Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Сөздің синтетикалық формалары



бет8/34
Дата27.08.2022
өлшемі164.86 Kb.
#460058
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары аффиксация арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол - столы, ағыл. table (үстел) — tables (үстелдер). Бұл сөздердің көпше формалары аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация, инфиксация, суффиксация деген түрлері бар. Бұлар сөздің қай жерінен қосылатындығымен ерекшеленеді.
Қазақ тілінде сөздің формаларын жасайтындар — жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік). Мысалы: әке+лер+ің+нің дос+ы+мын. Жалғаулардың кейбіреулері сөз тудырушы қызмет те атқарады. Мысалы: бос+қа, теб+е+ген, жүр+е+сі+нен, еге+у, жайы+мен т.б.
Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия аркылы да жасалады. Мысалы: ағыл. man (ер, еркек) — men (ерлер, еркектер), gast (қонақ) — gaste (қонактар). Соңғы сөз әрі ішкі флексия, әрі аффиксация арқылы жасалған.
2) Сөздің аналитикалық формалары. Сөздердің аналитикалық формасы дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Мысалы: келе жатыр. Бұл — екі сөздің тіркесі емес, форма емес, бір сөздің күрделі (аналитикалык) формасы; біртұтас грамматикалық бірлік. Кел дегенде лексикалық мағына бар, келе жатыр дегенде бұл жерде дербес лексикалық мағына жоқ. Ол алдыңғы толық мағыналы дербес сөзге тіркесіп, оған осы шақта мағына үстеп тұр. Бұл жағынан жатыр көмекші етістігінің кызметі келеді, келмек, келіпті, келген дегендердегі -е+ді, -мек, -іп+ті, -ген аффикстерінің қызметтерімен бірдей. Бұл аффикстердің қызметтері де - шақтық мағына туғызу. Орыс тіліндегі будет работать (келер шақ) деген де — аналитикалық форма. Ол сөзді работать — работал (өткен шақ) - работает (осы шақ) дегендермен салыстырсақ, бұл айтқанымыз дәлелдене түседі.
Көмекші сөз өзінің грамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы) морфемаға барабар қызмет атқарады. Ал аналитикалық конструкцияның формасы атауыш сөздің (бір сөздің) формасы болып саналады. Аналитикалық конструкция лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да ажыратылмайды. Өйткені келе жатыр дегендегі осы шақтық мағына мен буду работать дегендегі келер шақтық мағына жатыр, буду көмекші етістіктерімен емес, олардың кел, работать деген атауыш сөздермен тіркесуі арқылы беріледі. Яғни грамматикалық мағына олардың тұтасқан тіркесі арқылы пайда болады және олар даяр түрған үлгі бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Сондықган да оларды тұрақты тіркестердің қатарына жатқызуға болмайды (олар аналитикалық формалар).
Аналитикалық конструкция - даяр тұрған аналитикалық (яғни даяр тұрған элемент) арқылы жасалады. Ол аналитикалық формант - көмекші сөз. Яғни дербес сөз даяр тұрған көмекші сөзді қабылдайды. Сөйтіп, аналитикалық форма жасалынады. Сөздің аналитикалық формасы бір бүтін мағынаны білдіреді.
Қорыта айтқанда: Сөз әр түрлі формаларға ие. Ол формалар грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сөз формаларының екі түрі бар: бірі - сөздердің синтетикалық формасы, екіншісі - сөздердің аналитикалық формасы.

12 дәрістің тақырыбы: Сөз таптары



  1. Сөз таптары және олардың классификациясы

  2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы

Сөз таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориялды мағыналары жағынан ажыратылады, екіншіден, олар өздеріне тән грамматикалық белгілері арқылы (көптелу, жіктелу деген сияқты) ажыратылады. Грамматикалық белгілердің өзі екі түрлі. Оның бірі — морфологиялық белгі, екіншісі — синтаксистік белгі.
Морфологиялық белгінің қатарына сөз тудыру формалары (жұрнақтар) мен сөз түрлендіру формалары (жалғаулар) енеді.
Мысалы: етік+ші, өн+ім – зат есімдер; дене+лі, тұз+ды, айт+қыш, тап+қыш — сын есімдер; таға+ла, шеге+ле, қан+а, өрт+е — етістіктер. Бұлар - сөз тудырушы аффикстер арқылы жасалған. Ол аффикстер әр сөз табына телініп, олардың грамматикалық белгісі ретінде қызмет атқарып тұр.
Ал үй+лер, қала+ға, кіші+рек, кел+ді+к, бар+са деген сөздер түрлендіруші формалар арқылы жасалғандар. Бұл сөздердегі жалғаулар да жоғарыдағы жұрнақтар сияқты бір сөз табын екінші сөз табынан ажыратуға себепші болып тұр. Мысалы, осы сөздердегі -лар, -ға жалғаулары зат есімдерге тән болса, -рек сын есімдерге тән. Ал ді+к пен -са жалғаулары етістіктерге тән. Бұлар - тиісті сөз таптарын сипаттайтын морфологиялық белгілер.
Сөйтіп, морфологиялық белгі дегеніміз - бір сөз табындағы сөзді басқа бір сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір жүйесі.
Ал синтаксистік белгі дегеніміз — белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі, яғни сөйлем мүшесі болу қызметі мен олардың басқа сөздермен тіркесу қабілеті. Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, бастауыш немесе толықтауыш қызметін атқарады. Бұл — оның жалпы категориялды мағынасы; олар - заттық, ұғымдық мағыналармен тығыз байланысты.
Сын есімдер мен сан есімдер зат есімдермен емін-еркін тіркесе алады. Бұлай болуы занды да. Өйткені сапа, сан әрқашан затқа телулі болады. Осыған орай сын есімдер мен сан есімдер анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұл жердегі бағынышты мүше - сын есімдер мен сан есімдер.
Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Олар етістіктермен тіркесіп (олардың алдында тұрып), іс-әрекетін қимыл-сынын, мезгілін, мекенін, күйін білдіреді.
Етістіктердің негізгі қызметі — сөйлемде баяндауыш болу. Ол бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
Бұл айтылғандарға қарап, зат есім тек бастауыш пен толықтауыш, сын есім мен сан есім — анықтауыш, үстеу - пысықтауыш, етістік — баяндауыш болудан басқа ешқандай сөйлем мүшелері бола алмайды екен деген үғым тумасқа тиісті. Олар қолданылу ыңғайына карай сөйлемде кез келген мүше бола алады. Бірақ жоғарғылардан басқа қызмет атқаруы - оларға тән басты қызмет емес, қолданылу барысында туған, екінші қатардағы қызмет.
Қорыта айтқанда: сөз таптары дегеніміз ~ бір-бірінен 1) жалпы категориялды мағынасы, 2) морфологиялық 3) синтаксистік белгілері арқылы ажыратылатын, лексика-грамматикалық (дұрысы семантика-грамматикалық) сипатқа ие сөздер тобы екен.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи даму барысында біртіндеп жасалатындығын үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан да көрінеді. Мысалы: қазақ тілінде босқа, зорға, бірге (барыс сеп.); кейде, қапыда, бірде (жатыс сеп.) жүресінен, кенеттен, (шығыс сеп.); жайымен, ретімен (көмектес сеп.); орыс тілінде: вечером, порой, издавна, вплотную т.б. Бұлар — үстеулер. Олардың түбірлері — зат есімдер (қапы, жайы, реті), сын есімдер (бос, зор), сан есімдер (бір), есімдіктер (кей). Бұл есім сөздерге септік жалғаулары жалғаньш, пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында үстеулерге айналған. Көрсетілген үстеулердің құрамындағы жалғаулары сол сөздердің айрылмайтын бөлшегіне айналып, көнеленіп кеткен. Оларды сөздердің түбірінен бөліп алып қарастыруға болмайды. Олар түбірге сіңісіп кеткен. Сөйтіп, сөз лексикаланып, пысықтауыштық қызмет атқарып, басқа сөз табына айналған.
Қорыта келгенде, сөз таптары бірден емес, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп сараланды, дамыды. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялды мағынаға ие болады, морфологиялық жағынан тұлғаланады. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруға икемделеді.
13 дәрістің тақырыбы: Сөйлем

  1. Сөйлем және оған тән басты белгілер

  2. Сөйлемнің түрлері

Сөйлем — ең басты тілдік бірліктердің бірі. Ол - коммуникативтік қызметі бар синтаксистік бірлік. Мұндағы коммуникативтік деген сөз - "бір нәрсе жайында хабар беру" дегенді білдіреді.
Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығы бар. Мысалы, жер жыртты деген мен жер жырту дегенді салыстырып көрелік. Мұның біріншісі — сөйлем, екіншісі — сөз тіркесі. Сөйлем — бірдеме жайында хабар береді. Ал сөз тіркесі - бір нәрсені атайды. Бұл сөйлем - коммуникативтік (қарым-қатынастық) қызмет, ал сөз тіркесі— номинативтік (атауыштық) қызмет атқарады деген сөз.
Демек, сөйлемнің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады екен. - бастауыш-баяндауыштық кұрылым, яғни предикативтік
Сөйтіп, сөйлем дегеніміз — кұрылымдык үлгісі бар синтаксистік бірлік. Ол бірдеме жайында хабарлайды, коммуникативтік қызмет атқарады. Осы түрғыдан қарағанда тілімізде кездесетін Қап! Бәрекелді! Жақсы. Немене? Кеш жарық! Рахмет! Жок,- Бар. Иә. Ей, жігіттер! - деген сияқты айтылыстар (высказывание) сөйлем бола алмайды. Өйткені бұларда сөйлемдік, яғни, бастауыш- баяндауыш құрылым жоқ және олар бір нәрсе жайында хабар бермейді.
Сөйлемге тән белгілердің бірі - интонация. Өйткені кез келген сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады. Сондықтан да, сөйлем сөз бен сөз тіркесінен құрылымдық үлгісі жағынан ғана емес, интонациясы жағынан да ажыратылады.
Беретін хабардың мақсатына және құрылымына қарай сөйлемдер екі топқа бөлінеді. Оның бірі — хабарлы сөйлемдер екіншісі — сұраулы сөйлемдер.
Хабарлы сөйлем бір нәрсені хабарлау үшін жұмсалып, хабарлау интонациясымен айтылады. Мысалы: Балалар Алматыдан шықты Ал сұраулы сөйлем бірдеме жайында хабар алу үшін жұмсалып, сұрау интонациясымен айтылады немесе сұрау есімдіктері (кім? не?) мен сұраулық демеуліктердің (ма/ме) бірі енгізілу арқылы жасалынады, Мысалы: Кімдер Алматыдан шықты? Балалар қайдан шықты? Немесе: Балалар Алматыдан шықты ма?
Хабарлы сөйлем де, сұраулы сөйлем де интонациялық тәсілдер арқылы лепті сөйлемге айналуы мүмкін.
Мұндайда лепті сөйлем эмоциялы-экспрессивті қасиетке ие болады да, адамның көңіл кұйіне байланысты жайларды, мысалы, қуану, шаттану, шошу, күдіктену, еркелету т.б. білдіреді. Ол үшін сөйлемде арнаулы модаль сөздер мен одағай сөздер де пайдаланылады. Мысалы: Бәрекелді (айналайындар-ай), балалар Алматыдан шығыпты ғой (шықты дей ме?)!
Сөйлемдер өзін құрастырушы сыңарлардың (компоненттердің) сипатына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топка бөлінеді. Жай сөйлем 2-3 сөз тіркестерінен жасалса, құрмалас сөйлем екі не үш жай сөйлемнен жасалады.
Құрмалас сөйлем сыңарларының арасындағы байланыс салалас байланыс және сабақтас байланыс түрінде болуы мүмкін. Осыған орай құрмалас сейлемдер 1) салалас құрмалас сөйлем, 2) сабақтас құрмалас сөйлем және 3) аралас құрмалас сөйлем болып, үш топка бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем деп - құрастырушы сыңарлары байланысқан сөйлемді айтамыз. Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы сыңарларының бірі екіншісіне бағына байланысқан сөйлемді айтамыз. Ал аралас кұрмалас сөйлем деп - құрмаластың құрамындағы үш (не төрт) сөйлемнің бірі екіншісімен , ал екіншісі үшіншісімен сабақтаса байланысқан кұрмалас сөйлемді айтамыз.

14 дәрістің тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері


1. Жазу және жазба тіл.
2. Алфавит. Графика. Орфография.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың түрлері: шумер жазуы. көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жазуы, кункумжазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, усарит жазуы, арамен жазуы, манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.
Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген. Осыған орай жазудың мынандай түрлері бар екендігін айтқымыз келеді: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит деп аталады.
Графика-белгіді бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе белгілеу тәсілдерінің жиынтығы. Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді. Қазіргі уақытта дұрыс жазу үшін 2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке сүйенеміз.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жазудың тарихы

  2. Көне жазу мен қазіргі жазудың практикалық, теориялық мәні

  3. Жазудың түрлеріне мысалдар келтіріңіз

15 дәрістің тақырыбы: Тілдердің классификациясы

  1. Тілдердің геналогиялық классификациясы

  2. Тілдердің типологиялық (морфологиялық) классификациясы

Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері деп халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялык классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин — шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген - бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады. Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.
Ареалдық топтастыру - географиялық яғни, территориялык,
орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданылабермейді. Бұл тек диалектология, ареалдық лингвистикада сөз болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Дүниежүзі тілдері

  2. Дүниежүзі тілдерінің топтастырылуы

  3. Ареалдық топтастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет