Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»


Зерттеу материалдары мен әдістері



бет16/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
автореферат

Зерттеу материалдары мен әдістері: Ғылыми жұмыс зерттелетін мәселенің педагогикалық бағытына негізделді. жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен материалдары:
1. Теориялық. Отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік көздерінен логикалық ойлау және математикалық биология бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалды).
2. Эмпирикалық (бақылау, логикалық есептер шығару, сұхбат және т.б.). Биология саласындағы ғалымдардың еңбектері (Ленинджер А., 1985; Уилсон Дж., Хант Т., 1994; Северин Е.С., 2005; Соколовская Б.Х., 1991; Антипов Е.В., 2012 және т.б.) негізінде құрастырылған қиындық дәрежелері әр түрлі, бірнеше есептердің шығару жолдарымен берілді.
3. Статистикалық (математикалық тәсілмен алынған нәтижелер өңделіп, графиктер мен диаграмма жасалып, есептеулер жүргізілді). биология пәнінен логикалық есептердің оқушылардың білім деңгейіне қалай әсер ететіндігі анықталды.
Оқытудың инновациялық технологиясы көмегімен интеграциялық оқыту үрдісінде оқушылардың жасуша биологиясы, өсімдіктану, жануартану, адам анатомиясы және физиологиясы, генетика және селекция негіздері, молекулалық биология және биохимия, экология тараулары бойынша негізгі ұғымдарды меңгеру дәрежесіне талдау жасалынды.
Зерттеу нәтижелері:
1. Әдістемелік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерден мектеп бағдарламасында логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін қолданудың жағдайлары туралы ақпарат жинақталды.
2. Мектепте қолданбалы бағыттағы биологияның жекеленген бөлімдерін оқытуда логикалық есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейлерін көтеретіндігі анықталып, нақтыланды.
3. Оқытудың инновациялық әдістерінің көмегімен логикалық есептер шығару арқылы қолданбалы биологиялық білімді қалыптастыру тәжірибесінің нәтижесінде оқу үлгерімдерін жақсартатындығы айқындалды.
4. Жалпы білім беру бағдарламасында «Жасуша биологиясы», «Өсімдіктану», «Жануартану», «Адам анатомиясы мен физиологиясы», «Генетика және селекция негіздері, «Молекулалық биология және биохимия», «Эволюция», «Экология негіздері», «Биотехнология, биомедицина» бөлімдері бойынша логикалық есептердің жаңа түрлері құрастырылды.
Апробация: Диссертациялық жұмыстың негізгі жағдайлары 6 жұмыс басылымнан шығып жарияланды: Астана медициналық журналында (2020); Наука, образование, инновации: актуальные вопросы и современные аспекты сборник статей IV междунар. научно-практ. конф. Пенза: Пенза МЦНС «Наука и просвещение» (2020); Қазақстанның ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми журналы" педагогика сериясы. (2020); Достижения вузовской науки 2021. XVII Междунар. научно-исслед. конкурс, Пенза: Пенза МЦНС «Наука и просвещение». (2021); ҚазҰУ хабаршысы. педагогикалық ғылымдар сериясы. (2021), «Заманауи ғылыми зерттеулер: Өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновация» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясының материалдары. Түркістан (2021).
Ендіру дәрежесі: Зерттеу жұмысының нәтижелері «Түркістан қаласы білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Биология пәні бойынша логикалық есептер" элективті курсы (01.02.2021 ж) және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ, "Биология ғылымдары" кафедрасындағы «Жасуша биологиясы және молекулалық биологиядан логикалық есептер» «Клеткалық және молекулалық биология» пәніне (02.04.2021) енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет