Қорытынды
Жерді есепке алу жер кадастрының құрамдас бөлігі бола отырып, халық шаруашылық есебінің бір түрі болып табылады. Жер тұрғын үйлер, өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы, көлік кәсіпорындары, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау, әскери ұйымдар мен мекемелер және т.б. орналасқан жер ретінде есептеледі.
Жерді есепке алу кезінде жерлердің сандық көрінісі мен сапалық сипаттамалары үшін натуралды өлшемдер қолданылады. Есепке алу республиканың жер қорын ұтымды пайдалану және қорғау үшін қажетті жердің саны, сапасы және экономикалық пайдаланылуы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақтауға бағытталған. Ұлттық мәселелерді шешу кезінде жерді есепке алу мемлекеттік шара ретінде әрекет етеді. Сондықтан оның міндеттерін, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін мемлекет белгілейді. Ол мыналарды белгілейді: жер есепке алу мәліметтерінің мазмұны және оны алу тәсілдері; есепке алу құжаттамасының нысандары мен мазмұны; есеп беру мерзімдері; есепке алуға жауапты органдар мен тұлғалар; жер есебінің жүргізілуін қадағалау тәртібі. Есепке алудың белгіленген тәртібі бүкіл республика бойынша міндетті болып табылады.
Жерді мемлекеттік есепке алу – бұл жердің саны мен сапасын есепке алуды қамтитын нақты жүйе. Табиғи дамуында жер санпттарының, жер учаскелері мен қожалықтарының аудандарын анықтаудың дәлдігінің артуы, жердің сапалық сипаттамаларының кеңеюі болып табылады. Есепке алу жақсы сапалы жоспарлау және картографиялық материалдар негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдаланылуына қарай жүргізіледі.
Бүкіл жер қоры әкімшілік-аумақтық бірліктер, жер және жер пайдаланушылар санаттары, жер пайдалану және жер алқаптары бойынша есепке алынады.
Жерді есепке алу оның деректерінің жекелеген аймақтар мен жер санаттары бойынша салыстырмалылығын қамтамасыз ететін бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі. Осы мақсаттарда жер учаскелері мен қожалықтарының бірыңғай жіктемесі, жерді есепке алу ақпаратын алудың, өңдеудің және топтастырудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
Мемлекеттiк жердi есепке алу объектiсi мемлекеттiк жер қоры болғандықтан, оның құрамына кiретiн барлық жерлер кiмнiң пайдалануында және иелігінде болғанына, қазiргi уақытта пайдаланылып жатқанына немесе пайдаланылмауына қарамастан есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |