Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


Мақсаты: Қарастырылатын негізгі сұрақтар



бет15/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  • Ақпараттық технологиялар ұғымы, ерекшеліктері мен түрлері

  • Ақпаратты гипермəтіндік түрге келтіру. Гипермедиа

  • Білім берудегі математикалық жəне ақпараттық модельдеу

  • Интербелсенді технологиялар

Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамадарды оқытудағы ақпараттық технологиялар


Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар – бұл ақпаратты алу жəне тасымалдау, өңдеу, сақтау, жинау алгоритмі мен əртүрлі тəсілдері, əдістерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының мағынасы білім беруді ақпараттандыру мақсатына жетуге мүмкіндік беретін барлық əдістер, тəсілдер жиынтығын қамтиды.
Ақпаратты гипермəтіндік түрге келтіру.
Гипермəтіндік жүйені компьютерлендірудің негізгі идеясы гипермəтіндік мақалаларды автоматты сақтау жəне олардың өзара ауысуын қамтамасыз етуінде.
Гипермедиа
Телеқатынастарды енгізу жəне білім беруде ақпараттық технологияны күнделікті қолдану алдыңғы қатарлы ақпараттық құралдың гипермедиа жүйесін құруға əкелді. Гиперорта немесе гипермедиа деп гипермəтін аталады, оның құрамына əртүрлі типтегі ақпаратты құрылымдау кіреді.
Білім берудегі математикалық жəне ақпараттық модельдеу
Білім беруді ақпараттандыруға айтарлықтай үлес қосатын ақпараттық технологиялардың бірі – ақпараттық үлгілеу технологиясы.
Үлгілерді құру жəне зерттеу:
· нақты нысандар мен үдерістер сипаттамасын жақсарту жəне анықтау;
· құбылыстар мəнін түсіну жəне оларды басқару мен өңдеуге үйрену дағдысы;
· жаңаны құрастыру немесе ескі нысандарды модернизациялау;
· негізделген жəне ойластырылған шешімдерді қабылдау;
· өз іс-əрекетінің салдарын көре білу;
· үлгінің негізінде нысан туралы жаңа ақпаратты алу;
· нысан туралы ақпаратты кіріктіру жəне жүйелеу;
· үлгілеу нысаны туралы ақпаратты сақтау жəне тасымалдау үшін қажет.
Үлгілеу қоршаған əлемді, табиғат пен қоғам ағымындағы ақпараттық үдерістерді тану əдісін білдіреді.
Интербелсенді технологиялар
Əрбір ақпараттық-қатынастық технологиялар нақты құралымен сұхбатты ұйымдастыру екі негізгі қызметті атқарады: компьютерлік программаны басқаруға арналған сұхбат жəне оқушыларды оқыту барысында пəн терминдері аймағында ұйымдастырылған сұхбат. Мұнда қолданушы интерфейсін ұйымдастыру оқушылардың Ақпараттық-қатынастық технологиялар оқу құралдарымен сұхбатының көрінетін ішкі жағын бейнелейді.
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамадарды оқытудағы ақпараттық технологиялар
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын құру жəне енгізу мүмкіндігі – шектеулі оқушыларды кіріктіре оқытуды ұйымдастырудың негізгі мəселесі. Мұндай құралдарды мүгедектерге қолданудың қазіргі отандық жəне шетелдік əдіснамасы бұл азаматтар категориясының негізгі шектелуі коммуникация жəне ақпаратқа қолжетімділік деңгейінің төмендігі болып табылады. Ақпараттандыру құралдары тосқауылсыз білім беру ортасын құруда маңызды рөл атқарып, мүгедек-оқушыларды оқыту жəне реабилитациялаудың технологиялық қорын келесі технологиялармен толықтырады:
- компьютерлік жəне телекомуникациялық технологиялар;
- проблемалық бағыттағы технологиялар;
- «гувернерлік» оқыту технологиялары;
- ақпаратты графикалық, матрицалық жəне стенографикалық түрде қысымдау технологиялары;
- тотальдық дербестендіру технологиялары.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытуды ақпараттандыру құралдарын құруда пайдаланылатын Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын бейімдік (бейімдік, коррелятивтік бейімдік, компенциялық бейімдік) жəне интегралдық интерфейстік деп бөлуге болады.

Дәріс 6: ТЕЛЕҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет