитинті: трансформациялық тәсіл. Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.
Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым - этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.
Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.
Бақылау сұрақтары:
Тіл білімінің лексикология саласы
Лексикология салалары
№6 дәрістің тақырыбы: Тілдің сөздік құрамы
Сөздік құрам және оның дамуы
Терминдер және терминология
Тілдің сөздік құрамы немесе лексикасы төл сөздер мен басқа тілдерден енген (кірме) сөздерді де, ғылыми техникалық терминдер мен дара дара сөздің эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологизмдерді де қамтиды.
Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі - негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйытқысы.
Дамудың барысыцнда тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген (көнерген) сөздердің шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы мүмкін. Көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Өздері белгіленген заттар не құбылыстар өмірде қолданылудан қалады да, осының нәтижесінде олардың атаулары – сөздер де көнеріп, активті сөздіктен шығып қалады. Мұндай сөздер историзмдер деп аталады. Мысалы: сәукеле, қорамсақ, болыс, атқамінер, ояз, жарапазан, киіт кию, сауын айту және т.б.
Қазір де басқаша аталатын заттар мен құбылыстардың бұрынғы көнерген атаулары архаизмдер деп аталады. Мысалы, Қараша жел тоқсан мен сол бір-екі ай, қыстың басы бірі ерте, біреуі жай (Абайдан) деген сөйлемдегі қараша – қазірде октябрь деп аталатын айдың бұрынғы, ескіше аты да, желтоқсан – ноябрь айының ескіше аты (архаизм).
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады. Мысалы: космонавт, жердің жасанды спутнигі, космодром, планета аралық корабль және т.б. Неологизмдер- тың сөздер ретінде қаралады да, көнерген сөздерге (историзмдер мен архаизмдерге) қарама-қарсы құбылыс болып саналады.
Жаңадан жасалған сөздер тың екендігі аңғарылып тұрған кезінде ғана неологизмдер ретінде танылады. Уақыт озған сайын олар да әбден сіңісіп кетеді, бұрыннан бар сөздер сияқты жиі қолданылады, Үйреншікті сөздерге айналады да, неологизм болудан қалады. Демек, неологизмдер тілдегі өткінші құбылыс болып саналады.
Сөздің мағыналық жақтан даму барысында көп мағыналары бір-бірінен алшақтап,бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары басқа-басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі тіл-тілдің бәрінде де кездеседі. Орыс тіліндегі «дүние жүзі» , «әлем» деген мағынадағы мир сөзі мен «бейбітшілік» деген мағынадағы мир деген екі сөз (омонимдер) бір ғана сөздің (мир) семантикалық жақтан дамуы нәтижесінде жасалған. Қазақ тілінде «өсімдіктің тамыры» деген мағынаны білдіретін тамыр деген сөз бен «өте жақын дос» деген мағынаны білдіретін тамыр сөзі де бір сөздің әр түрлі мағыналарынан алшақтап, ақырында, әр басқа ұғымдардың атауы болуының нәтижесінде жасалған. Түркі тілдерінің бәрінде дерлік көк сөзі «аспан» дегенді және белгілі бір түсті (синий) білдіреді. Бұл екеуінің шығу тегі бір болғанмен, қазір де екі басқа мағынасы бар әр түрлі сөздер ретінде ұғынылады. Семантикалық тәсіл арқала туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек, бұл – өте баяу болатын құбылыс.
Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады да, сөз тудырудың бұл тәсілі морфологиялық тәсіл деп аталады. Морфологиялық тәсіл өз ішінде бірнеше түге бөлінеді. Мысалы, морфологиялық тәсілдің түркі тілінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл болып саналады. Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге қазақ тіліндегі әнші, етікші, таулы, қарлы, достық, белдік, білім, өнім, шегеле, тақтайла, өндір, өндіріс, өндірістік, бастық, басқару, басқарма, басшы, басшылық, бастау, бастама және т.б. сөздер енеді.
Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі арқылы күрделі-біріккен сөздер (мысалы: басқұр, отағасы, шекара, көлбақа, тасбақа, әркім және т.б.), күрделі-құрама сөздер (мысалы: асық жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, боз қырау, боз торғай, қара торғай және т.б,), күрделі-қос сөздер (мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, қас-қабақ, алыс-жақын, ұзынды-қысқалы, үлгі-өнеге, сауық-сайран, алыс-беріс, ащы-тұщы және т.б.) жасалды.
Сонымен, тілдің лексикасы сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы туынды сөздермен толығып, үздіксіз дамиды, арнасы кеңейіп байиды.
Тілдің сөздік құрамы басқа тілдерден енген кірме сөздермен де толығып, байып отырады.
№7 дәрістің тақырыбы: Лексикография
Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік
Түсіндірме сөздіктер
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ңылыми әдістері дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдары жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексиграфияның теориясы мен іс – тәжірибесін жете білуді қажет етеді. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1) Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері (современные словари) деп аталады.
2) Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік (полный словарь) деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, боның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік (неполный словарь) деп аталады. Сөздердің бұл түрін арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминелогиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б) жатқызуға болады.
3) Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4) Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет – ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер (идеологические словари) немесе ұғымцдар сөздігі (понятийный словарь).
Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік.
ІІ. Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолдануылуы жайлы мағлұмат беретін сөздікутер. Бұлардың қатарына енетіндер:
1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік.
4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік.
Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап – түсіндіруді, әдеби тілдің лексиаклық, семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 1 томы 1959 жылы, ал 2 томы 1961 жылы жарыққа шықты. Бұл «Сөздік» - қазақ тілінде түсіндірме сөздік жасаудың ең алғашқы тәжірибесі.
Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғвдан түсіндіріледі. Мұнымен бірге, онда әдеби тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы да көрсетіледі.
Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылған. Мысалы, зат. (зат есім), сын. (сын есім), ес. (есімдік), үс. (үстеу) т.б. Архаизмдер мен историзмдерден кейін осы сөздердің бірінші буынынан құралған белгілер (арх, ист) қойылған.
Сөздікке енген әрбір сөздің лексикалық мағынасы (немесе мағыналары) түсіндіріліп, оған анықтама беріледі. Сөзге берілген анықтаманың түсінікті және тұжырымды болуы көзделеді. Кейде сөзге анықтама оның синонимі арқылы беріледі. Мысалы, алыс деген сөз оның синонимдері қашық, шалғай деген сөздермен түсіндірілсе, ажарлы деген сөз көркем, әдемі, сұлу деген сөздер арқылы түсіндіріледі. Сөздің синонимі болмаған жағдайда оның мағынасы түсіндірме сөздердің тізбегі арқылы анықталады. Мысалы, етікші деген сөзге аяқ киім тігетін адам деген түрде түсіндірме анықтама беріледі.
№8 дәрістің тақырыбы: Лексикография
Аударма сөздіктер
Фразеологиялық сөздіктер
Аударма сөздіктердің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі де, екіншісінде, керісінше, ана тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады.
Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді.
Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде де жасалады. Аударма фразеологиялық сөздіктер мыналар: «Немецко-русский фразеологический словарь» (12 000 фразеологических едениц, составил Л.Э.Бинович, М,1956) А.В. Кунин, «Англо-русский фразеологический словарь» (М.,1955).
Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде де қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мәтелдерді өте - мөте қамтыған сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі. («Толковый словарь живого великорусского языка»). Түркі тілдеріндегі әртүрлі фразеологизмдер В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» (в четырех томах, СПб,1888-1917) атты сөздігінде берілген.
Фразеологиялық оралымдардың сөздікте талдану тәртібі мен тәсілін түсіндірме сөздіктердегі сөздік мақалалардан аңғаруға болады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (1 том, 1959) ат сөзінің мағыналары талданғаннан кейін, осы сөздің ұйытқы болуынан жасалған мынандай фразеологиялық оралымдар берілген:
Ат ұстар – жаңа туған ұл бала,
Ат құйрығын кесті- бір жола безді ,қол үзді
Ат шаптырым жер –бәге атының шауып келетін жерінің қашықтық мөлшері
Ат қойды- лап беріп шаба жөнелді
Ат төбеліндей –азғантай ,аумақсыз ,саны аз
Ат-салысты-жәрдемдесті ,көмектесті,
Ат үсті –бір іске қалай болса солай ,немқұрайлы қарау,селқос қарау
Ат сабылтты –атты шаршатты ,болдыртты . Адам жоғалған малды да ат сабылтып іздемеуші ме еді (Әбішев)
Ат тонын ала қашты – бойын аулаққа салды ,бір нәрсеге жуығысы келмейді,безек қақты
Ат шалдырды- жолаушының орта жолда атын тынықтыруы,тамақтандыруы
Ат шабыс – жиын тойда бәйгеге ат қосу.
№9 дәрістің тақырыбы: Грамматика
Грамматика және оның салалары
Морфема туралы ұғым
Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың керіну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы маңыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.
Морфема дегеніміз-сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық-грамматикалық мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер: аффиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін, интонация.
Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, көптік, жақ, шақ, рай етіс.
Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу. матасу, меңгеру, кабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып белінеді.
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: I) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі.
Бақылау сұрақтары:
Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы баяндаңыз
Сөйлемнің қарым-қатынас қызметіне мысалдар келтіріңіз.
№10 дәрістің тақырыбы: Грамматикалық тәсілдер
Аффиксация тәсілі
Ішкі флексия тәсілі
Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі. 1. Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады. Мысалы , -шік, -ғыш, -дыр жұрнақтары қосылып, үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөздерде лексикалық (деривациялық) мағынаны білдірсе, үйлерімізде деген сөзде -лер, -і, -міз, -де жалғаулары грамматикалық (реляциялык) мағынаны білдіреді. Аффиксация тәсілі, түркі тілдерінен басқа, үнді еуропа тілдерінде де бар. Бірақ оларда сөз басқашалау. Айталық, славян, оның ішінде орыс тілінде сөз септелгенде немесе жіктелгенде көп жағдайда түбірдің фонемалық кұрамы өзгеріп кетеді .;Мысалы: сон - сна, ходить - хожу т.б. Ал түркі тілдерінде олай емес. Түркі тілдерінде сөздердің септелуі немесе жіктелуі түбірдің фонемалық құрамын өзгертпейді. Мысалы: ұйқы—ұйқыға — ұйқыны - ұйқыдан; жүр — жүрмін — жүріңдер т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |