Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет48/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Консенсус тетігі желінің программасын қосып, желідегі тораптармен келісілетін ережелер жиынтығы. Бұл ережелер желінің мақсаты бойынша жұмыс істеуін әрі синхронды болып қалуын қамтамасыз етеді.
Консенсус хаттамасы арқылы келесі ережелерді:
• Блоктар блокчейнге қалай қосылуы керектігін;
• Блоктар қай кезде жарамды болып саналатындығын;
• Қақтығыстар қалай шешілетіндігін реттейді.
Жалпы блокчейн технологиясы 1-суретте берілген.
1-сурет.

Блокчейн түрлері
Бұл технологияда сервистер мен қосымшалардың бірнеше түрі құрылуы мүмкін болғандықтан, жеке және жария блокчейн болып бөлінеді.
Майнинг – блокчейннің екі түрі үшін де маңызды ұғым.
Блокты блокчейнге өзгерту мүмкін болмайтындай етіп бекіту процесі майнинг деп аталады.
Майнинг қалай жұмыс істейді?
Қатысушылар блокчейн-желідегі транзакция туралы жариялағанда, компьютерлер транзакция параметрлерінің негізіндегі күрделі математикалық жұмбақты шешу үшін, жарысқа түседі. Жеңімпаз компьютер транзакцияны блокчейнге бекіту туралы хабарлайды.
Егер басқа компьютерлер транзакция шеңберіндегі тауарлар бұрын қолданылмағанын растаса, ол қабылданады. Мұндай процесс, мысалы, блокчейнді қолданатын алаңда бір концерт билетін екі рет сатуға мүмкіндік бермейді. Мұндай алаңдарды құруды Citizen Ticket пен Active Ticketing стартаптары қолға алған.
Жеке блокчейн ерекше деп саналады және жеке бизнесті дамыту үшін құрылады. Бұл технологиялар жабық әрі орталықтандырылған, жасаушылары оған қолдау көрсетеді және бақылайды, корпоративтік мақсаттарға бағынады. Жеке блокчейннің қатысушысы болу үшін, белгілі бір шарттарды орындау керек. Блокчейннің көпшілік жүйелеріне кез келген адам қосылып, майнер атана алады, өйткені оларға қоғамдастықтың өзі әкімшілік етеді.
Блокчейн не үшін керек?
Қазіргі уақытта біз ақпарат беру үшін, интернетті қолданамыз. Бірақ ақша аудару туралы сөз болғанда, біз банк сияқты қаржы мекемелерінің қызметіне жүгінуге мәжбүрміз. Тіпті онлайн-төлемнің заманауи тәсілдері, әдетте, қолданушыдан банктік шотпен немесе кре-
диттік картамен жұмыс істеуді талап етеді. Блокчейн технологиясы осы делдалдарды жоюды ұсынады. Ол транзакциялардың есебін жүргізеді, тараптардың жеке тұлғасын белгілейді және келісімшарттар жасайды. Дәстүрлі түрде бұл операцияларға қаржы мекемелері мен банктер жауап береді. Оның мәні зор, өйткені бүкіл әлемде қаржылық
қызмет көрсету секторы – нарықтық капиталдандыру бойынша экономиканың ең ірі саласы. Оның шағын бөлігін блокчейн жүйесімен ауыстыру қаржы қызметтері саласындағы ауқымды өзгерістерге әкеліп, олардың тиімділігін арттырады.
Келісімшарт жасасу қаржы саласы шегінен тыс блокчейннің пайдалылығын көрсетеді. Деректер қоры тек қана құн бірліктерін (биткоин сияқты) ғана емес, сонымен қатар цифрлық ақпараттың кез келген түрін, оның ішінде программалық кодты қамтуы мүмкін.
Тараптар өз кілттерін енгізгенде, сол арқылы шартқа қол қоя отырып орындалады. Программа акциялардың баға белгілеулері, күн райы болжамы, жаңалықтардың тақырыптары және компьютер өңдеуге қабілетті кез келген басқа ақпарат сияқты сыртқы деректерді қолдана алады. Бұл технология «ақылды келісімшарт» деп аталады, ал оны
қолдану мүмкіндігі шексіз. Мысалы, «ақылды термостат» ара-тұра «ақылды электр желісімен» байланысып, энергияны қолдану туралы деректерді жіберуі мүмкін. Тұтынылған киловатт-сағаттардың белгілі шегіне жеткен кезде блокчейн олардың құнын тұтынушының шотынан электр компаниясының шотына автоматты түрде аударады,
сөйтіп, шоттарды есептеу мен тұтынушыларға жіберу процесін автоматтандырады.
Мысалдардың бірі – жылжымайтын мүлік тізілімін жасау үшін, осы технологияны қолдану. Мұндай тізілімдерді әзірлеушілер жүйе толық жұмысқа кіріскенде, нотариусқа деген қажеттілік жойылатынын мәлімдейді. Себебі жүйенің өзі – мәміленің кепілі әрі
меншік құқығын растайды. Қазіргі уақытта осындай жүйелерді құру мен жолға қою жұмыстары жүргізілуде.
Блокчейн интеллектуалды меншікті қорғау үшін де өте қолайлы.
Технология қолданушының деректерді қанша рет көргенін, бөліскенін немесе көшіргенін бақылай алады. Соның негізінде алаяқтыққа жол бермейтін дауыс беру жүйесін әзірлеу, ақпаратты таратуды қамтамасыз ету сияқты жүйелер пайда болуы мүмкін.
Блокчейннің артықшылықтары:
орталықсыздандыру: деректерді сақтаудың басты сервері жоқ. Барлық жазба жүйенің әрбір қатысушысында сақталады;
толық ашықтық: кез келген қатысушы жүйедегі транзакцияларды бақылай алады;
құпиялылық: барлық дерек шифрланған қалпында сақталады. Қолданушы транзакцияларды бақылай алады, бірақ ол әмиянның нөмірін білмесе, ақпарат алушыны немесе жіберушіні анықтай алмайды. Операцияларды жүргізу үшін, бірегей кіру кілті қажет;
сенімділік: рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізудің кез келген әрекеті алдыңғы көшірмелерге сәйкес келмегендіктен, қабылданбайды. Деректерді заңды өзгерту үшін, жүйе берген әрі растаған арнайы бірегей код қажет;
ымыраласу: жүйеге қосылатын деректерді басқа қатысушылар тексереді, олар хэшті қайта есептейді.
Қазір блокчейн қысқа уақыт ішінде транзакциялардың көп санын қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, MasterCard немесе Visa төлем жүйелері секундына 45 мыңға жуық транзакцияны өңдейді, ал биткоин небәрі жетеуін ғана орындай алады. Сондай-ақ желі компьютерлерінде сақталатын базаның салмағы күн сайын артып келеді. POW алгоритмі негізінде жұмыс істейтін желілер туралы әңгіме болған кезде электр желілеріне өте үлкен салмақ түседі. Осы күрделі есептеулер компьютерлерді көп энергия тұтынуға мәжбүрлейді. Блокчейннің әлсіздігі туралы сөз болғанда сарапшылар шабуыл ықтималдығын 51% деп көрсетеді. Басқаша айтқанда, егер желіге қатысушылар тобы есептеуіш қуаттардың 51%-ын қолына шоғырландырса, ол өзі үшін пайдалы транзакцияларды ғана растай отырып, өз мүддесінде әрекет ете алады. Алайда бұл идеяны жүзеге асыру өте қиын, себебі өте қуатты ресурстар қажет.
Блокчейн технологиясы танымал болып келеді, оны қолдану аясы тек кеңейе түседі.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайда электронды әдістемелік жүйені жасау технологиясы мен әдіснамасы (Құрманалина Ш.Х., Хамитова К.З.), болашақ мұғалімдердің зерттеу қызметіне ақпараттық технологиялардың ықпалы (Р.Ч.Бектұрғанова), ақпараттандыру жағдайында магистранттердің кәсіптік бағыттылығы мен құндылық бағдарын қалыптастыру (С.С.Тауланов, Г.Б.Ахметова, Е.В.Артықбаева); электронды оқұлықтарды құрастырудың педагогикалық принциптері (Тәжіғұлова Ә.І.), ақпараттық-оқыту ортаны, кәсіби-бағдарлау және ақпараттық-аналитикалық жүйені жасау әдістемесі (А.Ж.Арыстанова, А.А.Бейсенбаева, О.З.Иманғожина, А.Т.Шәклікова), қашықтан оқыту формасының тұжырымдамасы (Түсібаева Ж.М.); білім беруді ақпараттандыру жағдайында магистранттердің кәсіби дайындығының түрлі аспектілері (Тусельбаева Ж.А., Сагимбаева Д.Е., Нурманалиева У.Т., Бактыбаев Ж.Ш.) және т.б.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану жағдайында күтілетін нәтижелер:
-ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
-ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
-ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
-біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
-мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
-білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
-республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет