Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»



бет14/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
автореферат

ҚОРЫТЫНДЫ



  1. Отандық және шетелдік дерекқор көздерінен психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден мектеп бағдарламасында логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін қолданудың жағдайлары зерделеніп, талдау жасалынды.

  2. Жалпы білім беру мектептеріндегі пән мұғалімдерінің қолданбалы биология курстарының оқу бағдарламасында логикалық есептерді шығару арқылы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі зерттелді.

  3. Оқу үрдісінде мұғалімнің биология курсы бойынша оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін қолдану тәжірибесі оқушылардың білім деңгейлерін көтеретіндігі анықталып нақтыланды. Нақтырақ айтсак, зерттеу жұмысының нәтижесінде биология пәнін оқытудың инновациялық әдістерінің көмегімен логикалық есептерді қолдану бақылау тобына қарағанда тәжірибелік топтарда оқу үлгерімнің орташа балы – 4,25 - 4,33, яғни 10 - 13% -ға артты.

Сонымен қатар, математикалық есептерді шешуде химия және биология мамандығы бар пән мұғалімдерімен салыстырғанда, тек биология мамандығын бітірген пән мұғалімдеріне қиын соққандығын әріптестері математика пәніне жүгінгендігінен көрінді [52, р.41]. Зерттеу деректеріне сәйкес, химия және биология мамандығын бітірген мұғалімдерінен гөрі тек биологияны тәмамдаған мамандарға есептерді шешуде қиын соғатындығы анықталып, биолог мұғалімдерінің математикалық сауаттылық білім деңгейі қазіргі уақытқа дейін өзекті мәселе екендігінің дәлелі болып отыр.
Алғаш рет жалпы білім беру бағдарламасында биологияның жекеленген бөлімдері қамтылған жаңадан логикалық есептер құрастырылып, «Биологиядан логикалық есептер» элективті курс ретінде «Түркістан қаласы білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Биология пәні бойынша логикалық есептер" мектеп бағдарламасына (01.02.2021 ж.) және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ, "Биология ғылымдары" кафедрасындағы «Жасуша биологиясы және молекулалық биологиядан логикалық есептер» «Клеткалық және молекулалық биология» пәніне қосымша ретінде (02.04.2021 ж.) енгізілді.
Мектеп бағдарламасында биологиядан алған білімдерін тек қана теория жүзінде емес, күнделікті өмір жағдайында қоршаған орта мен ағзалар арасындағы байланысты түсіну үшін логикалық және математикалық есептер арқылы түсіндіру білімді тереңірек ұғынуға көмектеседі. ҰБТ емтихандарына ұтымды жауап беру үшін және де болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, биологияның жекеленген саласының логикалық ойлауды дамыту мақсатында логикалық және математикалық есептер жиынтығы және оларды шешу жолдары қарастырылған оқу құралы ретінде шығарылып, қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін қалыптастыруға ықпал етеді
Мектепте қолданбалы биологиядан элективті курсын мектеп бағдарламасына енгізумен қатар, теориялық білімді бекіту мақсатында логикалық есептер жиынтығы мектеп оқушылары мен пән мұғалімдеріне, ЖОО болашақ биолог мамандарына биологиядан сабақ беру кезінде қолдануда көмекші құрал болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет