Аудиториялық жұмысты бағалау критерийі
Балл
|
Көрсеткіштер мазмұны
|
90-100
|
Пәннің нысанын, мақсатын, міндеттерін, ұғымдық-категориялық аппаратын білу;
ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау және таңдау, сақтау және жөнелту;
ортаны, уақытты басқара алу мүмкіндігі.
Пәннің негізгі жəне терминологиялық лексикасын, грамматиканы жəне тілдің негізгі қызметін білуі;
Кәсіби іс-әрекетте қатынасты іске асыру үшін қажетті бір шет тілінің белсенді және пассивті лексикасын пайдалануы;
Қазақ тілін мемлекеттік және орыс тілін мәдениаралық қатынас ретінде пайдалана білуі;
Өзінің көзқарасын басқаларға еркін жеткізуі, өзінің ойын, идеясын, алған əсерлерін əртүрлі құралдармен, жеткізудің маңыздылығын түсінуі;
Командада жұмыс істей алу, көз жеткізу, дәлелдеу, қорытынды жасау қабілетінің қалыптасуы;
тұлғааралық рефлексияға қабілеттілігі;.
Үрдістерді зерттеуде аналитикалық және аксиологиялық көзқарастарды бөлу біліктілігі.
өз бетінше шығармашылық іс-әрекетке дайын болуы
әлеуметтік шындықтың құбылыстары мен үдерістерін, заттарды зерттеуде жалпы ғылыми және философиялық амалдарды қолдана білу.
Өз сезімін, көрсете білу, өзіне сыни тұрғыдан қарау қабілеті, позитивті ойлауға қабілеті;
Сабақтың 90 % -на қатысуы;
ППҚ жасақтауы және тиімді пайдалануы;
Пәндік жобалар жүргізу икемділігінің жоғарылығы.
|
70-89
|
Пәннің нысанын, мақсатын, міндеттерін, ұғымдық-категориялық аппаратын білу;
АКТ саласындағы ақпараттың барлық түрімен жұмыс істей білуі;
ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау және таңдау, сақтау және жөнелту;
Ортаны, уақытты басқаруда елеусіз кемшіліктері болғанына қарамастан, икемділіктің көрінуі.
Қазақ және орыс, шет пәндік терминологияны білуі;
Кәсіби іс-әрекетте қатынаста үштілділікті жазбаша, ауызша пайдалануы;
Сабақтың 70-80 % -на қатысуы.
Оқу-тəрбие үдерісінде жəне сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-əрекетін компьютерлік жəне технологиялық тұрғыдан сүйемелдеуді қамтамасыз ете білуі;
Электрондық ресурстарды таңдауы.
|
50-69
|
пәннің нысанын, мақсатын, міндеттерін, ұғымдық-категориялық аппаратын білу;
АКТ саласындағы ақпараттың кейбір түрімен жұмыс істей білуі;
ақпаратты өз бетінше іздеу, сақтау және жөнелту;
пәнді оқытуға қажеттерді материалды іздеп табады қолдана алады, бірақ уақытты, ортаны басқаруында кемшіліктері кездеседі.
Пәннің мазмұнын қазақ тілінде біледі;
пәндік негізгі жəне терминологиялық лексиканы, грамматиканы жəне тілдің негізгі қызметін білуде қателіктер жібереді;
Кәсіби іс-әрекетте қатынасты іске асыру үшін қажетті бір шет тілін пайдалануында қателер жиі ұшырасады;
өз бетінше шығармашылық іс-әрекетті жүргізуге қиналады;
кәсіби сынға, өзіне өзі сын көзбен қарауға бейім болуы;
білімді өзара қисынды байланысқан ғылыми ұғымдардың жүйесі ретінде түсіну біліктілігі;
Сабақтың кем дегенде 60 % -на қатысуы.
Цифрлық білім ресурсын жасауда, қалыптастыруда жəне əкімшіліктендіруде қазіргі АКТ-ды пайдалану икемділігінің болуы;
Сабақ ресурстарын қолдануға тырысуы, дегенмен кемшіліктердің орын алуы.
|
26-49
|
пәннің нысанын, мақсатын, міндеттерін, ұғымдық-категориялық аппаратын білуі;
АКТ саласындағы ақпаратпен жұмыс істеуде елеулі қателіктер жібереді;
уақытты, ортаны басқаруында елеулі кемшіліктер кездеседі.
Қазақ тілінде пән мазмұнын толық білмейді;
Информатиканың негізгі жəне терминологиялық лексикасын, грамматикасын біледі, бірақ оқытуда қолдануға қиналады;
Пән бойынша үштілділік саясатын түсінеді, бірақ қолдана алмайды;
өзгенің еңбегін пайдалануға бейім;
Сабаққа 60 % -дан кем қатысуы.
|
0-25
|
Пән мазмұнын меңгермеген, әдістемелік ақпаратпен жұмыс жасай амайды.
Пәндік терминологияны қазақ, орыс, шет тілдерінде жаза, аудара алмайды;
Пән мазмұнын қазақ тілінде оқиды, бірақ тұжырым жасай алмайды;
Сабаққа қатыспауы.
|
Өзіндік жұмысты бағалау критерийлері
95-100
|
қосымша әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, талдау, жүйелеу, қолдануы;
қазақ, орыс, шет тілдік білімін еркін пайдалануы;
пәнаралық байланыстың қамтылуы; информатика, педагогика, психология, философиялық білімдерін ұштастыра алуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
бағдарламалық өнімді дайындай, пайдалана білуі;
жазбаша және ауызша жауаптардың мәдениеті;
топтағы қарым-қатынасы, ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуі;
сынды дұрыс қабылдауы, шешім шығара білуі;
|
90-94
|
қосымша әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, талдау, жүйелеу, қолдануы;
тілдік білімдерін пайдалануы;
пәнаралық байланыстың қамтылуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
бағдарламалық өнімді дайындай білуі;
жазбаша және ауызша жауаптардың мәдениеті;
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуі;
сынды дұрыс қабылдауы, шешім шығара білуі;
|
85-89
|
Қосымша әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, талдау, жүйелеу, қолдануы;
тілдік білімін (қазақ, орыс) пайдалануы;
пәнаралық байланыстың қамтылуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
бағдарламалық өнімді дайындауда елеусіз қателіктердің болуы, пайдалана білуі;
жазбаша және ауызша жауаптардың мәдениеті;
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуі;
сынды дұрыс қабылдауы, шешім шығара білуі;
|
80-84
|
қосымша әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, талдау, жүйелеу, қолдануы;
тілдік білімін (қазақ, орыс) пайдалануы;
пәнаралық байланыстың қамтылуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
бағдарламалық өнімді дайындауда елеусіз қателіктердің болуы, пайдалана білуі;
жазбаша және ауызша жауаптарда елеусіз сәйкессіздіктің байқалуы;
өзіндік және өзгелер қызметін бағалай білуі;
сынды дұрыс қабылдауы, шешім шығара білуі;
уақтылы орындалуы
|
75-79
|
қосымша әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, талдау, қолдануы, жүйелеудегі қиналыстың орын алуы;
қазақ тіліндегі пәндік білімін жеткілікті көлемде пайдалануы;
пәнаралық байланыстың қамтылуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
бағдарламалық өнімді дайындауда және қолдануда елеусіз қателіктердің болуы;
жазбаша және ауызша жауаптарда елеусіз сәйкессіздіктің байқалуы;
өзіндік және өзгелер қызметін бағалай білуі;
сынды дұрыс қабылдауы, шешім шығара білуі;
уақтылы орындалуы
|
70-74
|
негізгі әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, қолдануы, талдау мен жүйелеудегі қиналыстың орын алуы;
қазақ тіліндегі пәндік білімін жеткілікті көлемде пайдалануы;
пәнаралық байланыстың жеткілікті көлемде ғана қамтылуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
бағдарламалық өнімді қолдануда елеусіз қателіктердің болуы;
жазбаша және ауызша жауаптарда елеусіз сәйкессіздіктің байқалуы;
өзіндік және өзгелер қызметін бағалай білуі;
сынды нашар қабылдауы, дегенмен одан шешім шығара білуі;
уақтылы орындалуы
|
65-69
|
негізгі әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, алайда оларды қолдану, талдау мен жүйелеудегі қиналыстың орын алуы;
қазақ тіліндегі пәндік білімін өте тар көлемде ғана пайдалануы;
пәнаралық байланыстың жеткілікті көлемде ғана қамтылуы;
шығармашылық ізденіс икемділіктерінің болуы;
дайын бағдарламалық өнімді өңдеп, қолдануда елеулі қателіктердің болуы;
жазбаша және ауызша жауаптарда сәйкессіздіктің болуы;
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуі;
сынды дұрыс қабылдамауы;
уақтылы орындалуы
|
60-64
|
негізгі әдебиеттерден ақпаратты іздеу, жинау, алайда оларды қолдану, талдау мен жүйелеудегі қиналыстың орын алуы;
қазақ тіліндегі пәндік білімін өте тар көлемде ғана пайдалануы;
пәнаралық байланыстың өте аз көлемде қарастырылуы;
шығармашылық ізденіс икемділігінің төмендігі; дәстүрлі жағдайлармен шектелуі;
дайын бағдарламалық өнімді өңдеп, қолдануда елеулі қателіктердің болуы;
жазбаша және ауызша жауаптарда сәйкессіздіктің болуы;
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуі;
сынды дұрыс қабылдамауы;
уақыты бойынша мерзімнен кешіктірілуі
|
55-59
|
негізгі әдебиеттерден ақпаратты іздеп, жинауда оларды қолдану, талдау мен жүйелеудегі қиналыстың орын алуы;
қазақ тіліндегі пәндік білімін өте тар көлемде ғана пайдалануы;
пәнаралық байланыстың өте аз көлемде қарастырылуы;
шығармашылық ізденіс икемділігінің төмендігі; дәстүрлі жағдайлармен шектелуі;
дайын бағдарламалық өнімді өңдеусіз қолдануы;
жазбаша және ауызша жауаптарда сәйкессіздіктің болуы;
ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеуі;
уақыты бойынша мерзімнен кешіктірілуі
|
50-54
|
негізгі әдебиеттерден ақпаратты іздеп, жинауда оларды қолдану, талдау мен жүйелеудегі қиналыстың орын алуы;
қазақ тіліндегі пәндік білімін өте тар көлемде ғана пайдалануы;
пәнаралық байланыстың өте аз көлемде қарастырылуы;
шығармашылық ізденістің байқалмауы; дайын дәстүрлі жағдайларды қарастыруы;
дайын бағдарламалық өнімді өңдеусіз қолдануы;
жазбаша және ауызша жауаптарда сәйкессіздіктің болуы;
уақытты дұрыс пайдаланбауы;
|
0-49
|
Тапсырмаларды уақтылы орындамауы;
Жауапкершіліктің болмауы;
|
Достарыңызбен бөлісу: |