Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет49/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Электрондық үкімет.
Мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Цифрлық мемлекет», яғни электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын оңтайландыру.


Бұл бағытты іске асыру нәтижесінде «Электрондық үкімет» пайда болды.
Электрондық үкімет мемлекеттік органдардың халыққа да, бизнеске де әлеуметтік маңызды қызмет көрсетуін жеңілдетті.
egov.kz – электрондық үкімет порталы. Бұл портал мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетті. Үйде, жұмыста, интернет бар кез келген
жерде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін онлайн-режімде алуға мүмкіндік бар. Көптеген қызметке енді ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациялану арқылы қол жеткізуге болады.

Электрондық үкімет құру идеясын ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 2004 жылы айтқан болатын. Сол жылы елде оның негізгі кезеңдерін анықтайтын «Электрондық үкіметті қалыптастыру» программасы бекітілді. 2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды.

Портал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Қажетті тілді тиісті батырмалар арқылы таңдай аласың.
Өз қызметін орындайтын жанама терезелер бар. Олар:
Қызметтер – қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік береді,яғни әртүрлі анықтамалар мен құжаттар ала аласың.
Төлемдер бюджетке онлайн төлемдерді, коммуналдық қызметтерді, т.б. төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді.
Ашық үкімет 5 компоненттен тұрады. Олардың негізгі міндеті – мемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз ету, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асыру процесіне ел азаматтарын тарту.
Жеке кабинет әртүрлі мәліметтерді қарау мен қызмет нәтижесін алу үшін жеке кабинетке кіруге мүмкіндік береді.
Портал туралы – портал туралы жалпы мәліметтер.
Көмек – порталмен жұмыс істеу бойынша түрлі нұсқаулықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет