компьютерлік техникамен қамтамасыз етушіліктіктің әлемдік көрсеткішіне жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;
орта білім беру ұйымдарын ғаламтор желісіне қосу;
білім берудің барлық деңгейлерінде арақашықтықтан оқыту технологияларын дайындау және енгізу;
аймақтарда білімдік ақпараттық ресурстық орталықтарды және министірліктің білімдік порталын құру;
білімдік бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын электрондық оқулық басылымдармен жасақтау;
мемлекеттік органдардың біртұтас көліктік ортасының базасында портал мен аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру;
мониторингтің (сараптаманың) ақпараттық жүйесін енгізу;
білім беру ұйымдарын басқару және талдау.
Білім беруді ақпараттандыру –білім алушылардың интеллектуалды қабілетін күшейту және танымдық қызметін қайта құруына жағдай жасау мақсатында, микропроцессорлы техника және ақпарат тарату құралы базасында ақпараттарды жинау, өңдеу, беру және ақпаратты сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық тәжірибеге жаппай енгізу
Бұл процестің бастамашылдығы: 1) комуникативті торап, ақпарат – әдістемелік материалдар, ғылыми – педагогикалық ақпарат мәліметтерінің автоматтандырылған банкін пайдалану негізінде білім беру жүйесін басқару жетілдіру;
2) қоғамның қазіргі ақпараттану жағдайында оқушының жеке тұлға болып даму мақсатына лайық оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру түрі мен әдістері, әдіснамасы мен стратегиясын сұраптау мазмұнын толық жетілдіру;
3) білім алушылардың ақпаратты өңдеуге байланысты өздік жұмысының әр түрлері, тәжірибелік –ізденушілік қызметі, ақпарат оқу қызметін атқару, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру, білім алушының интеллектуалды әлеуетін дамытуға бағытталған оқыту әдістеме жүйесін құру;
4) білім алушының білім деңгейін компьютерлі тестілейтін диагностикалық бақылау мен бағалау әдістемелерін құру және қолдану.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
-білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
-ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
-үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
-үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.
Білімді ақпараттандырудың жағымды қырлары
білім мазмұнын іріктеу мен қалыптастыру əдістері мен технологияларын жетілдіру;