Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»



бет2/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
автореферат

кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында» - деп атап көрсетті [1].
Осыған орай, қазіргі таңда адамдар және қоршаған ортамен байланысты болып жатқан әлемдегі өзекті мәселелердің шешімін табу биолог ғалымдарға тіреліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тыңғылықты жүргізілуін талап етуде. Сонымен қатар, оқушыларда биологиялық білімді жетілдірудің инновациялық әдістерін психологиялық, педагогикалық және әдістемелік бағыттағы ғалымдар жан-жақты зерттеу үстінде.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мәселесін шешуде әлемдік және отандық педагог-психологтардың (Голикова Т.В., Выготский Л.С., Халперин П.Я., Бабанский Ю.К., Гильманшина С.И., Моторыгина Н.С., Занков Л.В., Анисимова B.C., Леках В.А., Гин С.И., Әлімов А. және т. б.). еңбектері зор. Авторлар өз еңбектерінде "ақыл-ой әрекеті" ұғымының мәнін анықтауға тырысады, оқу үрдістері мен оқушының жеке басының дамуы арасындағы байланыс туралы, оқу үрдісінде ақыл-ой әрекетінің талдау-түзушілік құрамының өзгеруі туралы, оқушылардың тәуелсіз ақыл-ой жағдайларында жүйелі жаттығулар жасау қажеттілігі туралы қорытынды жасайды. Алайда, барлық жетістіктерге қарамастан, биология пәндерін оқыту әдістемесінде оқу құралдары, оқушылардың білім алу әдістері мен тәсілдерін таңдау және тағы басқалар жеткіліксіз зерттелген. Сонымен қатар, биологиядан оқушының ойлау қабілетін дамытуда мектеп бағдарламасында логикалық есептерді қолдану арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру технологиясы зерттелмеген.
Дегенмен, әдеби-деректерде жаңа білім беру ортасы жағдайында бұл тәжірибені теориялық жалпылау жеткіліксіз зерттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет