Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


· информатика мен ақпараттық технологияларға байланысты оқытудың жаңа арнайы оқу пəндері мен бағыттарын ендіріп дамыту; ·



бет11/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

· информатика мен ақпараттық технологияларға байланысты оқытудың жаңа арнайы оқу пəндері мен бағыттарын ендіріп дамыту;
· информатикаға тікелей байланысты емес дəстүрлі пəндердің көбісін оқытуға өзгеріс енгізу;
· оқыту тиімділігін оның дараландырылуы мен сараландырылуы деңгейін өсіру, қосымша мотивациялық (қызығушылық)тетіктерін пайдалану арқылы арттыру;
· оқу үдерісінде əрекеттістіктің жаңа түрлерін ұйымдастырып, оқытушы мен оқушы қызметінің мазмұны мен сипатын өзгерту;
· білім жүйесін басқарудың механизмдерін жетілдірудің елеулі мүмкіндіктерімен байытылуына əкеп тірейді.
Қоғамды ақпараттандырудың білімді ақпараттандыруға əсері
Қазіргі қоғамның өз дамуының ақпараттық дəуіріне көшуі болашақ маманның ақпараттық мəдениетінің негіздерін қалыптастыру міндетін білім жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі ретінде алға қояды.
Ақпараттық технологияларды қоғам өміріне ендірудің «білім»бағытына жататындар:
1. Ақпараттық қоғам жағдайында білімнің мазмұны мен функциясын, педагогикалық қызметтің түрлері мен əдістерін өзгерту;
2. Ақпараттық технологиялары мен ақпараттандыру құралдарының шығармашылық қабілеттілік пен кəсіби бағдарлылықты дамытуға оң əсері;
3. Ақпараттық технологиялардың тəрбиелік ықпалы;
4. Білім саласында мультимедиа-технологияларын пайдаланудың мүмкіндіктерінің пайда болуы;
5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білімді ары қарай дамыту;
6. Оқыту құралдарының электрондық моделдерін жаппай пайдалану мен дамыту;
7. Дамыта оқытуды қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде қалыптаса бастауы;
8. Қосымша білім саласына ақпараттық жəне қатынастық технологияларды ендіріу;
9. Ақпараттық қоғамда оқытудың дəстүрлі жəне инновациялық тəсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;
10. Оқу үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істеуі үшін оқытушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру;
11. Оқу орындарын басқару мен педагогикалық еңбек сапасын бағалаудың жаңа тəсілдерінің тууы;
12. Ақпараттық қоғамда білім қызметтерін жаһандандыру мен біріктіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет