Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет43/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Қорытынды бағалау критерийлері
«А» (өте жақсы) деген баға, магистрант семестр барысында пәннің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша өте жақсы білім көрсеткен, сонымен қатар, өздік жұмыс тақырыптары бойынша жиі аралық білімін тапсырған, оқылатын пән бойынша негізгі бағдарлама бойынша теориялық және қолданбалы сұрақтарды оқуда дербестік көрсете білген жағдайда қойылады.
«А-» (өте жақсы) деген баға негізгі заңдар мен процестерді, ұғымдарды, пәннің теориялық сұрақтарын жалпылауға қабілетін өте жақсы меңгеруін, аудиториялық және дербес жұмыс бойынша аралық тапсырмалардың жиі тапсырылуын болжайды.
«В+» (жақсы) деген баға, магистрант пәннің сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды көбінесе «өте жақсы» және кейбіреулерін «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.
«В» (жақсы) деген баға, магистрант, пәннің нақты тақырыбының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды уақытында «өте жақсы» және «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.
«В-» (жақсы) деген баға магистрантке, егер ол аудиториялық қалай болса, дәл солай СӨЖ тақырыптары бойынша пәннің теориялық және қолданбалы сұрақтарына жақсы бағытталады, бірақ семестрде аралық тапсырмаларды жиі тапсыратын және пән бойынша семестрлік тапсырмаларды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болған жағдайда қойылады.
«С+» (жақсы) деген баға магистрантке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «жақсы» және «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.
«С» (қанағаттанарлық) деген баға магистрантке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.
«С-» (қанағаттанарлық) деген баға магистрантке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша жалпы мағлұматтандырылған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.
«D+» (қанағаттанарлық) деген баға магистрантке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.
«D» (қанағаттанарлық) деген баға магистрантке, егер ол семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және аудиториялық сабақтар мен СӨЖ бойынша білімі төмен, сондай-ақ, сабақтар босатқан жағдайда қойылады.
«FХ» (қанағаттанарлықсыз) деген баға магистрант, СӨЖ және сабақтардың түрлері бойынша теориялық және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтарға жиі қатыспайтын және уақытында семестрлік тапсырмаларды тапсырмайтын жағдайда қойылады.
«F» (қанағаттанарлықсыз) деген баға магистрант, СӨЖ және сабақтардың түрлері бойынша теориялық және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтардың жартысынан көп қалатын және семестрлік тапсырмаларды ұсынбаған жағдайда қойылады.
Қазіргі өмірді цифрлық технологиясыз елестету қиын. Бұл технологиялар қолданыс таппаған сала қазір өте аз. Ел экономикасын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі күн санап өсіп келеді.
Цифрлық технологияларды енгізу өмірді мейлінше қолайлы етуде, мысалы, қарапайым азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтерге оңай қол жеткізуде, ақпарат алмасу жеделдетілді, бизнесті жүргізуге арналған жаңа платформалар қызмет көрсетуде.
«Цифрландыру» терминінің кең мағынасы – ақпаратты цифрлық форматқа өзгертіп, экономиканың тиімділігін арттыруға, өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін экономика мен қоғамды дамытудың дүниежүзілік көрінісі.
Егер цифрландыру процесі өндірісті, бизнесті, ғылымды, әлеуметтік саланы және азаматтардың кәдімгі өмірін қамтыса; оның нәтижелері тиімді пайдаланылса; цифрландыру нәтижелерін мамандар ғана емес, қарапайым азаматтар да пайдаланса; цифрлық ақпаратты қолданушылар онымен жұмыс істеуге дағдыланған болса, онда
цифрландыруды расында да әлемдік дамудың тренді ретінде қарастыруға болады.
Компьютерлер мен ақпараттық технологиялар пайдаланылған ақпараттандыру мен компьютерлендіру кезеңінің орнына цифрландыру кезеңі келді.
Бір уақытта жасалып, шамамен бір уақытта енгізілген бірнеше технологияның дамуы арқасында бүгінгі цифрландыру үдерісі жүзеге асып отыр.
Қазіргі таңда цифрландыру – заманауи әлемнің талабы, онсыз одан әрі даму мүмкін емес. Мемлекеттік, салалық деңгейлерде, сондай-ақ жекелеген үй шаруашылықтары мен жеке азаматтарда цифрландырудың алғышарттары болуы қажет. Цифрлық экономиканың алғышарттарын жасауға ықпал ету мақсатында мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет