Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флексия тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі "жазу" деген сөз - ktb деген дауыссыз дыбыстардан құралады . Осы түбірді ktb деп өзгертсек, ол "жазып отырушы", кітап", kutub - "кітаптар", каtава — "жазды", aktub — "мен жаздым ", uktub — "сен жаз". Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз.
Ішкі флексия - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы - жалғау қосылу. Ішкі флексия неміс (mutter - шеше, mutter— шешелер), ағылшын (foot — аяқ, feet - аяқтар), орыс называть - назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать (сов.) — убрать (несов.), посылать - послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады.
№11 дәрістің тақырыбы: Грамматикалық форма
Грамматикалық форма және сөз формалары жайында түсінік.
Сөздің синтетикалық формалары.
Сөздің аналитикалық формалары.
Тілдегі грамматикалық мағыналар грамматикалық формалар арқылы беріледі. Мысалы, "бірінші жақ формасы", "нақ осы шақ формасы", "шығыс септік формасы" дейміз. Олар жактық, шақтық,септік мағыналарын береді. Сөз қаншама формада қолданылса да, ол әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Мысалы: ағаш+тың, ағаш+ты, ағаш+та, ағаш+тан, ағаш+пен т.б. Бұл жерде алты форма, бір-ақ сөз бар. Сөз формалары деп - сөздің лексикалық мағынасына қосымша грамматикалық мағыналарды жамайтын формаларды ғана айтамыз.
Бұл тұрғыдан жазу (писать), жазушы (писатель) дегендер бір сөздің формалары болып саналмайды, өйткені жазу - іс әрекетті көрсетсе, жазушы - жазуға бейім, жаза алатын адамды көрсетеді. Ал жақсы - жақсылық, келді — келеді — келсе десек, бұлар – грамматикалық формалар. Форма, әдетте, белгілі бір мағынаны білдіреді, мағынасыз форма жоқ. Ендеше, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын — грамматикалық формалар деп атаймыз. Мысалы ек, ексін, егейік - бұлар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары. Ал ек, егінші, егіс - дегеңдер ек түбірінен жасалған әр қилы сөздер. Өйткені соңғылар әр басқа лексикалық мағыналарды білдіріп тұр. Формалардың ішінде біреуі негізгі, ал қалғандары туынды болады. Мысалы, атау септік - негізгі форма, қалған - туынды формалар. Туыңды формалар негізгі формалардан жасалады. Екінші жақ бұйрық рай формасы (жаз) — негізгі форма, ал ашық рай (жазды), шартты рай (жазса), қалау райы (жаз+ғы+м келеді) — туынды формалар.
Сөз формаларының екі түрі бар: 1) синтетикалық формалар, 2)аналитикалық формалар.
Достарыңызбен бөлісу: |